
Пассивті темекі тарту: бөгденің түтінінен қанша адам қайтыс болады және ол несімен қауіпті
Пассивті темекі тарту, яғни, екіншілік темекі түтінін деммен жұту, 2023 жылы 1,66 миллион өлімнің себебі болып шықты. Темекі шегуден бас тарту күні – шылым шегудің айналадағы адамдардың денсаулығына қалай әсер ететіні туралы нағыз ойланатын уақыт. Лайқос неліктен темекі түтіні айналадағы адамдарға қауіпті, пассивті темекі тартумен қандай аурулар байланыстырылатыны және соңғы зерттеулердің не көрсеткенін талдайды.

Пассивті темекі тарту туралы сандар: 2026 жылғы зерттеудің деректері
2026 жылдың қыркүйегінде ғалымдар 1990-2023 жылдар аралығындағы 204 ел мен аумақтың деректері зерттелген зерттеуін жариялады. Олар қанша адамның бөгде біреулердің темекі түтінімен тыныс алатынын және оның денсаулыққа қалай әсер ететінін есептеді.
2023 жылы шамамен 2,71 млрд адам, соның ішінде 15 жасқа дейінгі 767 млн бала темекі түтінін жұтқан. Пассивті темекі шегуден 1,66 миллионға жуық адам қайтыс болған. Сондай-ақ адамдар мезгілсіз өлім мен мүгедектік салдарынан салауатты өмірдің 44,8 млн жылынан айырылды.
1990 жылдан бері пассивті шылымқұмарлар саны азайды, дегенмен бұл мәселе әлі де миллиардтаған адамға қатысты болып отыр. Оның кесірі бәрінен бұрын балалар мен әйелдерге қатты тиеді. Сондықтан адамдарды тек дәмханалар мен аялдамаларда ғана емес, үйде де түтіннен қорғау керек.
Неліктен пассивті темекі тарту қауіпті: ересектер мен балаларда болатын аурулар
Пассивті темекі шегу – бұл жанып тұратын темекінің түтіні мен шылымқұмардың деммен шығаратын түтінді жұту. Оның құрамында өкпеге, жүрек пен қан тамырларына ықпал ете алатын көптеген уытты және канцерогенді заттектер кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көрсетіп отырғандай, екіншілік темекі түтінінің қауіпсіз деңгейі мүлдем болмайды. Тіпті, адамның өзі темекі тартпаса да, темекімен түтінделген бөлмеде үнемі отыру аурудың пайда болу қаупін арттыра түседі.
Ересектерде пассивті темекі тартуды жүректің ишемиялық ауруымен, инсультпен, өкпе қатерлі ісігімен байланыстырады.
Балаларда бөгденің темекі түтіні төменгі тыныс жолдарының инфекцияға ұшырау қаупін арттырып, демікпе ұстамасын күшейтеді. Нәрестелер мен балалар қайда болатынын таңдамайды, сондықтан ересектер олар үшін екі есе жауапты.
Ашық терезе, желдету немесе бөлменің басқа бұрышы түтіннен қорғамайды. Бөлмеде және көлік құралында темекі шегуден толық бас тарту ғана сенімді түрде қорғайды.
Темекі тартудан шылымқұмардың өзіне болатын зияны
ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, темекі жыл сайын 7 млн астам адамның өліміне әкеліп соқтырады, соның ішінде пассивті темекі шегуден қайтыс болғандар да бар. Темекі тарту адам ағзасының барлық дерлік мүшелеріне зиян келтіреді және ерте өлімнің басты себептерінің бірі болып қалып отыр.
Оған қатерлі ісіктің әртүрлі түрлері, соның ішінде өкпенің қатерлі ісігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), инсульт және ұрықтылықтың төмендеуі байланысты болып келеді. Түтіннің құрамындағы заттектер жасушаларды зақымдайды, қабынуды үдетеді және мүшелердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Адам неғұрлым көп және ұзақ шылым шексе, қауіп те соғұрлым жоғары болады. Алайда темекі санын қысқарту да зиянды толығымен жоймайтыны рас. Темекіні тастау кез келген жаста пайдалы: уақыт өте келе бірқатар аурулардың қаупі азая түседі, ал жүрек, тамырлар мен өкпе қалпына келу мүмкіндігіне ие болады.
Бала мен жақындарды темекі түтінінен қорғаудың жолы
Темекі шегуден бас тарту – өз денсаулығыңызды да, айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғаудың ең тиімді жолы. Егер адам әзірге темекі тастауға дайын болмаса, кем дегенде, басқаларды түтіннің әсеріне ұшыратпағаны маңызды. Үйде, есігі ашық балконда немесе көліктің ішінде, тіпті, бұл кезде жаныңызда адамдар болмаса да, темекі шекпеңіз. Түтін және оның құрамдастары заттардың бетінде, жиһаздың үстінде және киімде сақталуы әбден мүмкін. Терезенің жанында немесе асханалық ауа тартқыштың астында темекі шегуді отбасы мүшелері үшін қауіпсіз деп санамағаныңыз абзал. Сонымен бірге түтін шығармайтын баламаларды, хиттерлерді қарастырып көруге болады. Олар темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді және кәдімгі темекінің түтінінен құрамы бойынша ерекшеленетін және пассивті темекі шегуді тудырмайтын аэрозольді бөледі.
2019 жылы Chemosphere журналында жарияланған зерттеу темекіні қыздыруға арналған жүйелер мен кәдімгі темекіні қолданған кезде үй ішіндегі ауа сапасын салыстырып көрді. Ғалымдар темекі шегуге қарағанда қыздыру жүйелерін қолданғанда бірқатар зиянды заттектердің, соның ішінде ацетальдегид пен ұсақ бөлшектердің концентрациясының төмен болғанын анықтады. Бұл нәтижелер темекі түтіні мен аэрозоль арасындағы айырмашылықты көрсетіп отыр.
Егер сіз әдеттен құтылуды қаласаңыз, бұл жерде жалғыз күресуге міндетті емессіз. Дәрігердің көмегіне жүгініңіз, ол сізге қажетті тәсілді таңдауға жәрдемдеседі. Мамандардың кеңесі мен никотинді алмастыратын терапия темекіден бас тартуды жеңілдете түседі және жетістікке жету мүмкіндігін арттырады.