Темекі түтінінің үй жануарларының денсаулығына әсері

Біз қолға үйретілгендер үшін жауаптымыз

Үй жануарлары шылымқор-қожайындарынан қалай азап шегеді

Егер қоянның құлағы 3-4 рет қатарынан темекі шайырымен майланса, онда жануардың сол жерінде қатерлі ісік пайда болады. Адамның темекімен достығы құйрықтылар мен қанаттылар үшін тағы да қалай әсер етеді?

Темекі түтіні – бұл нағыз зұлымдық. Темекі және папирос қағазының жануы барысында дәл осы түтіннің құрамдас бөлшектері: қорғасын, сынап, формальдегид, аммиак, күшәла, тіпті, ядролық отынның компоненті саналатын уран-238, сонымен қатар зиянды шайыр бөлінеді де, адамға өкпе және қуықтың қатерлі ісігіне, жүрекке байланысты түйткілдерге, инсультке, демікпеге, өкпенің созылмалы обструктивті ауруына, атеросклероз және көптеген басқа да дерттерге тап болуына «көмектеседі».

 

Жану үдерісін алып тастаудың арқасында шылымқұмардың денсаулығына деген қауіпті азайтуға болатындығы туралы ой – никотинді жеткізетін электронды жүйелердің пайда болуына әкеледі, ал олар темекінің жануына мүмкіндік бермей, тек қана қауіпсіз температураларға дейін қыздыратыны белгілі, әрі бұл қарапайым темекімен салыстырғанда зиянды заттектердің түзілуін 90-95% төмендетеді.

 

Темекіні қыздыруға арналған жүйелер әзірше жаман әдетінен арылғысы келмейтін адамдарға ғана емес, сондай-ақ айналадағыларға да тигізетін зиянын азайтады. Соның ішінде үй жануарлары да бар. Өйткені пассивті шылым шегу, атап айтқанда, үшіншілік темекі тартуды қосқанда жанымыздағы адамдармен қатар үй жануарларына да дәл сондай қауіп төндіреді екен.

 

ПАССИВТІ ТЕМЕКІ ТАРТУ ИТТЕРГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Иттер уақыттың көбісін еденнің үстінде өткізеді, бұл жерде басылып қалған түтін және темекі түтінінің құрамындағы қатерлі қосылыстары жабысып үлгерген қауіпті шаңның концентрациясы өте жоғары.

 

Бұл, мәселен, тазылар мен доберман-пинчерлердің мұрынның қатерлі ісігіне жиі шалдығуына әкеліп соқтырады. Мұның себебі – олардың ұзын мұрындары, негізінен, зиянды түтін қосылыстарының ықпалын өзіне алатын үлкен ауа сүзгілері іспетті болғандығында жатыр.

 

Иттердің қысқа мұрынды, сонымен қатар орташа мұрынды тұқымдары (мопстар, пекинестер, бульдогтар, бигльдер) пассивті темекі тартудың салдарынан өкпенің қатерлі ісігімен жиі ауырады. Олардың мұрындары ішіне шаң азырақ уақытқа қонады да, ал зиянды заттектер ауқымды көлемде өкпеге түседі екен.

 

Сонымен бірге төрт аяқты достың шылықұмардың қасында бір бөлмеде үнемі болуы оның тыныс алу жолдарының респираторлық ауруларын қоздырып, соның ішінде созылмалы демікпе және бронхитті тудырады. Сондай-ақ бұл иммундық жүйенің зақымдануына, терінің тітіркенуі және жүннің түсуіне әкеліп соқтырады да, көз жасының ағуын жоғарылатады, әрі көру мүшелерінің аурулары және жүрекке байланысты түйткілдердің пайда болуына әкеледі.

 

Тағы бір маңызды жаңалықты колумбиялық және жапондық ветеринарлар ашқан болатын. Олар пассивті темекі тартуға душар болған иттердің, тіпті, ДНҚ құрылымының біршама өзгерістерге ұшырағанын анықтай алды.

