Темекіні қыздыру жүйелері vs дәстүрлі темекі: айырмашылығы неде?
Қарапайым темекі мен темекіні қыздыруға арналған жүйелердің арасындағы айырмашылық аса үлкен бе? Кәмелетке толған шылымқұмар темекіден ТҚЖ-ға ауысуға шешім қабылдаса, ол туралы не білуі тиіс? Бұл бір мағынасы жоқ айырбастау емес пе? Әлде жоқ па? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға осы мақалада жауап береміз.
Бір қарағанда, темекіге балама нұсқаны табу – нағыз күрделі міндет. Біз бұл міндетті жеңілдетуге және шылым мен темекіні қыздыруға арналған жүйелерінің негізгі айырмашылықтарын ажыратып көрсетуге шешім қабылдадық.
Темекінің түтін шығармайтын кез келген балама нұсқасы абсолютті зиянсыз болып келмейтіндігін әрдайым естен шығармағандарыңыз абзал. Мейді бұл никотиндік жабыстырғыштар болсын, мейлі бұл сағыз, электронды темекі немесе темекіні қыздыруға арналған жүйелер болсын – олардың барлығының да құрамында әдеттенуді тудыратын никотин кездеседі. Осы тұста шылымқұмардың қабылдай алатын ең жақсы шешімі – бұл кез кеген түрдегі никотиннен бас тарту болып келеді. Сонымен қатар темекіні қыздыруға арналған жүйелерді шылымнан құтылуға көмектесетін құрал ретінде қарастырмауға кеңес береміз.
ТЕМЕКІНІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Ең алдымен, кәдімгі темекінің де, темекіні қыздыруға арналған жүйелердің де, адам ағзасына никотинді жеткізетіндігін айта кетейік. Алайда жалпы ортақ тұстарға қарамастан, темекіні қыздыруға арналған жүйелер қарапайым темекіден айтарлықтай ерекшеленеді.
Кәдімгі темекі жанып кетеді. Ал егер де темекіні қыздыратын құрылғылар туралы сөз қозғайтын болсақ, олар темекіні жандырмай, тек қана қыздыратынын алға тартқан жөн. Бұл темекіні қыздыруға арналған жүйелерді қарапайым темекіден айырықша ететін ең үлкен және ең маңызды ерекшелік. Әрине, бұл жайт ғылыми зерттеулер тұрғысынан расталуы тиіс.
УЫТТЫ ЖӘНЕ КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН
Темекінің жануы барысында көптеген зиянды химиялық заттектер мен қосылыстар түзіледі. Олардың бірі – тұншықтырғыш газ, немесе СО, – бұл түсі мен иісі жоқ уытты газ болып келеді. Ол кейбір заттардың не болмаса, мәселен, отын, ағаш немесе темекі сияқты заттектердің жануы кезінде көп мөлшерде өндіріледі. Тұншықтырғыш газдың барлық тіршілік иелері үшін келтірілетін қауіптілігі туралы айтудың да қажеті жоқ шығар – біздің көпшілігімізде де үйлер мен пәтерлеріміздің ішінде тұншықтырғыш газдың пайда болуы кезінде дабыл қаққыштар іске қосыла кетеді.
Бұл газ өкпе арқылы қан ағымына түседі де, әрі қанның ағза мүшелері мен тіндеріне оттегіні жеткізу қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні рас, әлбетте, осы тұста ми, жүрек және бұлшықеттерге теріс әсер тигізіледі.
Осының нәтижесінде жүрек ағза үшін жеткілікті мөлшердегі оттегіні алу мақсатында анағұрлым қарқынды түрде жұмыс істеуге тура келеді. Осы жағдайда жүректің өзі оттегіні азырақ мөлшерде алады да, бұл жүрек-қан тамырлар ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыруы ықтимал.
Бұның барлығы да темекінің кез келген балама нұсқасын пайдаланған кезде шылымқұмарға қауіп төндіреді деген кеңінен таралған сенім баршылық. Алайда темекіні қыздыруға арналған жүйелердің бөліп шығаратын аэрозолінің құрамындағы тұншықтырғыш газ мөлшері тура атмосфералық ауадағы мөлшермен тең келеді.
ТҮУ, ОСЫ ШАЙЫРЛАР-АЙ!
Темекі түтінінің құрамында тұншықтырғыш газдан бөлек, шайыр да кездеседі – бұл сусыз және никотинсіз болатын қатты бөлшектердің қоспасы. Олар темекінің жануы барысында пайда болады, ал темекіні қыздыруға арналған жүйелердің бөліп шығаратын аэрозольді алатын болсақ, мұнда шайыр болмайды.
Темекінің шайыры канцерогенді қасиеттерге ие болып келеді. Сондықтан қатерлі ісік және басқа да аурулардың даму қаупін төмендету үшін темекі түтінінің бөлінуіне жол бермеу қажет.
Басқа айырмашылықтарға келер болсақ, бұл нақты құрылғыға байланысты болуы мүмкін. Сол себепті белгілі бір балама нұсқаны таңдаған кезде, ерінбей, өз бетіңізбен осы мәселені зерттеп шығып, «теріс және оң жақтарын» таразылап алғандарыңыз өте маңызды. Мақаланың басында айтылған ойдағы таразы туралы ұмытқан жоқсыз ба?
ЕҢ БАСТЫСЫ
Кез келген шылымқұмар, жаман әдетінің салдарынан болатын зиянды төмендетуге бел буғанда, бір нәрсені ұғынуы тиіс. Темекі тартудың ең жақсы баламасы – одан біржолата бас тарту болып келеді.
Аударған: Рита Сәрсенова