Кететін уақыт болды: негізгі белгілер және айырылысу кезеңін аман өткерудің жолы
Қарым-қатынастарында түйткілдерге тап болатын көптеген жұптар мынадай бір кеңесті жиі еститіндері шүбәсіз: «Егер қиналсаңыз, кетіп қалыңыз». Алайда бәрі де әрдайым осыншама оңай бола бермейтіні хақ. Адам – көп қырлы және қайшылықты мінезді тіршілік иесі. Бұл мақалада біз тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Юлия Антоновамен бірге осы бір күрделі сұрақты талдайтын боламыз.
Қарым-қатынастарды аяқтау керектігі туралы үзілді-кесілді ұсыныс берілетін жағдайлар аса көп емес, әрі олардың барлығы да қауіпсіздік мәселесіне байланысты болып келеді.
- Серіктес немесе отбасының басқа бір мүшесіне қатысты жасалатын кез келген түрдегі физикалық зорлық-зомбылық. Дегенмен сізге қатысты физикалық күш қолданылатын жағдайға дейін жеткізбеуге әбден болады. Серіктесіңіздің эмоционалдық жай-күйін барынша парасаттылық танытып бағалағаныңыз абзал, егер адамның өз эмоцияларын басқара алмай тұрғанын, қытегіздік көрсетуі мүмкін екендігін көріп тұрсаңыз, әрі оның мінез-құлқы сізді қорқытатын немесе алаңдататын болса, иллюзияларға берілмегеніңіз жөн.
- Эмоционалдық зорлық-зомбылық. Бұл туралы аз айталады, алайда мұндай зорлық-зомбылық тура физикалық түрі секілді қатты күйретеді. Құнсыздандыру, айлалы әрекеттердің қолданылуы, газлайтинг, сіздің кемшіліктеріңізді келемеждеу, өзге адамдардың көзінше кемсіту, шешімдеріңіз бен әрекеттеріңізге тыйым салу және оларды бақылап отыру, әлеуметтік оқшаулау – сіздің ортаңыз сүзгіден өткізіледі және сынға алынады, сол бұрынғы эмоция ауытқуы, айқайлау, негізсіз айыптау мен көптеген басқа да көріністер.
- Экономикалық зорлық-зомбылық. Қаржы, шығындарыңызды қадағалау, сіздің ақша табуға немесе кәсіби тұрғыда қалыптасуға деген ұмтылысыңызға қарсы тұру, жазалау мақсатында қаражаттан айыру.
Алайда қарым-қатынастарды тоқтату немесе сол адаммен бірге қала беруге байланысты күмәнді ойлар көбінесе объективті түрде қауіпсіздікке қауіп жоқ жерде пайда болады, керісінше, мұндайда арадағы қатынастарға қатысты қанағатсыздық сезімі кездеседі. Егер сіз осы материалды оқып отырсаңыз, демек сізді серіктесіңіздің қасында қандай да бір құнды және маңызды жайт ұстап тұр.
Айырылысуға әкеліп соқтыруы мүмкін пункттер:
- Құндылықтар мен мақсаттардың сәйкес келмеуі. Егер сіздер әлемге екі түрлі көзқараспен қарасаңыздар, егер сіздердің өмірлік мақсаттарыңыз үйлеспейтін болса, егер ұзақмерзімді шешімдеріңіз бір-біріне қарама-қайшы және мәмілеге келу мүмкін болмаса немесе жалпы қажетсіз болса, ұзақмерзімді қарым-қатынастарды құру өте қиын. Мәселен, егер сіздің құндылықтарыңыз неке мен отбасыны қамтыса, ал серіктесіңіз көшпелі өмір салты мен өз мойнына артық міндеттемелерді алмауды қаласа, онда бұл тұрақты қарым-қатынастар үшін жақсы негіз болуы екіталай.
