Грегг Сегал: семіздік пен отбасылық тамақтану дәстүрлері туралы фотожоба

Күндік нанымыз

Тәрелкеңізде не жатқаны жайлы міндетті түрде білу керектігі және оған бала кезден үйрену қажеттілігі жайлы фотожоба

Екі жылға созылған түсірілім, тоғыз ел және күнделікті рационындағы азық құшақтап түскен алпыс бала. Америка фотосуретшісі Грегг Сегал күннен-күнге артып келе жатқан жаһандық семіздік мәселесіне, сондай-ақ отбасы дәстүрінің жоғалуы, әлеуметтік теңсіздік, байлық пен кедейлік тақырыптарына әлемнің назарын аударту үшін күш, уақыт, ақшаны аз жұмсамапты.

Грегг ұлттық, мәдени және отбасы дәстүрлерінің арқасында сапалы тамақты сапасыз өнім ешқашан (оптимист-ай десеңізші!) алмастыра алмайтынын дүниежүзіне көрсетпек болыпты.

 

«Үй тамағы отбасы мен мәдениеттің негізі саналатын, махаббат пен мақтаныщ сорпа, рагу және карридің хош исінен сезілетін ортаны тапқым келді. Әке мен шеше, ата мен әже тамақ істеп әбігерге түсіп жатса, оны жеген бала да сау болады», – жоба идеясын фотограф «Күндік нан: әлем балалары не жейді» атты кітабында дәл осылай сипаттайды. Кітап осы фотозерттеу нәтижелері бойынша жарық көрген болатын.

 

Сегал құрлықтарды аралап, АҚШ, Үндістан, Малайзия, Германия, Франция, Италия, Сенегал, Біріккен Араб Әмірліктері, Бразилия секілді елдерге барып, балалардан тамақтану журналын жүргізуді сұрайды. Көрсетілген уақыт біткенде фотограф жазбаларды зерттейді, арнайы студия жалдап, ұлттық тағамдарды әзірлейді және жергілікті балаларды олардың апталық рационымен бірге суретке түсіреді.

 

«Біз тамағымызда не бар екеніне жеткілікті мән бере бермейміз. Өміріміздегі ең маңызды компонентті, отбасы мен мәдениетті жалғап тұрған дүниені аутсорсингке бере салдық. Осыдан келіп «Бір апта ішінде жеп-ішетін дүниенің бәрін тіркеп, күнделік жүргізіп отырса не болады? Бәлкім, бұл қолданатын өнімдерімізге қатысты жауапкершілікті сезінуге көмектесер?» деп ойладым. Әуелі балаларды таңдадым, себебі біздің тағам туралы әдет-дағдымыздың бәрі бала кезде қалыптасады және оны өзгерту кейін қиынға соға береді. Мұндай әдет бүкіл өмір бойы жалғасып отырады, көп жағдайда диабет, жүрек ауруы немесе тік ішек ісігі секілді денсаулыққа қатысты созылмалы проблемаларға әкеп соғады».

 

Грегг Сегал шығарған қорытындыны жақсы деуге келмейді: фастфуд пен жартылай фабрикаттар заманауи қоғамның жазасы болып отыр, ал адам үйде жасалған пайдалы тамақты күннен-күнге аз тұтынып бара жатыр. Бұдан бірінші кезекте балалар зардап шегеді. Өмір сүру ұзақтығы да қысқаруда, алайда адамзат тамаққа келгенде әдет-дағдысын жақсартуға асығар емес.

 

Сонымен қатар суреттердегі тамақ мәдениетінен түрлі ел арасындағы экономикалық деңгей айырмашылығын және бұл фактордың рационға тигізер ықпалын байқауға болады. Зерттеу мынадай бір қызықты заңдылықты көрсетіп отыр: халық неғұрлым кедей болса, соғұрлым сауатты тамақтанады. Біз үшін үйреншікті Биг Мак дәулеттің белгісіне айналған мемлекеттерде балалар жас көкөністі, жеміс-жидекті, жаңғақты көбірек жейді және өзін жақсы сезінеді. Саламатты өмір салтына апарар жол қайда десеңіз, міне.

 

Өзекті мәселеге бей-жай қарамаған америкалықтың арт-акциясы ашық саналады. Сегал мырза әлемнің әр еліндегі өскелең ұрпақты ары қарай да түсіре беруге дайын. Осылайша ол фаст-фуд жейтін балалардың есейгенде бұдан міндетті түрде зардап шегетінін дәлелдемек.

 

ИСАЙЯ ДЭДРИК, 16 ЖАСТА, ЛОНГ-БИЧ, КАЛИФОРНИЯ, АҚШ

 

Исайя Дэдрик, 16 жаста, Лонг-Бич, Калифорния, АҚШ

 

ГРЕТА МИЛЛЕР, 7 ЖАСТА, ГАМБУРГ, ГЕРМАНИЯ

 

Грета Миллер, 7 жаста, Гамбург, Германия

 

ПАОЛО МЕНДОЛАРО, 9 ЖАСТА, БЕЛЬПАСО, СИЦИЛИЯ, ИТАЛИЯ

 

Паоло Мендоларо, 9 жаста, Бельпасо, Сицилия, Италия

 

ЧАРКИШ ШРИ ГАНЕШ, 10 ЖАСТА ЖӘНЕ МИЕРРА ШРИ ВАРША, 8 ЖАСТА, КУАЛА-ЛУМПУР, МАЛАЙЗИЯ

 

Чаркиш Шри Ганеш, 10 жаста және Миерра Шри Варша, 8 жаста, Куала-Лумпур, Малайзия

 

ХЕНРИКО ВАЛИАС СЕНТ АННА ДЕ СУОЗА ДАНТАС, 10 ЖАСТА, БРАЗИЛИА, БРАЗИЛИЯ

 

Хенрико Валиас Сент Анна Де Суоза Дантас, 10 жаста, Бразилиа, Бразилия

 

АДВЕЕТА ВЕНКАТЕШ, 10 ЖАСТА, МУМБАЙ, ҮНДІСТАН

 

Адвеета Венкатеш, 10 жаста, Мумбаи, Үндістан

 

ЖҮСІП АБДУЛЛА ӘЛ МУХАИРИ, 9 ЖАСТА, МИРДИФ, ДУБАЙ, БАӘ

 

Юсуф Абдулла Әл-Мухари, 9 жаста, Мирдиф, Дубай, БАӘ

 

СИРА СИССОХО, 11 ЖАСТА, ДАКАР, СЕНЕГАЛ

 

Сира Сиссохо, 11 жаста, Дакар, Сенегал

 

РОЗАЛИ ДЮРАН, 10 ЖАСТА, НИЦЦА, ФРАНЦИЯ

 

Розали Дюран, 10 жаста, Ницца, Франция

 

Аударған Димаш Зиядин

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]