 

МЫСЫҚТАР ТЕМЕКІ ШЕГУДЕН ҚАЛАЙША АЗАП ШЕГЕДІ

Мысықтарға келер болсақ, мұндағы жағдай тіптен күрделі болып отыр. Бұның себебі қарапайым. Олар иттерге қарағанда таза ауаға анағұрлым сирек шығады да, яғни, темекі шегілетін бөлмеде жиірек болады. Бұл олардың жүнінде үшіншілік түтіннің көбірек жиналатындығын білдіреді. Мысықтар – себезгі қабылдауды онша жақтырмайтындар қатарына жатады, ал гигиеналық міндеттерді тілдерімен шешеді, яғни, жүн мен тері үстіндегі түтіннің уытты «тұнбаларын» жалап тазалайды.

 

Мысықтар арасындағы ауыз қуысының қатерлі ісігі ауруының кеңінен таралуын ғалымдар нақ осы әдетпен байланыстырады. Айта кетсек, оның агрессивті формасы – жалпақ жасушалы карциномасы жиі кездеседі. Зерттеулер көрсеткендей, шылым шегетін отбасыларда өмір сүретін мысықтар бұл ауруға үш есе жиі тап болады екен.

 

Егер мысықтың иесі күніне темекінің бір қорабынан астам шылым шексе, сол мысықта лимфома, яғни, лимфа жүйесінің қатерлі ісігіне шалдығу қаупі бар, бұл ауру бірінші кезекте ішек аймағында орналасқан лимфа түйіндерін зақымдайды да, содан соң бүкіл денеге жылдам тарайды.

 

Массачусетс штатындағы Тафтс университетінің ғалымдары өздері лимфомадан емдеген 80 жануардың ауру тарихына талдау жасап, сонымен бірге иелерінің жаман әдеттерін зерттеп шыққан. Қожайындары үйде темекі шеккен мысықтарда лимфоманың даму қаупі екі есе жоғары болғандығы анықталды.

 

ТЕМЕКІ ТҮТІНІНІҢ ҚҰСТАР МЕН БАЛЫҚТАРҒА ЫҚПАЛЫ

Темекі түтінінің құстар мен балықтарға ықпалы

 

Құстар ауаның ластануына, әсіресе темекі түтініне өте сезімтал келеді. Шылымқұмарлармен бірге тұратын қанаттыларда мына аурулар пайда болуы мүмкін:

 

  • аллергия;
  • пневмония;
  • өкпенің қатерлі ісігі;
  • тері аномалиялары;
  • көру қабілетінің түйткілдері;
  • жүрекке байланысты түйткілдер;
  • ұрықтылыққа байланысты түйткілдер.

 

Сонымен қатар «шылымқор»-құс өзінің қауырсындарын бақылаусыз жұла бастайды.

 

Темекі тарту, тіпті, аквариум ішіндегі балықтарға да зиян тигізеді. Суға кездейсоқ батып кеткен бір темекі тұқылының әсерінен су астындағы халықтың көп бөлігі бір аптаға жетпейтін уақыт аралығында бұлшықет талшықтарының түйілуінен және жүзбеқанаттарына байланысты түйткілдерден өліп қалуы мүмкін.

 

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ

Біріншіден, оларды темекі түтінінен барынша арашалау керек. Кем дегенде, темекі тарту үшін балконға немесе далаға шығыңыз. Дәстүрлі темекі шегу әдістері арқылы тері, шаш, киім үстінде қалатын үшіншілік түтінді үйге әкелуге болатынын есте сақтай отырып, түтінсіз баламаларға ауысу мәселесін қарастырыңыз.

 

Үйдің ішінде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізуді ұмытпаңыздар. Кілемдер, жиһаздар, перделерді бумен тазалаған абзал.

 

Тыныс алудың кез келген мәселелері, шамадан тыс немесе әдеттен тыс сілекейдің ағуы, іштің өту, құсу, мұрыннан ағу, ауыз қуысында жаралар, қышудың пайда болу жағдайлары орын алса, не болмаса төрт аяқты досынызда ұлпаның күдікті қалыңдап қатаюды байқасаңыз, шұғыл түрде ветеринарға жолығыңыз.

 

Сондай-ақ, әрине, жануардың жүніне үнемі күтім жасап, оның жүні арасынан темекі түтінінің қалдықтарын мұқият тазалап отырған дұрыс.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]