Мүшеқапты таңдау: түрлері, өлшемдері және не нәрсеге мән беру керек - Лайқос

Лайықты өлшем: мүшеқапты қалай таңдау керек

Мүшеқаптардың әртүрлі пішіндері, өлшемдері және қалыңдықтары кездеседі. Олардың кейбірі ұшына қарай тарылады, кейбірі алынар әсерді ұлғайту мақсатында «мұртты» болып келеді. Біреулері анағұрлым қонымды немесе жұқа болса, басқалары үлкенірек болады. Мүшеқапты таңдау оның қалай сезілетініне, әрекет ететіні мен қорғайтынына байланысты. Дегенмен оның әмбебап түрі жоқ: мүшеқаптан барынша пайда алу үшін өлшемі тура келетін және жағымды сезімдерді қамтамасыз ететін түрін таңдау қажет. Уролог-андролог дәрігері Бибігүл Исмағұлова мүшеқапты қалай таңдау керектігі мен бірінші кезекте не нәрсеге көңіл аудару қажеттігі туралы айтып береді.

Секстің көп болғаны – жақсы. Алайда қорғалған жыныстық қатынастың көп болғаны – бұдан да жақсырақ! Мүшеқаппен болатын секс сезімдерді бәсеңдетеді немесе ер адамға жайсыздық береді деп саналған заман өтті. Біздің денсаулығымыз кез келген ләззат алудан әлдеқайда маңыздырақ екендігін қаперімізден шығармайық. Қалаусыз жүктіліктен қорғанудың көптеген тәсілдері бар, дегенмен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан қорғанудың кеңінен таралған тәсілі – бұл, әрине, мүшеқап екені рас.

Қазіргі таңда мүшеқапты таңдау – аса үлкен мәселе де емес. Өндірушілер кез келген талғам мен түс, әртүрлі қалыңдық пен көлемге арналған бұйымдарды ұсына алады.

Лайықты өлшем: мүшеқапты қалай таңдау керек

Мүшеқаптардың түрлері

Сіз үшін кәдімгі немесе үлкен өлшемді мүшеқаптың жарамды болатынын түсіну үшін ермүшеңіздің айналымы мен ұзындығының қанша сантиметр екендігін білуіңіз керек. Мүшеқаптар ермүше секілді өлшенбейді, сондықтан мүшеқаптың көлемі мен оның сізге қажетті өлшемге қалай әсер ететінін біле отырып, сатып алғаныңыз маңызды.

Мүшеқаптардың екі түрі болады:

«ерлерге арналған»: баршаға таныс мүшеқап, оны ермүшеге кигізеді;

«әйелдерге арналған» (сондай-ақ оны ішкі, қынаптық мүшеқап немесе фемид деп те атайды): бұл қынаптың ішіне орналастырылатын өткізбейтін цилиндрлік қап. Алайда әйелдерге арналған мүшеқапты пайдаланып көрген нәзік жандылардың көбі оның қолданысы мүлдем ыңғайсыз деп санайды. Эстетикалық тұрғыдан да ол баршаны қуанта бермейді, ал кейбіреулер жыныстық қатынас кезінде ауырсыну мен жайсыздықты сезінгендері туралы айтты.

Лайықты өлшем: мүшеқапты қалай таңдау керек

Бұдан басқа мүшеқаптардың өзіндік өлшемдері де болады, сол себептен оның дұрыс таңдалғаны абзал. «Әйелдерге арналған» мүшеқаптар негізінен стандартты өлшемдерде шығарылады: ұзындығы 18 см, диаметрі 8 см. Бұл жерде өлшемге байланысты тым еркінсу мүмкіндігі жоқ, дегенмен стандартты өлшемі жалпы көптеген ер адамдарға сәйкес келіп жатады. Ал «ерлерге арналған» мүшеқапқа келер болсақ, мұндағы жағдай басқаша. Бұл мүшеқаптардың өндірушілері ұзындығын да, енін де, айналымын да ескере отырып, өлшемдерін әбден ойластырып шығарған. Осы тұста ермүшенің өлшемі қозу кезінде өлшенетінін ескерген маңызды. Алайда сіз орамада өлшемі көрсетілмеген жағдайға тап болсаңыз, онда мынадай лайфхакпен бөлісе кетейін: жапондық, корейлік және қытайлық мүшеқаптар АҚШ және Еуропада шығарылатын түрлерінен кішірек болып келеді. Ал мемлекеттік стандартқа сай келетін ресейлік мүшеқаптардың ені 54 мм, ал ұзындығы 178 мм дейін жетеді.

Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?
Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-mozhno-dokuritsya-do-narusheniya-erekcii/

Лайықты өлшем: мүшеқапты қалай таңдау керек

Сонымен бірге мұнда материал да маңызды рөл атқарады. «Ерлерге арналған» мүшеқаптардың дені латекстен, ал «әйелдерге арналғандары» полиуретаннан жасалады. Бұл материал гипоаллергенді болып саналады. Полиуретанды мүшеқаптардың өндірушілері оларды, тіпті, вегетариандар үшін нағыз «қулыққа» айналдырған: латекс өндірісінде сүт ақуызы қолданылады. Әрі латекспен барлығы да азды-көпті түсінікті болғанымен, полиуретан мен полиизопреннен жасалған мүшеқаптардың артықшылығы неде?

  • Полиуретан – бұл пластмассаның бір түрі. Ол латекске қарағанда анағұрлым жіңішке және жылу өткізгіштігі біршама жоғары болып келеді.
  • Полиизопрен құрамы жағынан латекске жақын келеді, дегенмен мұнда аллергиялық реакцияны тудыратын химиялық заттектер жоқ. Ол полиуретаннан қалыңырақ, жұмсақтау болады және созылғыштық қасиеті жоғары.

Латексті мүшеқаптар – кеңінен таралған, алайда жұптың біреуінде аллергиясы бар болса, онда полиуретанды, не болмаса полиизопренді түрін таңдауға тура келеді, ал оларды табу әрдайым мүмкін бола бермейді.

Мүшеқаптардың тағы да бір жаңа түрі бар – органикалық (мембранды), олар қозылардың ішегінен жасалады. Бірақ бұл мүшеқап қалаусыз жүктіліктен ғана қорғайды, ал жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қарсы төтеп бере алмайтыны белгілі.

Лайықты өлшем: мүшеқапты қалай таңдау керек

Мүшеқаптарды сақтау ережелері

Егер сіз мұшеқаптардың жарамдылық мерзімі жоқ және оларды қалай болса солай сақтауға болады деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Орта есеппен алғанда мүшеқаптар төрт жылдай «өмір сүреді» – яғни, мүшеқап салқын әрі құрғақ жерде сақталса, ол осы кезең бойына өзінің тиімділігін де сақтайды.

Мүшеқаппен не істеуге болмайды

– күннің астында ұстауға болмайды;

– қайта қолдануға болмайды;

– өсімдік майлар және вазелинмен бірге пайдалануға болмайды;

– оны тек қана қоздырылған ермүшеге әрі қатаң белгіленген әдіспен кигізу керек: емізік тәрізді ұшы бос қалуы тиіс. Мұны шәуеттің шығуы алдында емес, міндетті түрде жыныстық қатынас алдында істеу қажет;

– сонымен бірге кейбір ер адамдардың қоздырылған ермүшесі шәует шығарылғаннан кейін бірден пішінін жоғалтатынын ұмытпаған жөн, нәтижесінде мүшеқаптың тартылып тұрғаны әлсірейді де, ол шәует өткізуі мүмкін.

Ал енді басты ереженің бірі: мүшеқаптарды алғанда үнемдемеңіз

Бірінші кезекте, бұл денсаулығыңыздың қорғанысы. Арзан мүшеқаптар әдетте стандартты өлшемдерде шығарылады, әрі материалы да аса сапалы болып келмейді. Бұл, өз кезегінде, мүшеқаптың өлшемге сәйкес таңдалмаған жағдайда жыртылып кетуіне немесе мықтап жанаспауына апарып соқтырады.

Қымбатты ер адамдар, қорғалған жыныстық қатынасты таңдай отырып, сіз өзіңізді жауапты және сенімді адам ретінде танытатыныңызды қаперіңізден шығармаңыздар. Қорғалған жыныстық қатынасты таңдай отырып, сіз жұбыңызға бәрі де бақылауда екенін және өзіңіздің сенімге лайықты екеніңізді білдіресіз. Қазіргі заманғы әлемде бұл аса маңызды жайт.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]