Сексуалды және жұмбақты - Лайқос

Сексуалды және жұмбақты

Кинодағы темекі түтіні нені білдірген

Классикалық фильмдердегі темекі тарту көріністері романтизацияға жиі ұшырайтын және сюжеттің маңызды элементі болатын. Қазіргі таңда бұл жұмыс істей ме? Әрі дәл осы тәсілдемелерді игілікке қолдануға – көрермендерді шылым шегудің зияны төмендеу баламаларына ауысуға сендіруге бола ма?

ТЕМЕКІ ТАРТУ КӨРКЕМДІК ТӘСІЛ ЖӘНЕ НАСИХАТ ҚҰРАЛЫ ІСПЕТТІ

Зерттеулерге сүйенсек, медиа қоғамдық пікірге әсер ете алады және, тіпті, оны түбегейлі өзгертуі мүмкін. Демек, кинода темекі тартатын адамдарды көрсету және осы үдерісті романтизациялау көрермендерді шылым шегуге итермелеуі әбден ықтимал.

 

Әдетте, фильмдегі немесе хикаядағы шылым тартатын персонаж – бұл кейіпкердің мінезін немесе фильмнің атмосферасын дәлірек жеткізудің тәсілі. Мәселен, «Себепсіз бүлікші» драмасының жұлдызы және 50-ші жылдардың стиль бейнесі Джеймс Дин өзінің барлық дерлік картиналарында темекі шегетін еді. Бұл оның бейнесіне деген өзіндік жұмбақтық, еркектік және сексуалдылықты қосатын.

 

«Соңғы дем» фильміндегі Жан-Поль Бельмондо персонажы Мишель Пуаккар нағыз тәсілқой көлік айдап кетушісі болған, әрі ол фильмнің әрбір дерлік көрінісінде аузынан тастамайтын темекісімен бірге шыға келетін.

 

Шэрон Стоун сомдаған «Негізгі инстинкт» фильміндегі «бұзылған» жазушы Кэтрин Трамелл де тұтқындалу кезінде темекі тартып тұрады. Осылайша кейіпкер жалпы жұрт қабылдаған ережелерге деген өзінің менсінбеушілік көзқарасын білдіреді.

 

Кей кездерде шылым шегетін персонаж ондай кейіпкерге кездейсоқ айналмаған. Сонау 1920-шы жылдардан бастап ірі темекі компаниялары шылымның жасырын жарнамасы үшін режиссерларға ақша төлеп отыратын. Ал ХХ ғасырдың ортасында нуар жанрының өркендеуі, 1950-ші жылдары тыйым салынғанға дейін, темекі тартудың ең агрессивті жарнамалық кезеңімен сәйкес келді. Осындай фильмдердің негізгі тақырыптамасы сағыныш және қала өміріне деген ашулылық пен соған байланысты мағынасыздық болған. Темекі тартатын кейіпкерлер сол кезеңге деген түңілгендік сезімін бейнелеп, ал осы жаман әдеттерінің арқасында олар басқа кейіпкерлерге қарағанда ақылды болып көрінетін.

 

ХАБАРДАРЛЫҚ ТУРАЛЫ НЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ?

Өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында дәрігерлер темекінің зияны турасында тіс жармағанды былай қойғанда, тіпті, олардың емдік қасиеттері бар екендігіне сендіріп жүрген. Бүгінгі таңда біздер енді осы жөнінде жаңылысып жүрген жоқпыз – темекі тарту зиянды екендігін біліп отырмыз. Бүкіл дүниежүзі бойынша, атап айтқанда Қазақстанда да, темекі тарту, соның ішінде киноэкранда, барған сайын қатаң регламентацияға ұшырап келеді.

 

Темекі түтіні кадр ішінде жұмбақты болып көрінуі мүмкін, дегенмен шынайы өмірде нақ осы түтіннің кесірі – жүрек-қантамыр ауруларынан бастап қатерлі ісіктерге дейінгі – көптеген дерттердің себебі болып саналады. Кәдімгі темекі жану үдерісі кезінде 6000 астам химиялық элементті өндіреді екен. Мұндай үдеріс темекіні қыздыруға арналған жүйелерде кездеспейді – бұл жерде темекімен салыстырғанда, құрамында зиянды заттектері 95% азырақ келетін аэрозоль буланады.

 

Қазіргі таңда адамдар зияны аздау балама нұсқаларға көбірек ауысуы үшін медиа арқылы осыны романтизациялаудың мағынасы бар ма, жоқ па екендігінің әзірше нақты жауабы жоқ. Себебі, біріншіден, тіпті бұл құрылғылар да мүлдем зиянсыз емес. Екіншіден, олар тек қана темекіден бас тарта алмай жүрген, дегенмен, өз ағзасына деген шылым шегудің қаупін азайтуды қалайтын шылымқұмарлар үшін жасалып шығарылған. Алайда олардың зияны аздау екендігі туралы халықты хабардар ету қажет. Ал біздің жоба – ең қолайлы әдістердің бірі.

 

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]