Ішімдікті қою үшін қалай ішу керек?
Дәрі арқылы алкогольден арылу – Синклер әдісі туралы қысқаша түсінік
Кезекті жұмыс аптасының соңғы күні, алкоголь, ал ертесіне қалжырау мен өкіну. Ғалымдардың айтуынша, түк те күш салмай, шырғалаң шеңберден шығуға әбден болады. Тек қана дәрі ішсеңіз, жеткілікті. Бұл әдістің қалай жұмыс істейтінін айтып берейік.
«Бір кішкентай таблетка» – бұл Синклер әдісі, яғни, ішімдіктен фармакологиялық жолмен «арылу» туралы деректі фильмнің атауы. Фильмнің авторлары көрермендерін дәл осы тәсіл жаңадан бастап келе жатқан маскүнемдер мен тәжірибелі пайдаланушыларға ұятты әдеттен құтылуға көмектеседі деп сендіреді.
Шын мәнісінде бұл әдіс қоғам ішінде әркелкі реакцияларды тудырды: дәрі іс жүзінде әсерін тигізіп жатқан секілді, дегенмен… АҚШ-та бір ғана зерттеуге сүйеніп, Синклер әдісінің негізі саналатын налтрексон деген атауы берілген дәрі-дәрмекті мақұлдады. Оншалықты сенімді болып көрінбегенімен, егер бір нәрсе жұмыс істеп жатса, демек оның пайдасы бар шығар.
НАЛТРЕКСОН ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАР МЕН АДАМДАРҒА АРНАЛҒАН
Егер қысқаша ғана айтсақ, Синклер әдісі ішімдікке деген тарту күшін біртіндеп азайтып, «ішіп алдың=жақсы болдың» рефлекстік байланысын жоюға септігін тигізеді. Әдістің авторы, доктор Джон Дэвид Синклер, осы мәселені 30 жыл зерттеп, келесі ұйғарымға келді.
Алкогольді ішу адам ағзасында эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді. «Допингті» әр қабылдаған сайын синапстық жолдар (нейрондар арасындағы байланыс) нығайып, аталмыш зиянды әдет пайда болады.
Зерттеуші ішімдікке үйрену барысын тоқтату үшін налтрексонды пайдалануды ұсынады. Бұл дәрі-дәрмек адам денесіндегі өзіндік апиындар мен эндорфиндерді кетіреді. Ол алкогольді ішу кезіндегі үйреншікті сезімдерді бұғаттайды. Осылайша, ассоциативтік байланыс бұзылады.
Зерттеудің алғашқы нысандары ретінде алкогольге тәуелді болған егеуқұйрықтар алынды. Кеміргіштер қыздыратын ішімдіктің әр кезекті мөлшері керек болған кезде тетікті басатын. Синклер оларға апиындар кереғары – налтрексонды береді. Бірнеше күннен кейін жануарлар тетікті сирек басатын болды. Осыдан жігерленген зерттеуші дәріні бүкіл адамзатқа ұсынады.
СИНКЛЕР ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Авторларға сенетін болсақ, Синклер әдісі өз тиімділігін көрсетті: 100 емделушінің 78-і ішуді айзатты, не болмаса, тіпті, ішімдіктен мүлдем бас тартты. Сонымен бірге осы әдісті ұстану жалпы әдеттен бас тартуды еш меңземейді – налтрексон ішімдікке дейін бір сағат бұрын қабылданады.
Ұзақ налтрексонды терапия тәуелділік пен толеранттықты тудырмайтынына қарамастан, дәрі бірқатар қарсы көрсетілімдерге ие. Сондықтан оны қолданар алдында дәрігерлер қан анализін тапсыруға ұсыныс береді.
СИНКЛЕР ӘДІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазақстанда налтрексонды сатып алу қиын емес: ғаламтор-дәріханалары әртүрлі өндірушілерден дәрі-дәрмектің кең таңдауын ұсынып отыр. Алайда өзін-өзі емдеумен айналысу денсаулыққа зиянды екендігі баршамызға белгілі. Сондықтан бір ғана нұсқаулыққа негізделіп, дәрінің тиімді мөлшерін анықтау мен емдеу шараларын белгілеу бойынша шешім қабылдау қисынға жатпайды.
Айта кетсек, налтрексонды терапия «кодтау» деп аталатын іс-шаралар кезінде қолданылады. Бұл әдісті алкогольдік және есірткіге тәуелділікті емдейтін кейбір қазақстандық оңалту орталықтары ұсынады
Алайда бір ғана дәріге сеніп отыру еркіндігі көрсетілімі сәтсіздікке ұшыраған сиквелдің кейіпкеріне ғана жарасады. Есіңізде болсын: егер сіз енді басталып келе жатқан тәуелділіктібойыңыздан байқасаңыз, маманның көмегіне жүгінген абзал.
Аударған Рита Сәрсенова