Темекі тартудың эволюциясы: ежелгі түтікшелерден заманауи баламаларға дейін - Лайқос

Түтікшеден бастап хиттерге дейін: 5 минутта темекі тартудың тарихын баяндаймыз

Темекіге ұқсас нәрсені алғашқы болып Американың байырғы халықтары ойлап тапқан болатын. Қазірде тек Еуропаның өзінде ғана халықтың 28% темекі тартады. Лайқос адамдардың шылым шегуді қалай және қашан бастағаны мен неліктен жаңа дүниелер ескіден гөрі жақсырақ екенін анықтайды.

Темекі түтікшесі

Түтікшенің түпүлгісі осыдан үш мың жыл бұрын белгілі болған. Орталық Америкадағы майя және ацтектер халықтары оларды тас пен саздан жасаған екен. Темекі діни рәсімдерде қолданылған – сол кезде бұл өсімдік адамдарды әруақтар әлемімен байланыстырады деп саналған.

XVI ғасырда испандықтар Американы ашады да, Еуропаға темекіні әкеледі. Түтікшені тарту Испания, Португалияда кеңінен таралады… Кейіннен жаңа сән Еуропаны да жаулап алады.

Иіскейтін темекі

Дәл сол XVI ғасырда иіскейтін темекі сәнге айналады. Оны, әсіресе, Франция және Испанияның ақсүйектері ерекше ұнатты, өйткені олардың қымбат киімдерінен енді түтіннің иісін шықпайтын болған. Иіскейтін темекінің ғасырын шақша дәуірі деп атай бастады, бұл – сол темекіні сақтауға арналған қобдишалар құрметіне аталған.

Сигаралар

Cол уақытта сигаралар да пайда болған. Әуел баста жапырақтарға оралған темекіні Кубаның байырғы тұрғындары тартқан еді. XVIII ғасырда сигаралар Еуропа мен Америкада кеңінен таралады, ал тағы бір ғасырдан кейін олар нағыз байлықтың нышанына айналады – сол кезде олардың өндірісі өнеркәсіптік ауқымға ие болады.

Сүзгісі бар темекі

1950-ші жылдары темекінің зияны жайында алғашқы ғылыми жарияланымдар пайда болған. Сол кезде ірі темекі өндірушілері жаңалық жасап, сүзгісі бар шылымды шығара бастайды. Алайда кейінірек аталмыш сүзгілердің жану өнімдерінен аса қатты қорғамайтындығы анықталады: темекі түтіні дегеніміз бұл 7000 астам химиялық заттек, соның ішінде 69-ы қатерлі ісікті тудырады.

Түтінсіз баламалар

2000-шы жылдардың басында алғашқы электронды темекілер пайда болады, ал 2010-шы жылдары – хиттерлер шыққан болатын, олар темекіні қыздырады, әрі бұл орта есеппен алғанда 90–95%-ға қауіпсіз болып келеді: олар жану үдерісі нәтижесінде түзілетін зиянды заттектер мөлшерін айтарлықтай төмендетеді.

Болашақ

Темекі тарту тәжірибесі үнемі өзгеріп отырады, дегенмен адамзат никотин мен оған байланысты үдерістерден бас тартуға дайын емес іспетті. Біз зияны анағұрлым азырақ келетін балама нұсқаларға ауысу арқылы ағза үшін темекі тартудың зиянын төмендете аламыз. Алайда мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: тіпті, ең заманауи баламалардың өздері де аурулардың қаупін толығымен жоққа шығара алмайды.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 3]