Темекі тартуға қарсы күрес: әлемнің сәтті тәжірибелері мен баламалары - Лайқос

Түтінсіз баламалар дамыған елдерге темекі тартумен күресуге қалай көмектесуде

Әлемнің көптеген елдерінде темекі тартуға қарсы күрестің алуан түрлі тәжірибелерінің енгізілуі сәтті жүргізіліп келеді. Бұл сұрақ профессор және тәуелділіктерді зерттеу саласының сарапшысы Карл Фагерстремді де қызықтырған: ол Harm Reduction Journal басылымында өзінің мақаласын жариялады. Лайқос жобасы егжей-тегжейін анықтады.

Жаңа Зеландия және Аустралия

Бұл елдерде темекі тартуға қарсы күрес жүргізудің шаралары дәстүрлі болып келеді – жоғары акциздік салықтар және темекіні ашық шығарып қойып сатуға салынған тыйымдар. Дегенмен Жаңа Зеландияда күнделікті темекі тарту деңгейі әлдеқайда тезірек төмендеп келеді – 9,4%, ал Аустралияда бұл көрсеткіш 10,3% тең.

Мұның себебі аралдардың үкіметі темекі шегуден бас тарту үшін түтін шығармайтын жүйелердің таралуына қолдау көрсетіп отырғанында болар: Жаңа Зеландияда халықтың 6,2% оларды күн сайын қолданады екен, ал Аустралияда бұл көрсеткіш небәрі 1,1% құрап отыр.

Швеция

Бір қызығы, көптеген дамыған елдерде шайналатын темекінің сатылымына тыйым салынған. Дегенмен еуропалық тәжірибе көрсеткендей, оның қолжетімдігі мен кеңінен қолданылуы темекі тартудың рекордтық төмен таралымына септігін тигізеді екен. Соңғы 15 жылдың ішінде ересек шылымқұмарлар саны 15%-дан 5,6%-ға дейін төмендеген, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 5%-ға дейін жеткен. Жоғары көрсеткіштерді көрсете отырып, Швеция басқа елдер үшін де өзінің әдістемелерін белсенді ілгерілетіп келеді: инфографиканы, арнайы бағдарламаларды әзірлеуде, олардың көмегімен шылымқұмарлар саны мен темекі түтіні салдарынан болатын өлім-жітім деңгейін төмендетуге болады.

Сонымен бірге бұл елдің көршілері – Дания және Финляндия – шайналатын темекі мен түтін шығармайтын балама нұсқаларға тыйым салып отыр. Нәтижесі келесідей: бірінші елдегі шылымқұмарлар саны 23% құраса, екіншісінде – 12,5%.

Жапония

Жапония елінде хиттерлер дәстүрлі темекі тартудың орнын айтарлықтай белсенді алмастырып келеді. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта бұл елде темекі тартатын адамдардың саны 20% құрайды, дегенмен бұл көрсеткіш бірте-бірте азайып келеді. Сонымен қатар Күншығыс еліндегі ересек халықтың арасындағы шылым шегу деңгейі, тіпті, Аустралиядан да төмен (14,7%), ал соңғы елде темекіге қарсы саясат әлдеқайда қатаң болып саналады.

Жалпы картина

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мағлұматтарына сәйкес екі жыл ішінде шылымқұмарлар саны 19 млн адамға қысқарған екен. Бүгінде әлем бойынша 1,25 млрд темекі әуесқойы бар. Әзірге Оңтүстік-Шығыс Азия ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр, бұл жердегі халықтың 25% шылым шегеді. Сонымен бірге ДДСҰ елдерді темекі тартуға қарсы күрес бойынша саясатты енгізуге шақырады.

Демек даму деңгейі жоғары мемлекеттерде темекі тарту өз танымалдылығын жоғалтуда: жас буын өкілдері зияны анағұрлым аз келетін түтін шығармайтын балама нұсқаларды таңдайды. Сонымен бірге зерттеушілер балама нұсқалардың ешқайсысы да толықтай қауіпсіз емес екені мен денсулықты сақтап қалудың ең жақсы жолы темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала беретінін еске салады.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]