Косметологиядан қорқатындай ештеңе жоқ: инъекциялар туралы кең таралған дақпырттар - Лайқос

Косметологиядан қорқатындай ештеңе жоқ: инъекциялар туралы кең таралған дақпырттар

Косметология – қазіргі заманның қарқынды дамып келе жатқан саласы. Бүгінде косметологияның көмегімен дененің кез келген бөлігін түзетуге, дұрыстауға, жақсартуға болады. Алайда әдеттегідей, кеңінен жайылған балық нәрселердің айналасы алуан түрлі дақпырттарға толы болып келеді. Дерматокосметолог және трихолог маманы Лаура Әбдібаева дәрі салу процедуралары туралы таралған «аңыздармен» бөлісті және не нәрселерден шынымен де қорқу керектігін, әрі не нәрселер жай ғана үрей туғызу үшін айтылғанын түсіндірді.

Жалпы алғанда дақпырттардың туындауы адамдардың терінің қалай пайда болатыны мен қандай кезеңдерден өтетіні жайында, әрі регенерацияға ненің әсер ететіні, қартаю үдерісінің қашан және қалайша басталатыны және мұнымен не істеуге болатыны турасында толық ақпаратты әрдайым біле бермеуімен байланысты болып келеді. Осының нәтижесінде шынайылыққа ешқандай да бір қатысы жоқ хикаялар туындайды. Олар, тіпті, зиян тигізуі де әбден мүмкін. Кеңінен таралған жаңылыстардан бастайық.

№1 дақпырт. «Ботулотоксин (оны сондай-ақ ботокс деп атайды) – бұл нағызу. Мидың жұмысын нашарлатады және бет қимылына кері әсер етеді, кейде мүлдем әсер етпеуі де ықтимал».

Біріншіден, ботоксты (ботулотоксин) қатаң түрде зертханалық жағдайда ғана жасайды, оның уыттылығын кәсіби мамандар қадағалап отырады. Эстетикалық міндеттерді шешу мақсатында оның мейлінше төмен мөлшерлемелері қолданылады – әжімдердің түзілуіне қатысатын мимикалық бұлшықеттердің белсенділігін бұғаттайды. Ботулизмді алу үшін қалыпты мөлшерлемеден жүз есе көп дозаны енгізу керек.

Екіншіден, бұл препарат оқшаулы түрде әрекет етеді, әрі тек бір ғана учаскеде жұмыс істейді. Инъекцияларды белгілі бір бұлшықеттерге ғана салады, бұл әжімдердің тегістелуіне бағытталады – яғни, қатты тырысып қалған жерлерге егеді. Осы учаскенің шамамен бір айдан кейін қалпына келе бастайтыны, ал 4-6 айдан кейін мимиканың толық қалпына келетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген жайт. Беттің маскаға айналуы тек қана адамның кәсіпқой емес маманның қолына түссе ғана пайда болуы мүмкін. Мөлшерлемелердің барлығы да, егілетін нүктелер де қатаң түрде жекеше анықталуы тиіс.

Үшіншіден, ботоксқа деген туа біткен сезбеушілік адамдардың тек 1%-нда ғана кездеседі. Және де емделушіге бұл процедура мерзімінен бұрын жасалған жағдайда асқынулар пайда болуы ықтимал.

№2 дақпырт. «Сұлулық инъекцияларын» қолдану адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін».

Тағы да қайталап айтамын, препараттардың барлығы да қатаң түрде зертханалардың стерильді жағдайында өндіріледі, сондықтан олар қандай да бір уыттылыққа ие болмайды, қатты, жітілеу немесе созылмалы қабыну реакцияларын тудырмайды. Ал аллергиялық реакциялар мейлінше төмендетілген. Мұндағы ең маңызды жайт – дәрігер жасарудың ең оңтайлы тәсілін таңдай алуы үшін емделуші өзінің аллергияға бейімділігі туралы бар шындықты айтуы тиіс.

№3 дақпырт. «Инъекцияларға әдеттену пайда болады».

Кеңінен таралған дақпырттардың бірінде инъекцияның әрекет етуі аяқталған кезде терінің жай-күйі нашарлай түседі, әрі анағұрлым күшті препараттарды қолдану қажеттілігі туындайды делінген. Айта кетсек, әрбір дұрыс таңдалған препарат өзінің оң әсерін тигізеді. Мезококтейльдің құрамындағы әрекет ететін заттегі коллаген мен эластиннің түзілуін ынталандырады, теріні нығайтады және ылғалдандырады, сондай-ақ оның сапасы мен реңкін жақсарта түседі. Уақыт өте келе оның концентрациясы төмендейді, алайда ағымдағы үдерістерге деген әсер ету эффектісі айтарлықтай ұзақ уақытқа созылады. Дегенмен инъекциялардың әрекет етуі уақытша әсерге ие, сондықтан процедураның курстарын жылына 1-2 рет қайталап өткізеді, бұл емделушінің сұранысын шешу жолына байланысты болып келеді.