- Сексуалдық пен қалаулар. Серіктестердің екеуі де ортақ құндылықтар мен басымдықтарды ұстанатын, тіпті, ең керемет қарым-қатынастардың өзінде интимдік саладағы сәйкессіздіктер салдарынан болашақ болмауы мүмкін. Бұл өте күрделі сұрақ, өйткені адамның сексуалдығы – ең осал сала және тұрақты түрде болатын қанағатанбаушылық сезімі немесе шегіну қадамдары, яғни, серіктестердің біреуі өзі қаламайтын нәрсені ұдайы істей беруге мәжбүр болған кезде бұл эмоционалдық қиындықтарға әкеліп соқтыруы ықтимал, әрі ең ақыры – айырылысып кетуге апарады.
- Туыстармен қарым-қатынас. Махаббат бәрін де жеңетін сияқты көрінеді, алайда қарым-қатынастардың барлығы бірдей туған-туысқандармен сынаққа төтеп бере алмайды. Егер серіктестердің біреуі қарым-қатынастарды және жұптың өзін туысқандардың араласуынан қорғауға қабілеті жетпей жатса, бұл сол қатынастар үшін қауіпті болуы бек мүмкін.
- Бүгінгі тізіміміздегі соңғы пункт, дегенмен маңыздылығы жағынан соңғы емес – бұл сіздің қанағаттанушылығыңызға байланысты пункт. Серіктесіңіз керемет адам болуы мүмкін, алайда осы қарым-қатынастардағы сіздің қажеттіліктеріңіз жүзеге асырылмай қалуы әбден мүмкін, сондай-ақ, егер бұл тұрақты түрде болатын алаңдаушылық пен жанжалдарға әкеліп соқтыратын болса, онда бұл араңыздағы қатынастардың қаншалықты өміршең екендігі турасында ойлануға итермелейтін себеп.
Қарым-қатынастарды қалай үзуге болады: кеңестер мен айырылысудан кейінгі қадамдар
Бұл жерде қарым-қатынастарыңыздың мәнмәтінін, форматын, айырылысуға шешім қабылдауыңыздың себебін ескерген маңызды.
Серіктесіңізбен адал және ашық түрде сөйлесу, әрі қабылдаған шешіміңіздің себебін айқындап алған маңызды. Бұл серіктесіңіз үшін ғана емес, сонымен бірге өзіңіз үшін де маңызды жайт болып саналады. Себебі кез келген үдеріс тиісті аяқтауды қажет етеді. Бәлкім, сіз араңызда болған қарым-қатынастардағы жақсы нәрселер үшін ішіңізден алғыс сөздерді таба алатын да шығарсыз. Сонымен бірге айырылысудың себебі жайында сөйлесу үшін жақсы бір пішінді де табарсыз. Өзіңіздің және серіктесіңіздің эмоцияларынан қорықпағаныңыз жөн. Оларға да орын беріңіз, дегенмен ілтипат көрсеткеніңіз дұрыс.
Қарым-қатынастар үзілгеннен кейінгі өмірді талқылау күрделі, алайда маңызды міндеттердің бірі болып қала беретіні рас: көшу, мүлікті бөлу, құқықтық мәселелер, ортақ балаларыңыз немесе жануарларыңызға қамқорлық ету. Сонымен қатар серіктесіңізден айырылып қалғаныңыз бен осыған дейін сіздерді біріктірген құндылықтарға байланысты эмоцияларды бастан өткеру. Мұндай сұрақтар бойынша мамандардың көмегіне жүгінген абзал.
Егер біз зорлық-зомбылыққа толы немесе серіктесіңіз эмоционалдық тұрғыдан тұрақсыз болған қатерлі қарым-қатынастар туралы айтып отырсақ, онда бұл жерде ең бірінші кезекте жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз еткен маңызды. Мен міндетті түрде маманға – психологқа, дағдарыс орталығына көмек алу үшін жүгінуді ұсынамын, ал керек болған жағдайда заңгердің қабылдауына да барған орынды, өйткені оның қолдауымен сіз қарым-қатынастардан шығудың кезеңдік жоспарын құра алатын боласыз.