КСРО буындарының денсаулық пен зиянды әдеттерге көзқарасы

Ұрпақ үндестігі

Саламатты өмір салты жайлы бумерлер, икстер, миллениалдар және хоумлендерлер не дейді?

Біз осы күні барынша белсенді саналатын және бұрынғы Кеңес Одағы аумағында дүниеге келген төрт ұрпақты алып, олардың өмірін, денсаулығын және зиян әдеттерге қаншалық үйір болатынын саралап көрді.


БУМЕРЛЕР

Тарихшы Уильям Штраус және экономист, демограф Нейл Хоув әзірлеген, кейін бүкіл әлемге тарап кеткен ұрпақтар теориясына сәйкес, 1943 пен 1962 жылдар аралығында дүниеге келгендерді осылай атайды. Екінші Дүниежүзілік соғыстағы жеңіс, демографиялық дүмпу, ғарышты игеру, «жылымық» кезең, қырғи-қабақ соғыс, алғашқы пластика операциялары және бала көтертпейтін дәрілер – осының бәрі бумерлердің қалыптасуына әсер етті. Салдарынан жауапкершілігі жоғары, ұйымшыл және отансүйгіш ұрпақ пайда болды.

 

Денсаулыққа деген қатынасы

 

Дәрігердің айтқаны – заң. Ақ халатты жанның қабылдауында жиі болатын ұрпақ. Медицина қызметкерлерінің барлық кеңесі мүлтіксіз орындалады, себебі олардың кәсібилігі мен Гиппократ антына деген сенім жоғары болды. Тамақты мемлекеттік стандартпен ішеді. Ал спортпен айналысу міндетті және мұны ұжым болып атқару, тіпті демалыста да жасау міндетті. Бумерлер бір-бірінің көз алдында болды, сондықтан ережелер әлеуметтің негізі саналды, басқаша айтқанда жарқын болашақ жайлы жалпыұлттық идеяны біріктіріп тұратын желімнің міндетін атқарды. Алкогольге деген көзқарас теріс болды (59 бен 72-нің антиалкоголь кампаниялары нәтижесі болған жоқ), ал темекі тарту – зиян, ескірті – тозақ пен масқара деген пікір жайылды. Бірақ бұрыс әдеттерге деген мұндай біржақты ойдың қалыптасқанына қарамастан, дәл осы бумерлер ұрпағы «мүлгіген зұлымдықпен» күресудің қиын екенін және оған бірінші кезекте жаман әдетке үйір болғандардың қарсылық танытатынын алғашқы болып (әуелі Батыста) білді. Сол себепті олар зиянды азайту концепциясын әзірлеп, оны әлемге ұсынды және адамдарға таңдау беру керек екенін айтты. Бұл концепцияны алдымен апиынға тәуелді нашақорларды емдеуде қолданады, артынша ішімдік пен темекіге қарсы күресте пайдаланылып, дұрыс тамақтанбау және қозғалыссыз өмір салтын ұстанатындарға ұсынады.

 

X ҰРПАҒЫ НЕМЕСЕ ИКСТЕР

1963 және 1981 жылдар аралығында туғандар икс саналады. КСРО-ның күйреуі, қырғи-қабақ соғыстың жалғасы, қайта құру, ЖИТС (СПИД) туралы алғашқы әңгіме, Ауғанстандағы соғыс, есірткінің кең таралуы – сөз болған бұл ұрпақтың қалыптасуына ықпал еткен дүниелер. Дәл осы икс ұрпағы жеке тұлғаның маңызы мен көзқарастардың ерекше болуына мән берді, еркіндік культін және саламатты өмір салтын қабылдамауды сәнге айналдарды. Бұл толқын стреске қарсы тұра біледі және психологиялық тұрғыдан еркін деп сипатталады. Кей психологтың тұжырымына қарағанда, ең жоғары эмоция интеллекті осы икстерге тән, себебі олар институттардың әлі құлдырамай тұрған кезін және әлеуметтің ұжымшылдық пен идеяға деген сенімі жоғалмаған дәуірдің шетін көріп қалған болатын.

 

Денсаулыққа деген қатынасы

 

«Өмір бір рет беріледі, сондықтан алкоголь, темекі және психотроп заттарға қарсы емеспіз». Жеңіл есірткіге әуес болуды икс ұрпағы алапат мәселеге айналдырып жіберді. Ішімдіктің жағдайы да сол шамалас. Бұған әлемдегі алкогольге қарсы кампаниялардың ішіндегі ең сәтсізі – Горбачевтің бастамасы мысал бола алады. Алайда бұл ретте икстердің тұңғыш болып жаппай темекі тартуға қарсы күресті бастағанын айта кету керек. Әрине, тым артық кетті және одан аса нәтиже де бола қойған жоқ. 80-жылдардың соңында Батыста талқылана бастаған зиянды азайту әдісі туралы естіген адам аз, ал бұл жайлы білетінінің өзі оны қоғамдық деңгейде болсын, мемлекеттік деңгейде болсын аса мән беріп, қарастыра қоймады. Қазір Х ұрпағы өз-өзін сезінудегі өзгерістерге назар аудара бермейді, көмек сұрауға да асықпайды, саламатты өмір салты саласындағы таптаурын ойлардан шыға алмайды не шыққысы келмейді. Дәрігерге баруды қажет деп санамайды, емханаларға сенбейді, барған күннің өзінде жекеменшік клиниканы таңдайды, себебі ол жақта ақшаны көбірек төлейді, сәй           кесінше емдеу деңгейі де жоғары-мыс. Алайда басқа емес осы икстер коронавирус жағдайында бәріне ақылмен қарады, себебі, мамандардың айтуынша, оларға егде жандарға да, бала-шағаға да қатар қарап, қамқорлық көрсету керек болды.