№4 дақпырт. «Бір процедурадан кейін сол мезетте жасартатын әсерге қол жеткізуге болады».

Емделушінің косметологиялық сұраныстарын шешу – бұл жүйелі терапия, сол себептен бірден нәтиже болады деп күтудің қажеті жоқ. Ұзақ мерзімді жасару әсеріне қол жеткізу мақсатында теріні қалпына келтірудің барлық үдерістерін біле отырып, клиенттің қалауына сәйкес кешенді тәсілді қолдану керек.

Темекі түтіні теріңізді қалай құртады және мұндайда не істеуге болады
Бұл туралы дәрігер – косметолог-трихолог әңгімелейді Неліктен темекі шайыры мен оның жану өнімдері ерте қартаюдың…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-tabachnyi-dym-unichtozhaet-vashu-kozhu-i-chto-s-etim-delat/

№5 дақпырт. «Инъекциялық процедуралар ауырсынуды тудырады».

Тері тұтастығын бұзу ауырсыну, шымшу түрінде болатын кішігірім жағымсыз сезімдермен бірге жүреді. Процедураларды өткізудің алдында нүктелік анестезияны өткізеді, ол ауыртатын сезімдерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, әрбір адамда ауырсынуды сезіну шегі әртүрлі болады.

№6 дақпырт. «Сұлулық дәрісін егу тек әйелдер арасында ғана үлкен сұранысқа ие».

Қазіргі заманғы әлемде жастығын сақтап қалуға тек нәзік жандылар ғана емес, сондай-ақ ер адамдар да өз жасынан әлдеқайда жас көрінуге тырысады екен. Ерлер арасында терінің қажеттіліктеріне байланысты алуан түрлі процедураларға сұраныс жоғары болып отыр.

№7 дақпырт. «Инвазивті процедуралардан кейінгі оңалту кезеңі ұзақ болып келеді».

Әрбір процедура қалыпқа келудің белгілі бір кезеңін қамтиды және бұл өткізілген іс-шаралардың көлеміне байланысты. Мәселен, тредлифтингпен салыстырғанда (бет терісін жіппен тарту) мезотерапиядан кейінгі оңалту мерзімі анағұрлым қысқа болады. Бұл тері қабаттарының әлдеқайда көбірек зақымдалуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар бұл жерде терінің жеке ерекшеліктері, птоз деңгейі мен тамырлардың сынғыштығы да ескеріледі.

№8 дақпырт. «Косметология тері үшін лифтинг әсерін қамтамасыз етеді».

Лифтинг – бұл пластикалық хирургия, мұнда бет терісін тарту ота кезінде жасалады. Косметология басқаша жұмыс істейді: әртүрлі препараттардың көмегімен коллаген және эластиннің шығарылуы ынталандырылады, осылайша терінің сапасы бірнеше жылға жақсартылады. Косметология терінің бірқалыпты қартаюын қамтамасыз етеді, дегенмен уақытты кері бұра алмайды. Ол зиян келтірмейді, қайта оны төмендете түседі.

№9 дақпырт. «Косметология –ләззаттың арзан түрі емес».

Көптеген қымбат процедуралар түбегейлі эффектілерге бағытталған, олар тұтас бір курстан тұрады, сондықтан бағасы да жоғары болып келеді. Алайда косметологияда әлдеқайда бюджеттік нұсқалар да баршылық, сол себептен маманның көмегіне жүгініп, нақты сізге қажетті процедуралардың тізімін анықтап алғаныңыз абзал.

№10 дақпырт. «Салондағы процедураларды үй жағдайындағы сапалы күтіммен алмастыруға әбден болады».

Бұл да жайттың мән-жайын біле бермейтіндерді алдын ала жасқандыратын тағы бір кеңінен жайылған дақпырттардың бірі – яғни, арнайы орталықтар жағдайында жасалатын процедуралардың үйдегі күтім процедураларынан мүлдем ерекшеленбейтіні туралы миф. Кәсіпқой күтім жасау процедуралары – бұл терінің эстетикалық кемшіліктерін жоюдағы шешімдердің жүйелі тәсілі. Олар тек терінің жасаруы үшін ғана жұмыс істемейді, сондай-ақ безеу, тыртық секілді және көптеген басқа да күрделі түйткілдердің шешімі болып саналады.

Теріге қатысты түйткілдердің қандай болғанына қарамастан, кәсіби дайындығы бар маманның қабылдауына барып, уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеуге көмектесетін толық консультацияны алғаныңыз жөн. Қорықпау үшін және «сұлулық инъекциялары» ережелерінің сақталмауына байланысты мәселелерге тап болмау мақсатында білімі бар кәсіпқойларға жүгініңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]