Алкогольды ағзадан жылдам шығару: тексерілген әдістер мен кеңестер

Шығар жол бар

Алкоголь адам ағзасында қанша уақыт сақталады?

Ішімдік ішкен соң оны барынша жылдам өңдеуге ағзаны қалай мәжбүрлей аламыз? Мұны денсаулыққа келер зиянды мүмкіндігінше азайта отырып жасауға бола ма? Барлық көлік иелеріне және өмірінде бір рет болсын думанды кештің ертесіне басы ауырып тұрған адамдарға арналады.

АЛКОГОЛЬДІҢ ШЫҒУ УАҚЫТЫ

Алкогольдің ағзамызда қанша уақыт болатыны адамның жынысы, жасы, өмір салты, тамақтануы, ішкі мүшелердің саулығы, атап айтқанда бауыр мен асқазанның жағдайы, созылмалы аурулардың бар-жоқтығы, дәрі ішетін-ішпейтіні, тіпті көңіл-күйі секілді жеке факторларға байланысты.

 

Алкогольдің шығуына, сонымен қатар, спиртті сусынның көлемі мен күштілігі, тіскебасардың желінген-желінбегені және оның сапасы да әсер етеді. Жалпы алғанда, бұл айтарлықтай ұзақ процесс. Сыра, шарап, жеңіл коктейльдер жеңіл қорытылып, жылдамырақ шығады. Ал спирт, арақ, виски, текила секілді күшті сусындар ағзада ұзақ уақыт болады. Наркологтардың сендіруінше, орта есеппен алғанда ағзадан алкогольдің шығатын жылдамдығы сағатына 1 кг салмаққа 0,1 г спирт деп есептеледі екен. Күрделі формула, әсіресе бас ауырып тұрғанда шеше алмасың анық, сондықтан қарапайым тілмеен түсіндіруге тырысайық.

 

Сыраның шығу уақыты. Көлемі 0,5 литр болатын көбікті сусын бөтелкесі 2-2,5 сағатта толық шығып кетеді. Ал бір литрі 4,5-5 сағат сақталады.

 

Шараптың шығу уақыты. 100 мл шарап толық шығу үшін ортастатистикалық адамға 1,5 сағат қажет болады. Ал бір бөтелкеден (700 мл) ағза толық «құтылсын» десеңіз, 10,5 сағат күтесіз.

 

Арақ, виски, коньяктың шығу уақыты. 40%-тық 100 мл арақ ағзадан бір емес, 5-6 сағат бойы шығады. Виски мен коньяк жағдайында бұл көрсеткіш 10%-ға артады, себебі олардың құрамында түрлі қоспар бар. Жалпы, күшті сусындар қауіпті. Арақ немесе басқадай жоғары градусты ішімдік ішкен кезде қандағы алкоголь деңгейі екінші порциядан кейін төмендеп кетіп, үшіншіден соң күрт артуы мүмкін. Бұл күшті спиртті сусынның асқазанда реакцияға түскен соң барып қанға өтетінімен байланысты.

 

«Ағзамдағы бір цистерна спиртті сусынның шығуына қанша уақыт, сағат, күн керек?» деген сұрақтың барынша дәл әрі жылдам жауабын табуда алкоголь калькуляторы көмектесе алады.

 

Шығу жолы бар

ЕРКЕК, ӘЙЕЛ ЖӘНЕ АЛКОГОЛЬ

Қыз-келіншектер жылдам масаяды, тәуелдікке жиірек шалдығады, оның үстіне әйел ағзасынан алкоголь еркектікіне қарағанда әлдеқайда баяу шығады. Мамандар мұның бірнеше себебі бар дейді:

 

  • Қандағы спирттің концентрациясы. Бой мен дене массасы бірдей болса да, ер адамның ағзасы сұйықтық көлемінің көп, ал этанолды сіңіре алмайтын майлы тіннің азырақ болуына байланысты салыстырмалы түрлі тиімдірек жұмыс істейді.

 

  • Дегидрогеназдың бөлінуі. Бұл фермент алкогольді өңдеуге жауап береді. Бұл жерде де еркек тәні жылдамырақ әрі жақсырақ қимылдайды.

 

  • Гормондар. Етеккір алдындағы кезеңде әйел жылдам және қатты масаяды. Ал гормонал контрацевтивтерді қабылдау метаболизмді баяулатады, яғни масаюды күшейтеді.

