30 жыл тәжірибесі бар темекі шегушілер сигаретті қалайша тастай алды
200 темекі шегушінің қатысуымен өткізілген зерттеу сигареттен арылуға ненің жақсы көмектесетінін салыстырды: никотин алмастырушы құралдар ма, электрондық сигарет пе әлде күлкілі аты бар варениклин бе? Соңғысы жеңіп шықты. Ал электрондық сигарет никотин алмастырушылардан едәуір басым келді.
СЫНАЛАТЫНДАРДЫ ІРІКТЕП АЛУ. ТЕМЕКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІК ТЕРАПИЯСЫ
2017 жылы Фландрияда бельгиялық ғалымдар, пластырь, аэрозоль және басқа никотин алмастырушыларға қарағанда, электрондық сигарет тиімді екені рас па, деп тексергісі келді. Сол сәтте британдық зерттеуде дәл осылай делінген. Осылайша өмірінің жартысынан көбін езуінен темекі түспеген 244 тәжірибелі темекі шегушінің басын қосты. Қатысушылардың орташа жасы 52 жасқа тең, ал темекіні алғаш рет езуіне 16 жасында алған. Осылардың барлығы десек артық болмас, бір емес, екі емес, темекіні талай рет тастап көрген. Әрқайсысының үлесінде сәтсіз аяқталған 4 тәуекел болды.
Сыналатындарға темекіге тәуелділік мәселесі бойынша маман өткізетін топтық терапия тағайындалды. Оларды бес топқа бөлді. Бірінші топ темекіге тәуелділікпен электрондық аналог көмегімен күресті. Екіншісіне – никотин алмастырушылардың бірнеше түрін: пластырь, сағыз және аэрозоль тағайындады. Үшінші топтағы темекі шегушілер екі тәсілді қатар қолданды. Төртінші топтағылар емдеу курсын варениклинмен (темекіге тәуелділікке қарсы препаратпен) алды. Ең қатаң шарт – темекіні ешбір құралсыз тастау – бесінші топға қойылды.
Сонымен, темекі шегушілер екі ай бойы 10 адамнан тұратын шағын топ болып аптасына бір рет терапияға келіп жүрді. Дәл Голливуд фильмдеріндегідей дөңгелектеніп отырып, олар қиындықтарымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті. Терапевт оларға тағайындалған құралдар туралы жан-жақты әңгімелеп беретін және шараны бұзып алмау техникаларымен бөлісті. Олар терапияның төртінші аптасында-ақ сигаретті тастауы тиіс еді.
7 АЙДАН КЕЙІН ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛДЫ
Жеті айдан кейін ғалымдар әр топтың нәтижелерін өлшеді. Қатысушыларды эксперименттен шығып кетпеу үшін біраз ынталандыру мақсатында соңғы айда супермаркеттен керегін сатып алуға сомасы 50 евро купондар жүлдесімен ұтыс ойын ұйымдастырды.
Нәтижесіне сәйкес варениклин тұтынушы топ ең сәтті болды. Бұл топқа қатысушылардың 24% толық жеті ай сигарет шеккен жоқ. 3% ғана тастай алмады. Басқалардың тағдыры олар жобадан шығып кеткендіктен, белгісіз (Бәлкім, қымбаттау купон ұсыну керек пе еді).
Варениклин заты дәл никотиндей мидағы рецепторлармен әрекеттесіп, темекіге тәуелділіктен құтылуға көмектеседі. Алайда варениклин, сонымен қатар никотин, әйеліне басқа еркектерді жолатпайтын қызғаншақ күйеудей, никотинді рецепторларға жақындатпайды. Нәтижесінде никотин темекі шегушіге бұдан былай ляззат сезімін бермейді деген сөз.
Екінші орынды дәстүрлі сигаретті электрондыққа алмастырғандар иеленді. Бұл топтың 17% электрондық сигареттен бас тарта алды, ал 16% – бас тарта алмады. Электрондық сигарет пен қыздыру жүйесінің жақсы жағы – бұлар никотинді ағзаға тура кәдімгі сигареттей жеткізетіні. Бұл осы құрылғыларда темекі жанбай, қыздырылатындықтан уытты заттар 90%-е аз бөлінетінінде.
Ең төмен нәтиже көрсеткен никотин алмастырушыларды (пластырь, сағыз, т.б.) пайдаланған топ. Таңқаларлығы, бұл топ біреудің көмегінсіз тастамақ болған қатал жігіттерден де кейін болды. Олардың 10% мүлде қойды, ал 16% осы қауіпті де қатерлі әдетке оралды.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ СИГАРЕТ VS НИКОТИН АЛМАСТЫРУШЫЛАР
Ондай болса, темекі шегушілер үшін никотин алмастырушы терапияның пайдасы жоқ деген сөз бе? Жоқ, олай деуге болмайды. Біріншіден, фландриялық зерттеуде өз кемшіліктері бар. Яғни, ешқандай қосалқы заттар пайдаланбаған топқа, басқаларға қарағанда, орта есеппен айтарлықтай сирек шегетіндер де енгізілген. Мүмкін, осы себепті олардың темекі тастауы оңайырақ болды. Бұдан басқа, кері нәтиже көрсеткен зерттеулер де бар. Мысалы, Ұлыбританияда өткізілген ауқымды зерттеу (90 есе ауқымды) ешнәрсе пайдаланбаудан гөрі, никотин алмастырушыларды пайдалану жөн екенін көрсетті.
Тәсілдің қайсысын таңдап алсаңыз да – никотин алмастырушы терапия болсын әлде түтінсіз өнімдерге көшу көмегімен зиянды төмендету темекі шегуді жалғастырғаннан артық.