Ғалымдар пайымы: хиттерлер зиянды төмендетуге қалай көмектеседі
Ғалымдар кейде жылдар бойы созылатын клиникалық зерттеулерді өткізе отырып, адамзаттың денсаулығы үшін күресін жалғастырып келеді. Осылайша мамандар, мәселен, никотиннің адам ағзасына қаншалықты жылдам түсетінін, әрі оның әсері мен темекі тартуға арналған түтін шығармайтын құрылғылардың зиянды төмендетуге көмектесе ала ма екендігін анықтады.
Зерттеу көрсеткендей, түтінсіз өнімдердің құрамында әдеттенуді тудыратын никотиннің бар болғанына қарамастан, олар кең ауқымды аурулардың қаупін төмендетуге көмектесе алады. Бұл зерттеу екі жыл бойы жүргізілген екен, әрі оған Еуропа мен Азия елдерінің 37 институты бірлесе отырып атсалысқан. Темекі қыздыруды қолданудың әсерін тексеру үшін 900 адамды үш топқа бөлген: 1) шылымқұмарлар; 2) Philip Morris International хиттерлерінің біріне толығымен ауысқан шылымқұмарлар; 3) әдетінен біржолата бас тартқан бұрынғы шылымқұмарлар.
Нәтижесінде ғалымдар дәстүрлі темекімен салыстырғанда темекіні қыздыруға арналған жүйелер (ТҚЖ, не болмаса хиттер) жүрек-қан тамырлары ауруларының, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) мен қатерлі ісіктің қаупін төмендете алатынын анықтаған еді.
«Зерттеулеріміздің барысында біз хиттерлерге ауысқан адамдардың ағзаларында темекі шегуден мүлдем бас тартқандарға ұқсас оң өзгерістердің болғанын бақыладық», – деп бөлісті сарапшылар.
Сонымен бірге олар кәдімгі темекіні қолданумен салыстырғанда хиттерлерге 100% ауысқан шылымқұмарлардың ағзаларындағы химиялық заттектердің мөлшері азырақ болғанын айтады. Әрі бұл бірнеше зерттеу барысында расталған. Бұдан басқа, хиттерлерді пайдаланған адамдарда никотин деңгейі мен темекі тартуға деген ұмтылысы кәдімгі шылымқұмарлармен бірдей болып шықты.
Мұндай деректер шынайы өмірде қалай тексеріледі? Жапонияда болған оқиғаны қарастырып көрейік. Күншығыс елінде хиттерлер саудаға түскен кезде тәуелсіз зерттеу жүргізіліп, нәтижесі жарияланған болатын. Зерттеу көрсеткендей, ТҚЖ пайда болғаннан кейін темекінің сатылымы айтарлықтай төмендегені байқалды. Бірқатар кейінгі жарияланымдарға сәйкес осыдан кейін бірнеше жыл бойы темекі, сигариллалар, сигаралар саудасының көрсеткіштері өзінің төмендеуін жалғастырған. Зерттеушілер мынадай қорытындыға келген: темекіні қыздыруға арналған жүйелердің нарықта пайда болуы халық арасында темекі сатылымының өсуіне әкеліп соқтырмай, керісінше, оның тұтынылуын азайтты.
Осылайша ғылыми зерттеулер көрсетіп отырғандай, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу шылымқұмарлар үшін зияны анағұрлым азырақ баламаға айналуы әбден мүмкін, әрі бұл ауыр дерттердің қаупін төмендетуге көмектесе алады. Алайда денсаулық үшін ең оңтайлы шешім, баршамыз білетіндей, шылым шегуден біржолата бас тарту болып келеді.