 

АЛКОГОЛЬДІ АҒЗАДАН ЖЫЛДАМ ШЫҒАРУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Басты міндет – зиянды заттар аз уақыт ішінде ас қорыту жүйесі мен қаннан шығып кетуі үшін метаболизмді күшейту. Сондай-ақ ағзадағы су-тұз балансын, қант және қандағы оттегі деңгейін қалпына келтіру маңызды. Бұл жолда бірнеше қарапайым, уақыт тексерісінен өткен кеңестер көмектесе алады.

 

Суды көп ішу. Спиртті сусын әрдайым ағзадағы суды жоқ қылады. Себебі алкоголь денедегі су деңгейін бақылап отыруға көмектесетін және бүйрек арқылы шығатын сұйық көлемін реттейтін вазопрессин гормонының бөлінуін баяулатады. Сондықтан ағзаға жоғалтқан сұйықтықтың орнын толтыруға көмектесу керек.

 

Таза судан басқа мыналарды ішуге болады:

 

  • регидтрацияға арналған дайын қоспалап (дәріханадан «Регидрон» деп сұрауға болады),

 

 

  • бал қосылған қара немесе көк шәй,

 

  • жаңа алынған жеміс сөлі

 

  • бауық сорпасы,

 

  • тұзды сорпа.

 

Мыналардан бас тартыңыз:

 

  • кофе (жүрекке салмақ салады),

 

  • энергетиктер (бұл да сол),

 

  • спиртті сусын (жаңа дозадан соң жиналған токсиндерді шығарудың еш мәні қалмайды, бәрі қайта басталады).

 

Контрасты душ. Жылы және салқын суды әр бес-он секунд сайын кезек-кезек қосып отыру керек. Бұл қанның микроциркуляциясын жақсартады, ағзаны сергітеді және токсиндердің жылдамырақ шығуына көмектеседі.

 

Тамақ жеу. Жүрек айнып тұрса, өз-өзіңізді қинамаңыз. Ал тамақ жей аламын десеңіз, ас қорыту жүйесін «оятуға» тырысып көруге болады. Не үшін керек дейсіз бе? Кез келген алкоголь қандағы қант деңгейін төмендетіп жібереді. Спирттің концентрациясы неғұрлым жоғары болса, қант соғұрлым түсіп кетеді. Мәселен, арақ сыра немесе шарапқа қарағанда мұны төрт есе «сәттірек» атқарады. Осының салдарынан миға глюкоза жетіспейді. Ақыры адам әлсірейді, басы ауырады. Қандағы қант деңгейін жылдам қалыпқа келтіру үшін құрамында глюкоза көп жүзім, жүзім шырыны, мейіз секілді өнімдерді тұтынуға болады. Сондай-ақ көмірсуға бай азық-түлік те көмектесе алады. Сол себепті олар келер күні ес жиюға керек бас жазу мәзірінде көш бастап тұр:

 

  • бүтіндәнді наннан әзірленген тост,

 

  • көже (күріш, қарақұмық, бидай),

 

  • сұлы үлпегі,

 

  • смузи (жемістен, көкөністен немесе жапырақты көксөктен),

 

  • диеталық сорпа,

 

  • қарбыз, банан

 

  • сұйық йогурт, айран.

 

Жеңіл жаттығу. Иә, ақылға салып, байқап көрсе, спорт пен бас жазу үйлеседі. Тек бұл – салынып ішіп кетпеген, жүрегінде еш ақау жоқ жандарға арналған кеңес, өйтпеген жағдайда алай-былай боп кету әбден мүмкін. Оның үстіне «жеңіл» деген сөзді бекер жазып отырған жоқпыз. Жиырма шақырымды жүгіріп өтіп, жатып алып ауыр темір көтеруді кейінге қалдырыңыз. Одан да:

 

  • дене ширатуға арналған негізгі жаттығуларды жасаңыз,

 

  • йогамен айналысыңыз,

 

  • таза ауада серуендеп қайтыңыз (оттегі – денедегі айырбас процестерін қозғаушы күш).

 

Жаттығуға дәретхана барып, жеңіл-желпі тамақ ішіп алған соң кірісіңіз және суды көп ішуді ұмытпаңыз. Жаттығу кезінде ағза ауырғанды басатын эндорфинер дозасын бөледі. Бұл бұлшық еттегі жағымсыз сезімді және бастың мең-зең болуын басуға көмектеседі.

 

Секс. Бұл да зат алмасуды күшейтіп, эндорфин бөлетін жаттығудың бір түрі. Осының арқасында ағзаның жалпы жай-күйі де, эмоционал жағдай да жақсаруы мүмкін.

 

Аталған әдістің бәрін жеңіл бас жазу кезінде ғана қолдануға болады. Ауыр өтіп жатса, дәрігерге қаралған жөн, ол қалай емделу керек екенін айтып береді.

 

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]