Никотин: оң және теріс әсерлері

Дәрігер-патофизиолог: темекі тартудың топ-3 қайтарымсыз салдары

(Читайте интервью на русском языке здесь)

Никотин не нәрсеге оң әсер етеді? Қарапайым темекі және темекі қыздыру жүйелері арасындағы айырмашылық қандай? Темекі шегуден бас тартқысы келмейтін адамдар не істеуі керек? Шылым тартудың зиянын қалай азайтуға болады? Жаман әдеттің әрбір иесін қандай қайтарымсыз салдар күтуде? Осы және басқа да жайттар туралы дәрігер-патофизиолог Виктор Досенко әңгімелеп берді.


НИКОТИННІҢ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ӘСЕРЛЕРІ БАР

Баршамыз білетіндей, темекі – бұл органикалық заттек. Темекінің жануы барысында көптеген химиялық заттектер түзіледі – түтін және шайыр, ал жану температурасы 900–1000 градусқа дейін жоғарылайды. Температура неғұрлым жоғары болған сайын, зиянды заттардың шоғырлануы да соғұрлым арта бермек. Әрі осының барлығы да қажетті никотиннің мөлшерін алу үшін болып жатады.

 

«Біз психикалық белсенді заттек – никотинді аламыз. Оның позитивті әсерлері, сол секілді негативті әсерлері де болады. Әлбетте, негативті әсері – бұл тәуелділік. Біз оны қайта-қайта тұтынғымыз келіп тұрады… Ал егер де никотинде орталық жүйке жүйесіне ықпал ететін позитивті әсерлер бар деп айта алсақ, органикалық заттектердің жану өнімдерінде тек қана зұлымдық. Бұл жерде позитивті болатындай ешнәрсе де жоқ. Органикалық заттектердің толығымен жанбай қалуынан түзілетін ең қауіпті заттардың бірі – бензапирен болып келеді. Бұл қатерлі ісік ауруын қоздыратын алғашқы канцероген», – дейді дәрігер-патофизиолог Виктор Досенко.

 

ТЕМЕКІ ЖӘНЕ ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ АРАСЫНДА АЙЫРМАШЫЛЫҚ БАР МА?

 

Темекіні қыздыруға арналған жүйелерде (ТҚЖ) жану үдерісі және органикалық заттектердің тотығуы жоқ. ТҚЖ-да никотин бөлініп шығады да, дегенмен, жану болмайды, яғни, бензопирен бөлінбейді. «Әрі бұл мен үшін өте маңызды жайт. Яғни, ДНҚ бұзылмайтын болады. Мутациялар болмайды. Бұл құрылғылардың барлығы да ғылым саласы дамуының айтарлықтай жоғары деңгейінде пайда болған, демек, барлығын да тексеруге болатындай мүмкіндік болған. Адамдарға тұтыну үшін ұсынар алдында бәрі де тексерілген және сынақтан өткізілген еді», – деп көрсетеді Досенко.

 

ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТҚЫСЫ КЕЛМЕЙТІН АДАМДАР ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Кеңес біреу ғана – темекіден бас тарту. Дегенмен адамда никотинге деген аса жоғары дәрежедегі тәуелділік болса, әрі темекі шегуден бас тарту қолынан келмесе, онда әрдайым белгілі бір ымыраға келуге болатыны белгілі. «Темекі тастау қолыңыздан келмеді ме? Ондай болса, зиянның үлесін азайтып көрейік – темекіні сирек тартыңыз. Не болмаса зиянды төмендетуге де әбден болады. Қазіргі заманғы өркениет тап сол таңдау жасау үшін өнімдердің түр-түрін ұсынып отыр. Міне, қараңыздар, мынандай түрі бар, басқасы демекші. Ал мен болсам, нағыз өркениетті адам ретінде ең жаңасын алып көремін, өйткені оның денсаулық үшін қауіп-қатері аздау. Егер бұл маған ұнап жатса, мен алдағы уақытта дәл соны қолданатын боламын», – дейді дәрігер-патофизиолог.

 

Тағы да қайталап өтеміз, темекі тартудағы ең қауіпті нәрсе – бұл жану үдерісі. «Бұл негізінен байқалмайды. Біз оларды детекторламаймыз, әсіресе, үйреніп қалған жағдайда адам жай ғана осының барлығын деммен бірге жұтып отырады. Сондықтан осы жану өнімдерін алып тастау бойынша жұмыстар бұрыннан жүргізілген және күні бүгінге дейін жалғасып жатыр», – деп қынжылады Виктор Досенко.

 

ТЕМЕКІ ТАРТУДЫҢ АДАМ ҮШІН ТОП-3 ҚАЙТАРЫМСЫЗ САЛДАРЫ?

«Әлбетте, бұл созылмалы демікпе екені сөзсіз. СОӨА – созылмалы обструкциялық өкпе аурулары. Аталмыш СОӨА тізіміне өкпе эмфиземасы да, тыныс жеткіліксіздігінің дамуымен бірге жүретін өкпенің зақымдануы да кіреді, соңғысы өлімге әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, әрине, бұл жүрек-қан тамырларының аурулары. Әлбетте, бұл терінің де зақымдануы, әрі қартаюдың жылдамдай түсуі, бұл бүкіл адам ағзасы қартаюының жылдамдауы. Ал қартаюдың артынан тиісті аурулар басталады да, бұл өз кезегінде жер бетіндегі ең көп адамның өліміне әкелетін себеп», – деп қорытындылады патофизиолог.

 

10 жылға дейінгі өмірді қалай сақтауға болатыны туралы жоба – Plus On YouTube арнасынан Виктор Досенконың толық сұхбатын қараңыздар.

 

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]