Хиттерлердің қауіпсіздігі — ғылым не дейді? - Лайқос

Хиттерлердің қауіпсіздігі — ғылым не дейді?

2027 жылға қарай хиттерлер сатылымының әлемдік көлемі шамамен 68 миллиард долларға (бұл өте көп) дейін жететіндігі болжануда. Шылымқұмарлар түтін шығармайтын балама нұсқаларды әлдеқайда қауіпсіз деп санайды және оларға жаппай көшіп отыр. Бұл шын мәнісінде солай ма? Хиттерлердің зиянын Швеция, Жапония және АҚШ ғалымдарымен бірге қарастырайық.

Хиттерлер қалай жұмыс істейді

Хиттерлер — бұл темекі бұйымдарының салыстырмалы түрдегі жаңа санаты. Бұл құрылғылардың жұмыс қағидаты олардың темекіні 350 °C дейін ғана қыздыратындығында жатыр. Бұл тәсілдің ең негізгі артықшылықтарының бірі – түтінсіздік, өйткені нақ осы түтіннің салдарынан кәдімгі темекі осыншама зиянды болып саналады: мұнда 6000 астам уытты заттектер бар, соның ішінде 69 заттек — канцероген, әрі бұл қатерлі ісікті тудырады.

СНТ мен темекіні салыстыру

Зиянды қоспалардың құрамы

  • Зерттеулер көрсеткендей: кәдімгі темекінің түтінімен салыстырғанда хиттерлер шығаратын аэрозолінің құрамындағы никотиннің мөлшері айтарлықтай төмен келеді екен. Бұл пайдаланушыларының никотинге деген тәуелділігін төмендетуге және айналадағы адамдарға келтірілетін түтіннің зиянын азайтуға көмектесе алады.
  • Дәстүрлі темекінің түтінімен салыстырғанда хиттерлердің аэрозолінде формальдегид, көмірқышқыл газы және хош иісті амин қышқылдары секілді уытты заттектердің деңгейлері айтарлықтай төмен. Алайда хиттерлерде қолданылатын стиктерде глицерин және пропиленгликоль бар, әрі бұл қосымша зерттеулердің жүргізілуін қажет етеді. Болашақта технологиялар осы компоненттерді азайтуға немесе оларды алып тастауға көмектесуі бек мүмкін, осылайша хиттерлердің зияны төмендейді.

Өкпеге тигізетін салдары

  • Хиттерлерге ауысқан шылымқұмарларда иммундық жүйеде маңызды рөл атқаратын лейкоциттердің деңгейі әжептеуір төмендегені байқалған. Бұл жасушалардың шамадан тыс деңгейі өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупімен байланысты.
  • Хиттерлерге ауысу нәтижесінде өкпенің созылмалы аурулары бар адамдар тыныс алу жұмысының жақсарғаны, спортпен шұғылдану жеңілірек болғанын айтып, жалпы аталмыш дерттің асқыну жиілігінің төмендегені байқалды.

Жүрекке тигізетін салдары

  • Хиттерлер аэрозолінің әрекет етуі жүрек пен қан тамырларға теріс әсерін тигізуі мүмкін. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, хиттерлер пайдаланушыларында жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы, күретамырлық қысымның көтерілуі және артериялардың қаттылығы секілді салдар пайда болуы ықтимал. Дегенмен бұл салдар дәстүрлі темекіні тұтынудан болатын нәтижелерден асып түспейді.
  • Кәдімгі темекіні хиттерлерге алмастырғандарда «жақсы» холестериннің деңгейі ұлғая түсіп, ал қабыну көрсеткіштері төмендеген болатын, демек бұл атеросклероздың даму қаупін әлдеқайда азайтумен қатар жалпы жүректің денсаулығына жағымды әсер етеді.

 

СНТ мен темекіні салыстыру

Хиттерлерге ауысудың қажеті бар ма?

Денсаулықты сақтап қалу үшін темекі шегуден біржолата бас тартқан әлдеқайда жақсырақ. Алайда егер бұл қиынға соқса, онда хиттерлерге немесе басқа да түтін шығармайтын балама нұсқаларға назар аударғаныңыз жөн. Бастысы, мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: балама нұсқалардың ешқайсысы да толықтай қауіпсіз болып саналмайды. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 2 Average: 4]