Темекі және стик
Темекі шегуге арналған машинадағы эксперимент нені көрсетті
Адам темекі түтінімен демалған кезде ағзасына қандай жағымсыз коктейль түсетінін нақты көрсететін тәжірибе.
(Читайте статью на русском здесь)
Темекі түтінінің біздің өкпемізге қалай әсер ететіні туралы «ниЖевред» үнемі жазып отырады. Денсаулығыңызды сақтап қалудың ең дұрыс амалы темекі шегуден мүлдем бас тарту болып саналады. Дегенмен, түбегейлі тыйым салу әрқашан көмектесе бермейді, «өтілі» жоғары кез келген шылымқұмар өзінің жағымсыз әдетінен бір мезетте бас тарта қояды деуге болмас. Зерттеулер көрсеткендей, никотинді тұтынудың түтінсіз баламаларына ауысу адам ағзасы үшін қауіп-қатерді азайту мақсатындағы ең үздік тәсіл.
Скептицизм жақтаушылары немесе өз денсаулығына салғырт қарайтын жандар үшін көрнекті эксперимент өткізіледі. Ол темекі шегу және гаджетті пайдалану арасындағы айырмашылықты байқатып отыр. Соңғысында темекі жанбайды, ол тек қана қауіпсіз температураларға дейін қыздырылады. Басты рөлді сомдаушы – темекі шегуге арналған машина, ол екі үдерісті де бір уақытта көрсетеді.
БІЗДЕР ДЕММЕН НЕ ЖҰТАМЫЗ?
Бұл экспериментте бәрі тура өмірдегідей көрсетілген. Тек қана адамның орнында – аппарат, ал өкпені арнайы шыны сауыт және сүзгі алмастырып тұрады. Механизмдер шынайы өмірдегі шылымқұмар секілді ішке дем тартқандай болады. Шыны сауыттар арқылы темекінің қалың түтіні және құрамында никотині бар, шын мәнісінде бу болып саналатын, стиктен шығатын аэрозоль арасындағы айырмашылықты көзбен көруге болады. Сеанстың аяқталуынан кейін темекінің ақ сүзгісі шайырдың кесірінен айтарлықтай сарғая түседі. Ал сүзгі стиктен шығарылатын аэрозолдің әсерінен кейін іс жүзінде өз түсін өзгерткен жоқ.
КҮЙДІРУ НЕМЕСЕ ҚЫЗДЫРУ?
Бұл эксперимент шылымды ішке тарту кезінде ненің бөлінетінін анық көруге мүкіндік береді, сонымен қатар темекінің жану және қыздыру үдерістерінің температураларын өлшеуге болады.
Темекіні қыздыру жүйесі жанындағы сезбегілер шамамен 350 градус температураны көрсетіп тұрады. Ал жанып тұрған темекінің ұшындағы температура 900 градусқа дейін жетеді екен. Яғни, түтін шығармайтын жүйелер темекіні қыздыратын болса, қарапайым темекіні шегу барысы жану үдерісімен бірге жүреді.
АНЫҚТАМА ҮШІН
Жанып тұратын темекінің түтіні 6 мыңнан астам химиялық қосылыстардан құралады. Оның бірнеше ондаған қосылысы – канцерогендер болып саналады, бұл дегеніміз олар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Темекіні қыздыру жүйелері аэрозолінің құрамында залалды заттардың мөлшері орта есеппен алғанда 95% дейін төмендетілген. Бұл оны толығымен қауіпсіз етпейді, дегенмен, никотиндік тәуелділігін бірден жеңе алмайтын адамдар үшін қауіп-қатерді анағұрлым азайта түседі.
Ал егер сіз әлі де шылым шегуге немқұрайлылықпен қарасаңыз, онда түтіннің будағы және сүзгінің түсіне тағы бір рет көз тастаңыз. Расында да осы күйенің барлығын өз ішіңізден сезінгіңіз келе ме?
Аударған Рита Сәрсенова