Төсекте темекі шегудің қауіптері: тәуелділіктер мен қауіпсіздік бойынша кеңестер

Бикеш, сен отсың!

Төсекте темекі шегудің қажеті не және бұдан өртеніп кетпеудің амалы

Әр нәрсенің өз уақыты… және орны бар. Күн сайын таңертең асүйде кофе қайнатып, жуынатын бөлмеде бетімізді жуып, қонақ бөлмеде сүйікті телехикаяларды қарап, ал жатын бөлмеде ұйықтаймыз. Осы бөлмелердің ешқайсысы темекі шегуге арналмаған. Неліктен төсекте темекі тарту соншалықты романтизацияланған және қалайша жанып тұрған темекі үйдегі өрттердің негізгі себептерінің бірі болып қала беруде?

ӨРТЕНІП КЕТУ НЕМЕСЕ ТҰНШЫҒЫП ҚАЛУ?

2021 жылы Қазақстанда өрттің салдарынан қаза болған адамдар санының 20%-ы (!) төсекте темекі шеккендер. Мұндай статистиканы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеген болатын. Алайда біздер сандарға байыпты қарауға дағдылана қойған жоқпыз. Статистика – бұл басқа бір адамдар туралы және біздерге ешқандай қатысы жоқ нәрсе. Бір күні сол өрт аяқ астымыздан шықпағанша, солай бола бермек.

 

Қолында жанып тұрған темекісімен төсекке жататын әрбір адам одан кейінгі сценарий шаблондық болатындығын түсінуі тиіс:

 

  • сіз шылымды ішке тартып тұрған кезіңізде темекі ұшындағы температура 800 градустан асып түседі. Ал арасында шылымды тартпай тұрып, қолыңызда жай ғана ұстаған кезіңізде температура 600 және одан да төмен градусқа дейін түседі, дегенмен темекінің бықсу үдерісі ешқайда кетпейді;
  • темекінің күлі төсек-орын жабдығының үстіне түседі, ал ол бірден тұтанбайды. Мәселен, матрас бір сағатқа дейін бықсып жануы мүмкін;
  • шылымқұмар, әсіресе, мас күйінде болса, немесе қатты шаршаған болса, осы уақыт аралығында ұйықтап та қалуы әбден ықтимал;
  • осы тұста оқиға желісі дамуының екі нұсқасы (екеуі де қайғылы) бар: өрт кезінде жанып кету немесе уытты газдан тұншығып қалу.

 

ЖАНУДЫ БОЛДЫРМАУ

Қауіп-қатерді төмендетудің амалы мен өрт кезінде төсекте тұншығып қалғандардың қатарына кірмеудің жолы қандай?

 

  1. кез келген мағынадағы зиянды әдеттен бас тарту. Егер темекіні біржолата тастау қолыңыздан келмесе, онда денсаулық пен өміріңіз үшін тәуекелдерді қалай азайтуға болатынын білген маңызды.
  2. кем дегенде, жану үдерісін болдырмаңыз. Классикалық темекіге қарағанда никотинді жеткізуге арналған электронды құрылғыларда бұл үдеріс жалпы жоқ. Мысалы, қыздыру жүйелерінде темекі мүлдем жанбайды, ол тек гаджеттің ішінде ғана 350 градусқа дейін қыздырылады. Бұл дегеніміз, мұнда ешқандай күл мен бықсу болмайды ― төсек жаймаңыз бен матрасыңыз бүтін және бүлінбеген түрінде қалады, ал темекіні қыздыру жүйесі бірнеше минуттан кейін өздігінен өшіп қалады.

 

Дегенмен бұл жерде бір нәрсені: тек қана сертификатталған құрылғылар мен құрамдас бөлшектерді пайдаланудың маңызды екендігін естен шығармаған абзал. Мәселен, 2020 жылы Британия үкіметі вейптерді қолдану туралы ескертуді жариялаған болатын. Соның ішінде – өндірушілер ұсынған аккумуляторлар мен зарядтау құрылғыларын пайдалану маңыздылығы туралы айтылған. Әйтпегенде, сәйкес келмейтін батареялар өртке ғана емес, сондай-ақ, тіпті, жарылысқа да әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

 

НЕНІ ҚАДАҒАЛАҒАН ЖӨН

Алкоголь және темекі жиі бірге «жұмыс істейтін» екі құрылымсыз серіктес болып саналады. Құтқарушылар тарапынан қайғыны болдырмауға көмектесетін ережелер жинағы да жазылып берілген.

 

  • Егер сіз мас күйде болсаңыз, онда ешқашан төсекте жатып немесе орындықта отырып темекі шекпеңіз. Мұндай қалыпта сіз оңай ұйықтап кетесіз.
  • Егер сіз шаршап қалсаңыз немесе ұйқыңыз келіп тұрса, кешкі темекіден бас тартыңыз. Сіз тағы да оңай ұйықтап кетіп, пәтерді өртеп жіберуіңіз әбден мүмкін.
  • Егер сіз дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, темекі тартпай-ақ қойғаныңыз дұрыс, өйткені бұл сіздің айналаңызда не болып жатқандығы туралы түсінігіңізге ықпал етуі ықтимал.
  • Темекі тұқылдарын ешқашан қоқыс жәшігіне тастамаңыз. Ол жерде оңай тұтанатын қалдықтар, мысалы, қағаз болуы мүмкін.
  • Күлсалғыш ретінде әрдайым жылу оқшаулайтын материалдан жасалған ыдысты қолданғаныңыз абзал. Сондай-ақ темекінің тұқылын қағаз қапшықтың бетіне, сіріңке немесе темекінің қорабына мыжып өшірмеңіздер.

 

Қанша жерден ерекше болсаңыз да, адам тұрмайтын аралда емес екеніңізді есте ұстағаныңыз жөн. Кем дегенде айналаңызда көршілеріңіз тұрады, олар сіздің жаман әдетіңіздің кесірінен зардап шекпеулері тиіс. Егер қайғылы оқиға орын алса, көппәтерлі тұрғын үйде сіз жеке өміріңізді ғана емес, сонымен қатар басқа адамдардың да өмірлерін тәуекелге тігесіз, себебі өрт олар тұратын пәтерлерге де оңай жайыла алады.

 

Ал егер де сіз жалғыз тұрмасаңыз, онда үй іштегілердің қамын ойлаңыз. Одан қалса, төсекте жатып темекі шегу тазалыққа қайшы нәрсе. Шылымның иісі сіңіп кеткен пәтердегі темекінің иісінен құтылу нағыз квест.

 

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]