 

Y ҰРПАҒЫ, ОЛАРДЫ БІЗ ИГРЕКТЕР НЕМЕСЕ МИЛЛЕНИАЛДАР ДЕП ТЕ БІЛЕМІЗ

1982-2000 жылдар аралығында дүниеге келген миллениалдар КСРО-ның қирауы, бүкіл әлемдегі әскери қақтығыстар, 11.09.01 оқиғасы және цифрлы технологиялардың қарқынды дамуы кезеңінде қалыптасты. Өзін «цифрлы әлемнің байырғы тұрғыны» деп атайтын бұл ұрпақтың құндылығы ретінде перфекционизмді, тұрақтылықты, өз бетінше білім алуды, психотерапияны, саламатты өмір салтын эәне экоактивизмді атауға болады.

 

Денсаулыққа деген қатынасы

 

Психотерапевтердің көмегіне жаппай жүгініп, ментал және эмоционал жағдайына назар аударған алғашқы ұрпақ – осы миллениалдар шығар, сірә. Саламатты өмір салты бұл кезеңде күлкі шақыратын құбылыс емес, саналы түрде таңдалатын дүниеге айналды. Тоқсандардағы тоқырау мен көше тамағының кең таралуынан кейін игректер жаттығу залдарын толтырып, темір-терсек көтеріп, қандағы қант құрамына мән беретін болды. Бұл ұрпақ денсаулығын күткеннен рахат алады және қандай да бір өзгеріс болса, шара қабылдайды. Фитнеспен айналысу, алкоголь пен темекіні қысқарту секілді ойларды дамытып, насихаттауда игректтер ең үлкен үлес қосып, оң тенденцияларды жылдамдатып отыр. Алдыңғы ұрпақтарға қарағанда миллениалдар арасында ішімдікке үйірлер үлесі төмен. Олар өмір жолында алкогольмен ертерек танысады, алайда сирек және аз көлемде ішеді және сусынның сапасына мән береді. Темекіні де әдетте бұрынғылар секілді көп тартпайды. Және вейп немесе темекіні қыздыруға арналған электронды жүйе секілді балама һәм түтінсіз, зияны аздау өнімдерді таңдайды. Игректердің дәуірі – бұл әлемнің көптеген үкіметі қолдау білдірген зиянды азайту концепциясын ұстану кезеңі.

 

Z ҰРПАҒЫ, БІЗ ОЛАРДЫ ЗУМЕРЛЕР НЕМЕСЕ ХОУМЛЕНДЕРЛЕР ДЕП ТАНИМЫЗ

Бірнеше істі қатар атқару, құнттылық, техникалық және ақпараттық сауат, өз-өзін дамыту, психологиялық және дене саулығы – бұл ұрпақты ерекшелейтін қасиеттер. 2001 мен 2016 жылдар аралығында туған зумерлер бастан-аяқ цифрландыру, жаһандық жылыну, экономикалық дағдарыс, смартфондар, әлеуметтік желілер, жаппай тұтыну өнімдері және COVID-19 пандемиясы куәгері болып отыр.

 

Денсаулыққа деген қатынасы

 

Биохакингтің пайда болуы зумерлерді ең сау, ең саналы ұрпаққа айналдырады-ау, сірә. Барлық диагноз бен ем-дом бұлар гуглдатады, фитнес абонементін қалыпты деп санайды, калорияны, трансмайларды, поли- және қанықпаған майларды есептеп отыру өмірінің бір бөлігіне айналған, қандай да бір өнімді сатып аларла жапсырмасымен мұқият танысу – мастхэв. Ресурстарды саналы тұтыну, табиғатқа және жан-жануарға қамқор болу да осы қатарда. Зумерлер әзірге зиянды әдетке тәуелді болу шегіне жететін жасқа тола қойған жоқ, сондықтан қазіргі жастар ішімдік пен темекіні аз қабылдайды деп айтуға ертерек. Алайда олар үшін кәдімгі темекінің аса қажеттілік емес екенін қазірден бастап айтуға болады: хоумлендерлер шылымды ескінің қалдығы көреді және оның заманауи балама нұсқалары ұтымдырақ деген пікірде. Ал кеш ұйымдастырар алдында бұл ұрпақ сатып алынатын спиртті ішімдіктің калориясын нақтылап алады. Осының бәрін ескере келе, кезінде бумерлер ойлап тапқан зиянды азайту концепциясын зумерлер жетілдіріп, жүзеге асырады және оны мүлдем жаңа деңгейге шығарып, барлық тиісті ақпаратты әлемдегі әр адамға жеткізеді, осылайша тек өзіңнің ғана емес, өзгенің саулығына да саналы түрде қарауды сіңіре алады деген қорытындыға келуге болады.

 

Аударған Димаш Зиядин

 

Фотоколлаж yanlaurentxo

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]