Махаббатпен жасалған
Көп рет пайдалануға арналған мүшеқап адамзат пен планетаны қалай құтқарып қала алады?
Қағыс естімедіңңіз, көп рет пайдалануға болатын кондом бар. Бұл аңыз емес, сандырақ емес, тіпті кеше-бүгін ойлап табылған дүние де емес. Бұл – қауіпсіз әрі үнемді секспен қамтамасыз ететін, сонымен қатар экологиялық тұрыдан пайда беретін зат.
Көпреттік мүшеқап – бағзы заманнен жеткен «жәдігер». Интим қорғанысын әзірлеу үшін біздің кемеңгер ата-бабамыз кейде тіпті аса ерекше, алайда кәдімгідей экологиялық сипатқа ие зығыр, жібек қағаз, түрлі жануардың қуығы мен ішегі, қолтырауын терісі, тасбақаның сауыты, тіпті қас жауының ішкі ағзасы секілді дүниелерді пайдаланған екен. Мүшеқапты қолданар алдында әдетте оны зарарсыздандыратын ерітіндіге салып, жұмсартқан, сосын құрғатқан. Ал қатынастан кейін жуып алатын болған.
Интим тауарларын шығаратын заманауи өндірушілердің көпшілі экостандарттарды қатты бұзады: бірреттік мүшеқаптың «өмірі» тыс қысқа, ал оны жасау кезінде жануарларға салып сынап көреді, бұл аз десеңіз, көп жағдайда биологиялық тұрғыдан шірімейтін синтетикалық материалдардан жасалады. Кей өндіруші тауарының қандай экоіз қалдыратынына бас қатырмайтыны былай тұрсын, адам ағзасына пайдасыз түрлі заттарды қолдану арқылы тұтынушысының денсаулығына зиян да тигізіп жатады. Себебі жыныстық аурулардан, аборттан және КОК-тан (гормонал контрацептивтер) қашқан адамдарға өнімі өтіп тұр.
Бірақ адамзаттың сексуал өмірін сау әрі қауіпсіз қылуға тырысатын, сонымен қатар планетаға тиіп жатқан зиянды барынша азайтқысы келетін ұйымдар да жоқ емес. Көп рет қолдануға болатын мүшеқапты пайдалану осы бағыттағы нұсқалардың бірі болмақ.
ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР
Көпреттік өнімнің қазіргі сәтте ең кең таралған моделі – ерекше бедері бар және жыныс мүшесіне кигізілетін зат. Мұндай секс-аксессуар ер адам мүшесінің 1,5-2 сантиметрге ұзаруын, сондай-ақ жуандай түсуін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек аденоманың пайда болу қатерін азайтады, себебі жыныстық қатынас кезінде пениске вакуум массаж жасалады. Алынар әсерді ұлғайта түсу үшін көпреттік мүшеқаппен бірге түрлі шарды, бұдырлы немесе «мұртты» заттарды, сақиналарды, тіпті виброоқты да қолданады. Мұның бәрін дәріханада сатып алуға болады, ал негізінен секс-шоптарда немесе арнайы сайттарда сатылады. Ең дұрысы – өз өлшеміңізге орай арнайы тапсырыс беру.
Мұндай өнімдердің басты кемшілігі – сезімталдықты айтарлықтай төмендететіні. Дәл осы жері Bhagafarma үнді фирмасындағы мамандарды «Шива сыйы» атты жаңа нұсқадағы көпреттік мүшеқаптарды әзірлеуге итермелесе керек. Өндірушінің сендіруінше, бұл резіңке «сый» ең соңғы нано-технологиялардың көмегімен аса жұқа – бар болғаны 0,01 мм (кәдімгі мүшеқаптың қалыңдығы 0,06 мм) болатын латекстен әзірленген екен. Сондай-ақ айрықша үшөлшемді ара ұясы пішінді құрылымы бар. Орта есеппен алғанда жүз жыныстық қатынас жасауға жетеді, яғни көпке дейін бас қатырмайсыз. Алайда бұл үнді өнімін қалың ел қашан қолдана алатыны әзірге айтылған жоқ.
ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Бәрі оқулықтағыдай. Қиын ештеңесі жоқ. Көп рет қолдануға арналған мүшеқапты дәл бірреттік кондом секілді пайдаланасыз. Ең бастысы, өлшемі дұрыс келсе болды.
Тек мынаны есте сақтаңыз: кәдімгі бірреттік мүшеқаптың сыртында майы бар, ал көпреттікте жоқ. Сондықтан қосымша лубрикант пайдалануға болады. Оны ішіне де, сыртына да жағу керек. Майды талғамыңызға және кондомның қандай материалдан әзірленгеніне қарап таңдайсыз. Қоршаған ортаға залалсыз, ал жыныс саулығына ең қолайлы деген дүниенің бірі – су негізінде әзірленген лубрикант.
Және фабрикадан шыққан майларды сатып алыңыз. Өз бетіңізше әрекет етпеңіз. Вазелин, сұйық сабын, зәйтүн майы, жамағайын әжейден қалған майлы крем – мұның бәрі жыныс ағзаларын тітіркендіріп қана қоймай, мүшеқаптың өзін зақымдауы мүмкін.
ҚАЛАЙ КҮТІП ҰСТАУҒА БОЛАДЫ
Жыныстық қатынастан кейін мүшеқаптың іші-сыртын ағын судың астында мұқият жуып алу керек. Және мұны тездетіп істеңіз, себебі қатып қалған шәуетті кетіру оңай емес. Осыдан соң девайсты мирамистин немесе хлоргексидин ерітіндісімен өңдеңіз. Үнді өнімін шығарушылар өз мүшеқабының тазалауға арналған аспабымен және дозатордағы антисептик гипоаллергенді дәрі құйылған құтысымен бірге шығатынын мәлімдеген болатын.
Жақсылап тазалаған соң мүшеқапты толық кепкенше ашық қалдырыңыз. Ең соңында арнайы майын жағып, қорабына салып қою керек.
НЕНІ ЕСТЕ САҚТАУ КЕРЕК
Кез келген секс-тауарды таңдарда экологияға келетін зиянды ғана емес, өз қауіпсіздігіңізді де ойлап қойған жөн:
- шығарушы фирманың репутациясына әрдайым мән беріңіз;
- өнімнің қаптамасын мұқият қарап шығыңыз: еш жері зақымданбауға тиіс;
- сырылған, түсі оңған немесе исі болса, яғни қандай да бір күмәнді белгілер байқалса, утилизацияға жіберіңіз;
- экологиялық мүшеқапты қолдану мүмкін болмаса, өмірлік қағидаттарыңызға қанша жерден қайшы келіп тұрса да, қолда бар кез келгенін қолданыңыз.
Аударған Димаш Зиядин