Темекінің жасырын зияны: темекідегі 7 қауіпті химиялық элемент

Күшәла және алтын: темекіден тағы нені табуға болады?

«Шылым» деген кезде әдетте біз темекі немесе никотинді ойға аламыз. Алайда бұдан бөлек шылымқұмар 7 мыңнан астам басқа да алуан түрлі химиялық қосылыстарға ие болады екен, әрі олардың кейбіреулерін кездестіруді мүлдем күтпейсің, мысалы, алтынды! Біз темекінің ұшында өмір сүретін 7 химиялық элементті жинадық (олар тіптен болмағанда жақсы болар еді).

  1. Канцерогенді шайыр — бұл темекі жанған кезде түзілетін жабысқақ субстанция. Кәдімгі өмірде шайыр — нағыз пайдалы зат, әрі одан жол мен шатыр жабындарын жасайды. Алайда темекінің құрамында ол өкпенің қатерлі ісігі, эмфизема және бронхитті қоздырады.
  2. Уландырғыш газ — автомобильдің құбырынан шығатын дәл сол газ. Ол тыныс алу мүшелерінің, жүректің жұмысын бұзады, әрі бастың ауырсынуы, жүрек айнуы, терінің қуқылдығы мен солғындығын тудыруы мүмкін.
  3. Күшәла — жасыл түсті уландырғыш шала металл, көбінесе оның көмегімен үйдегі паразиттерден құтылады. Ол қатерлі ісікті, жүйке жүйесінің, өкпе және асқазан-ішек жолының жұмысында бұзылыстарды тудыруы ықтимал.
  4. Көгертетін қышқыл — ащы иісі бар улы газ, онсыз пластмасса мен кейбір дәрі-дәрмектерді өндіре алмайсыз. Әрі ол оттегінің жетіспеуін, жүйке, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйелерінің бұзылыстарын тудырады.
  5. Бензол — жанармайдың иісі бар түссіз сұйықтық. Пластмасса, резеңке және бояулар өндірісінің негізі болып келеді. Лейкемия, қатерлі ісіктің басқа да түрлері мен анемияны қоздырады.
  6. Полоний — радиобелсенді күміс түсті металл, медицина саласында және ядролық бомбаларды (дәл солай) жасауда қолданылады. Қан мен тыныс алу мүшелерінің ауруларын тудырады.
  7. Басқа металдар – олардың бір темекідегі мөлшері келесідей мкг дейін жетуі мүмкін: калий — 70, мырыш — 0,36, қорғасын — 0,24, алюминий — 0,22, мыс — 0,19, кадмий — 0,121, хром — 0,0014, алтын — 0,00002. Адам ағзасының барлық жүйелерін ластайды. Олардың кейбіреулері адам үшін өте уытты.

Темекінің құрамы

Мұндай коктейльден аулақ болудың жолы қандай?

Темекіден біржолата бас тарту арқылы оны мүлдем тұтынбаған абзал. Дегенмен егер адам осындай кенет қадамдарға дайын болмаса, онда темекіні түтін шығармайтын баламалар — темекіні қыздыру жүйелері, сағыздар, жабыстырғыштар секілді нұсқалармен алмастыру арқасында зиянды төмендетіп көруге болады. Бұл өнімдер жану үдерісі мен түтіннің түзілуіне жол бермейді, ал түтін — темекіден болатын зиянның негізгі себебі. Олардың құрамында никотин бар, сонымен бірге залалы анағұрлым азырақ болып келеді. Алайда айта кетерлік маңызды бір жайт, оларды мүлдем зиянсыз деуге болмайды.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]