Ультраөңделген өнімдер: зияны, жасырын қант және пайдалы рецепттер

Тұтас немесе ультраөңделген өнімдер: жасырын қант пен қоспалар денсаулыққа қалай әсер етеді

Дайын таңғы ас, газдалған сусын, шұжық, тұздықтар және түрлі тіскебасарлар уақытты үнемдейді, дегенмен олардың құрамында тұз, қант және май көп кездеседі. Егер мұндай тағам ас үлесінің басым бөлігін алып жатса, бұл денсаулыққа әсер ететіні шүбәсіз. Лайқос тұтас өнімдердің ультраөңделген түрлерінен несімен ерекшеленетінін, қанттың қайда жасырынатынын және артық күш жұмсамай-ақ пайдалы тамақтанудың жолын айтып береді.

Тұтас және ультраөңделген өнімдер: айырмашылығы неде

Тұтас өнімдер – бұл күрделі зауыттық өңдеуден өтпеген табиғи түріндегі тамақ: көкөністер, жемістер, жидектер, ет, балық, жұмыртқа, жаңғақтар, жармалар, үрмебұршақ, жасымық.

Сонымен бірге аз ғана өңделген өнімдер де бар: мұздатылған көкөністер, қант қосылмаған табиғи йогурт, сұлы жармасы, дүкеннің сүті. Оларды ұзақ уақыт сақтау және пісіруге ыңғайлы болу үшін өңдейді, алайда олардың пайдасы тұтас өнімдермен бірдей деуге болады.

Ультраөңделген өнімдер – бұл зауытта көптеген ингредиенттерден жиналатын тағам. Олардың құрамында кәдімгі асүйде кездеспейтін заттар бар: хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер, бояғыштар, қант алмастырғыштар, сондай-ақ өнімді қою немесе біркелкі ететін заттектер. Бұл тәтті газдалған сусын, чипстер, кәмпит, қоспалары бар құрғақ таңғы ас, тез дайындалатын кеспе, көптеген дайын тағамдар мен шұжықтар.

Бұл ретте өңделген тамақтың зиянды болуы міндетті емес. Мұздатылған көкөністер, консервіленген үрмебұршақ, өз шырынында пісірілген қызанақ және табиғи йогурт дұрыс тамақтану үшін аса қолайлы. Өнімнің құрамына не кіретіні және оны қаншалықты жиі жейтініңіз маңызды.

Ультраөңделген өнімдер несімен зиянды

Олардың құрамында қант, тұз және май көп, алайда жасұнық пен дәрумендер аз. Егер мұндай тамақ мәзірден көкөністерді, жемістерді, жармаларды, ет пен балықты ығыстырып тастаса, онда тамақтану бірыңғай болатыны хақ.

Оның үстіне мұндай азық-түлікті шамадан тыс көп жеп қою оңай. Олар өте калориялы, жұмсақ және дәмді болып келетіні сонша, тіпті, тоқ болсаңыз да, тағы жей бергіңіз келеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, оларды көп жейтін адамдар артық салмақтан, қант диабетінің екінші түрінен және жүрек ауруларынан жиі зардап шегеді.

Қант қайда жасырынған

Затбелгіде қант әрдайым қант деп атала бермейді. Өнімнің құрамынан глюкозаны, фруктоза немесе глюкоза-фруктоза шәрбатын, декстрозаны, мальтодекстринді, сірне және жеміс шырынының концентратын іздеңіз – осының барлығы да қант.

Әсіресе, тәтті йогурттар, сүзбе десерттері, дайын таңғы астар, тұздықтар, кетчуп, сусындар және батончиктердің құрамын мұқият оқығаныңыз абзал. Олардың дені пайдалы тіскебасар болып көрінеді, дегенмен құрамында қант аз деуге келмейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бос қанттарды шектеуді ұсынады. Бұл — тамақ пен сусындарға қосылатын қант, сондай-ақ ол бал, шәрбаттар және шырындарда кездеседі. Тұтас жемістердің ішіндегі және сүттегі қант мұнда кірмейді. Бос қанттар күніне 10%-дан аз калория беруі керек, ең дұрысы, 5%-дан аз. Егер сіз күніне шамамен 2000 ккал жесеңіз, бұл шамамен 50 г қант, ал ең абзалы, 25 г-нан аспағаны, яғни, 10 және 5 шай қасық.

Тағамдық қоспалар қауіпті ме?

Қаптамасында Е әрпі көрсетілген бояғыштар, консерванттар, дәмді күшейткіштер және басқа да қоспалар жиі қорқытатыны рас. Дегенмен олардың барлығы бірдей зиянды бола бермейді. Біреулері өнімнің ұзақ уақыт бұзылмауына көмектеседі, басқалары оның дәмі мен консистенциясын сақтайды, мәселен, йогурт немесе тұздықтың қатпарлануына жол бермейді. Қоспаға рұқсат бермес бұрын оның қауіпсіздігін тексереді және өнімге қанша мөлшерде қосуға болатынын анықтайды. Сондықтан құрамындағы Е әрпі өнімнің қауіпті екендігін білдірмейді.

Тұтас өнімдерге ауысудың жолы

Тұтас немесе ультраөңделген өнімдер: жасырын қант пен қоспалар денсаулыққа қалай әсер етеді

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.