Никотин өлтірмейді (жағдай бұдан қиындау)
Шылым шегу туралы көптеген аңыз бар – мысалы, бір тамшы никотиннен ат өледі. Мұндай «фактілер» уәж ретінде тек такси жүргізушісімен әңгімелескенде миға қонар (немесе өзіңіз такси жүргізушісі болсаңыз), алайда бұл алыпсатар әңгіме. Атты өлтіретін мөлшер – 400 мг, бұл дегеніміз 8 тамшы немесе атқа 20 қорап сигарет (расында да) жегізу керек деген сөз). Адам үшін бұл «лимит» – күніне екі қорап сигарет немесе жарты сигараны шегу емес, жеу керек деген әңгіме. Бірақ Сізге мұның керегі не? …
Әрі никотиннің өзі де үлкен проблема емес. Шылым шегудің негізгі жағымсыз салдары темекінің жану процесіне байланысты, өйткені жану барысында одан шайырлар мен канцерогендер шығады. Сондықтан сигарет пен кальянның орнына никотинді жеткізетін электронды жүйелерді пайдаланса, 90-95%-е дейін зиянды заттарды болдырмау мүмкіндігі бар.
НИКОТИН ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҚАНДАЙ
Никотин түсініксіз зат болып келеді және оны көптеген жағдайда шылым шегуге байланысты ауруларға себепкер деп санайды. Бұл шындыққа жанаспайды. Ол еш құпия емес – никотин табиғатта темекі жапырақтарында ғана емес, баялдыда, томаттарда, түрлі-түсті қырыққабатта кездеседі, тіпті адамның ағзасымен де өндіріледі екен.
Ол адамның жүйке жүйесі жұмысына қатысады – тек бұл үшін шағын ғана мөлшерде қажет. Шылым шегу барысында оның мөлшері тым жоғарылап, адреналин және дофамин өндіре бастайды, жалпақ тілмен айтқанда, никотиннен болатын жеңіл эйфориядан адам босансып, артынан күші таси бастайды.
Демек – ия, ағза осындайға тез үйреніп, одан әрі қуана бергісі келеді (сіздер де). Шылым шегуге дағдылануды айтатын болсақ, мұндағы никотиннің ролі зор. Алайда негізгі зиянды Сіз шылым шеккенде сигарет түтінімен бірге жұтатын шайырлар мен канцерогендер келтіреді.
ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ НИКОТИННІҢ РОЛІ ТУРАЛЫ
ДДҰ 2020 жылғы деректері бойынша, бүгінгі күні Жер шарында 1,3 млрд.адамға жуық темекі шегеді, ал темекінің жанама әсерлеріне байланысты өлім саны жыл сайын 8 миллионға таяп қалды (олардың ішінде 1,2 млн пассивті шылым шегуге байланысты).
Алайда бұл жағдайдың себебі темекі және ондағы никотин емес екенін естен шығармау қажет. Басты проблема – жану процесінің өзінде. Сигарет, кальян және сигаралардың түтінінде 7000-н аса канцероген мен улы заттар бар, оның ішінде кем дегенде 69 денсаулыққа қауіпті (оба, өкпе және жүрек-тамыр жүйелері ауруларына әкеп соғады).
СОНДА ҚАНДАЙ БАЛАМАЛАРЫ БАР?
Әрине, ең дұрысы – шылым шегуді тастау. Бірақ айту оңай, істеу қиын – сондықтан, тіпті никотинді электронды жүйелер арқылы жеткізу, электронды сигарет немесе қыздырылатын темекісімен бұйымдарға көшсе де болады. Олардағы темекі (суйықтық немесе «стик» түрінде) жанбайды, ол дәстүрлі сигареттегідей 700-900 градуспен салыстырғанда 350-400 градус температураға дейін қыздырылады.
Нәтижесінде түтін емес, зияны әлдеқайда төмен аэрозоль шығады. Public Health England журналының деректері бойынша, электронды құрылғылардың кәдімгі сигареттерге қарағанда, шығаратын зиянды заттары 95%-ке төмен, оған қоса осындай девайстар жылына кем дегенде 20 000 адамға темекіден арылуға көмектеседі.
Бұдан бөлек, Ла Сапиенца Рим университетінің деректеріне сәйкес, аэрозоль тез тарқайды және қоршаған ортаға әсері төмендеу болып келеді. Жасыратын несі бар – қолың, киімің, шашың мүңкіп тұрмаса, өзіңе де жақсы емес пе.