Темекіні қыздыру жүйесі: алғашқы әрекеттерден қазіргі технологияларға дейін

Оттық жоқ

Темекіні қыздыру жүйелері не үшін және қалай пайда болған

Шылымқордың денсаулығына деген қамқорлықпен жасалған әрі бүгінде кәдімгі темекінің үздік баламасы болған заманауи гаджеттердің аталары мен әжелері туралы ақпаратты жинадық. Бөлісуге асықпыз.

ТҚЖ-НЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ

Шын мәнісінде темекіні қыздыру жүйелерін «жас» деуге келмейді. Олардың әзірлемелері өткен ғасырдың 60-шы жылдарында-ақ басталған еді. Сол кезде мамандар ағылшын ғалымы әрі психиатры Майкл Расселдің «Адамдар никотин үшін темекі шегеді, ал шайыр үшін жан тапсырады» деген сөзімен қаруланып, темекі өнімдерін тұтынуды әлдеқайда қауіпсіз етудің тәсілдерін іздей бастайды. Нақтырақ айтқанда, оның ең қауіпті зияны – жану үдерісін жоқ қылуға тырысты.

 

Осылайша, никотиндік жапсырғыштар, сағыздар, мұрынға арналған спрейлер және жану үдерісін жоққа шығарған басқа да нәрселер пайда болды. Алайда олар шылымқұмардың темекі шегу жорасын сақтап қалу түйткілін шешпегені өкінішті, сондықтан халықтың лайктарына ие бола алмады.

 

RJ REYNOLDS ТЕМЕКІ КОМПАНИЯСЫ ҰСЫНҒАН PREMIER ЖӘНЕ ECLIPSE

1988 жылы RJ Reynolds американдық компаниясы нағыз революция жасап, қатаң құпия түрде сақталған бесжылдық әзірлемелерден кейін АҚШ-тың нарығына алғашқы түтінсіз темекісін шығарған болатын. Оған сол кезде «болашақтың темекісі» деген атау берілді.

 

Гаджеттің жұмыс істеу қағидаты біршама күрделі болған: темекінің ұшында қыздыру көзі ретіндегі тазартылған көмірі бар капсула тұратын. Көмірді тұтанқан кезде ыстық ауаның ағыны бүкіл темекі қоспасының бойынан, содан кейін сүзгі арқылы целлюлозадан жүріп өтетін. Осы тұста ыстық судағы кофе дәндерінен шығатын кофеин секілді никотин буға экстрагирленеді (шығарылады). Шылымқұмар темекісін шегіп болғаны жайында көмір шоғының құлап түсіп, ал будың шығарылуы тоқтаған кезде түсінетін.

Неліктен бұл инновация тұтынушылардың көңілдерінен шықпай қойды? Шылымқұмарлар көмірдің жағымсыз дәміне белсенді шағымдана бастаған. Адамдар жаңа өнімнің иісін де ұнатпады. Арнайы нұсқаулықтың бар болғанына қарамастан, механизмді іске қосу үдерісінің өзі де анағұрлым күрделі болған. Бір жылдан кейін құны $1 млрд құрған жоба жабылып қалды.

 

Дегенмен RJ Reynolds компаниясы берілмей қойды: әрі 1996 жылы Eclipse – жаңа жобасы туралы хабарлады. Шын мәнісінде, бұл Premier жобасының жаңғыртылған және соңына дейін жеткізілген нұсқасы. Өнім сегіз жылдай қолданыста болып, 2004 жылы өнідірістен мүлдем алынып тасталған.

 

PHILIP MORRIS ҰСЫНҒАН ACCORD ЖӘНЕ HEATBAR

Темекіні қыздыру жүйелері дамуының келесі кезеңі ретінде Phillip Morris ұсынған Accord нұсқасын айтуға болады. Ол 1998 жылы жасап шығарылып, әлдеқайда технологиялық болып саналады. Электронды құрылғыға арнайы чип қондырылып, ол темекінің айналасында орналасқан қыздырушы жүздерге қуат беретін, әрі қанша рет қолданылғандығын санап анықтайтын еді.

 

Көптеген өндірушілер қыздырудың дәл осы қағидатын бүгінгі күнде де пайдаланып келеді. Алайда гаджет абажадай әрі қолайсыз болған, ал нарықтағы сегіз жылдан кейін Accord сатылымдар көрсеткішінің төмендігі салдарынан мүлдем жоғалып кетеді.

 

Тура осындай тағдыр оның «қандас» туысқаны – HeatBar темекіні қыздыру жүйесін де күтіп тұрды. Осыдан кейін темекі компаниялары ұзақ уақытқа дейін – 2014 жылға шейін – бұған ұқсас өнімдерді шығару талпыныстарын қояды.

 

АЛ ЗАМАНАУИ ҮЛГІЛЕР ШЕ?

Темекіні қыздыру жүйелерінің жаңа нұсқалары шылымқұмарлардың жүрегіне жол таба білді. Мұның бірнеше себебі де бар:

 

  • гаджеттер темекі қорабынан әлдеқайда ықшам болып шықты;
  • олар темекі шекпейтіндерге анағұрлым аз жайсыздық келтіреді;
  • шылым шегуші үшін маңызды әдеттік мінез-құлықты толық сақтап отыр;
  • ізашарларға қарағанда, темекіні қыздыру барысындағы температура әлдеқайда төмен – 350°C аспайды (ТҚЖ бастамашысы саналған үлгілерінде ол 550°C дейін жететін), яғни, никотинді жеткізудің балама әдісі ұсынылып отыр. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, құрамында шайыр, аммиак және басқа да зиянды химиялық қосылыстары бар қарапайым темекімен салыстырғанда, оның зияны 90-95% дейін төменірек.

 

Жоғарыда көрсетілген соңғы пункт темекіні қыздырудың заманауи жүйелеріне дәрігерлер тарапынан да құрметке ие болуға септігін тигізді.

 

«Темекінің ішінде пиролиз жүреді (органикалық және бейорганикалық қосылыстардың термиялық ыдырауы – Ред. ескертпесі), дәл осы үдеріс барысында канцерогендік және уытты заттардың негізгі массасы бөлініп шығады. Ал темекіні қыздыру барысында мұндай жайттар болмайды. Бұл қыздыру жүйелері мүлдем зиян келтірмейді деген сөз емес, дегенмен, олардың әдеттегі темекіге қарағанда, зияны әлдеқайда аздау. Ең жақсы жол – темекіні ешқашан шекпеу немесе шылым тартудан біржолата бас тарту», – деп түсіндіреді ғалым, Ресейдің қатерлі ісік ауруларына қарсы қоғамының президенті, профессор Давид Заридзе.

 

Аударған Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]