Темекі тартудың спорт жаттығуларына әсері: жеке тәжірибе және ойтолғам - Лайқос

Темекі тартатын спортшылар, не болмаса шылым шегу фитнеске зиян келтіре ме

Сәлем! Сіздермен бірге Равиль Измайлов, әрі бұл өмір салты мен спорт тақырыбына арналған спорт маңындағы және СӨС туралы жаңа айдар. Бүгін біз қызықты бір тақырыпты талқылайтын боламыз, бұл тақырып қолына темекі ұстаған Микки Рурк стиліндегі ақ-қара портретімді түсіру үшін бір фотографтың көмегіне жүгініп, жасалған фотосессиядан кейін ойыма келді. Сол кезде Александр есімді фотограф менің өтінішіме таңқалған еді, өйткені мен Facebook әлеуметтік желісінде өзім жасаған бейнем мен имиджім бойынша салауатты өмір салтын ұстанатын адам секілді көрінемін: мен асфальт үстіндегі және ойлы-қырлы жермен жүгіру жарыстарына үнемі қатысамын, аптасына үш рет кроссфитке барамын және өзімнің 40 жуық жасымда достарым мен таныстарым айтпақшы әжептәуір жинақы болып көрінемін. Ал темекімен түскен фото мұнда мүлдем үйлеспейді.

Жалпы алғанда шылым шегетін адамдар жүйкеме тимейді. Мен, тіпті, қолда темекіні ұстау, әсіресе, ақ-қара фотосуретте өте стильді көрінеді деп санаймын. Ал темекі түтіні – жынымды келтіреді. Ол жағымсыз иіс шығарады, шаш пен киімге сіңіп кетеді және ағза үшін мүлдем пайдалы емес. Елестетіп қана көріңізші: оның құрамында 7 мыңнан астам химиялық заттектер, 250 компонент пен 70 жуық канцерогендер бар, әрі осының барлығы, әрине, тіптен пайдалы емес. Пассивті темекі тарту өте қауіпті. ДДСҰ мәліметтері бойынша бұл көптеген аурулардың көзі болып келеді. Сондықтан мені темекі тартуға шақырған кезде мен әрдайым бас тартамын. Егер мен үкіметтегі заң авторларының бірі болғанымда, онда пассивті темекі тарту үшін айыппұлды шығаратын едім.

Сонда мен ойланып қалдым: ал шылым шегу спортқа, соның ішінде әуесқой спортқа қалай әсер етеді екен? Өзім бала кезімнен бастап әбден қинатқан демікпеме байланысты, әрі көптеген темекі құралдары мен қорқорға деген аллергияма қатысты темекі тарпағандықтан, достарым, таныстарым және әріптестерімнен қарапайым жаттығу залынан бастап құзға шығу мен жүгіруге дейінгі әртүрлі спорт түрлерін шылым шегумен қатар қалайша біріктіріп жүргендері туралы сұрақ қоюға бардым. Бұл жалпы пайдалы іс пе? Спойлер: әлбетте, жоқ.

Алғашқы «құрбаным» Павел болды. Ол құзға шығу, шаңғы тебумен айналысады, сонымен бірге жаман әдеті бар – темекі тартады. Менің сұрағыма Павел былай деп жауап берді.

«Жаман әдеттер мен спортты қатар қолдану – бұл пицца мен ананас (Италиядағы достарым мені кешірсін) немесе кофе мен сүтті (көптеген диетологтардың айтуынша, бұл үйлесім асқазан-ішек жолы үшін зиянды) секілді бір-бірімен онша сәйкес келмейтін өнімдерді біріктірумен бірдей. Жалпы өмір сүрудің өзі зиянды әрі қауіпті нәрсе, сондықтан нені немен араластыратыны әрбір адамның жеке ісі. Маған шылым шеккен ұнайды, әсіресе, бір шыныаяқ эспрессоны іше отырып, тұтатылған бірінші темекі ерекше дәмді болып келеді. Темекі тартатын орын мен шағын әңгіме-дүкен құру, тіпті, кейбір жұмыс бабындағы қандай да бір мәселелерді шешуге көмектесіп жатады. Сонымен бірге мен құзға шығумен айналысамын, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын, кейде жүгіремін, ал қыста жүгіру шаңғысын да тебемін. Менің жағдайымда спорт – бұл үлкен хобби, уақытты жағымды өткізу және қоршаған орта мен айналысып отырған ісімді ауыстырып отыру ғана, мен нәтижеге қол жеткізуге ұмтылмаймын. Менің ойымша, медальдар мен жеңіс тұғырлары керек жерде темекі мен алкоголь тек кедергі ететіні айқын».

Мен Павелдің пікірімен келісемін. Әрбір адамның өзіндік жаман әдеттері болады: мен, мысалы, масайтатын көбікті сусынды ұнатамын және оны изотоник деп санаймын, алайда қазір мәселе бұл туралы емес. Кәсіби спортта жаман әдеттерге орын жоқ екендігі сөзсіз, ал әуесқой түрінде мұндай қателік бар, алайда мен мұны мүлдем құптамаймын. Дегенмен бұл жерде әуесқой спорт – бұл, Павел айтпақшы, жай ғана ермек іс. Ал ермек іс пен жаман әдеттер – әркімнің жеке ісі болып келеді.

Менің екінші сұхбаттасым Кирилл болды. Мен Кириллмен бір жарым жылдай таныспын, әрі біздің бір де бір кездесуіміз оның қолындағы темекісіз өтпеген. Ол көп шылым шегеді, тіпті, менің ойымша, өте көп десем болады. Кирилл спорттық өмір салтын ұстанбайды, дегенмен жаттығу залына тұрақты түрде барады, сондықтан мен оған темекі тарту мен жаттығуларды қалай біріктіріп жүргені туралы сұрағымды қойдым.

«Мен екі орындықта отыруға тырысып жүрмін. Бір жағынан достарыммен бірге барларда уақыт өткізгенді ұнатамын, бұл дегеніміз темекі тарту және алкогольді ішімдіктерді тұтыну деген сөз. Ал екінші жағынан, өзіңді қалпыңда ұстауың керек, осы тұста спортзал мен жүгіруден артық әлі ешкім ешнәрсе ойлап таппаған, – дейді ол. – Осының барлығын қатар алып жүру қиынға соғады. Мен жаттығулардың алдында қыдырмауға және темекіні азырақ шегуге тырысамын. Бұл күштемелі жаттығуларға кедергі етпейді, бірақ жүгіру жолағында кейде деміңнің жетпейтіні кәдімгідей сезіледі. Бәрін айт та, бірін айт: егер, тіпті, төбешікке жылдам көтеріле қалсаң, ентігіп бастайтын кездер болады. Әрине, темекіні тастаған әлдеқайда қисынды болар еді, дегенмен бұл ләззаттан бас тартумен тең. Жағдай тіптен қиындай түспесе, әзірге екеуін бірге алып жүруді жалғастырамын».

Ол тағы да былай деп қосты: қазір темекі тартуды бөліп отыр – ішімдіктерді тұтынғанда қарапайым темекіні алады, ал күнделікті өмірде хиттерлерді қолданып келеді. Оның айтуынша, қарапайым темекіден кейін залда аэробты жүктеме кезінде тыныс алуы қиындай түсетінін байқаған.

Кириллдің түсіндірмесі менің пікірімді растап отыр, яғни, шылым шегу жүгіру және айналма жаттығулар барысындағы тыныс алу техникасына әсер етеді. Осыған дейін айтқанымдай, мен жүгірумен белсенді түрде айналысамын, әрі мен үшін диваннан тұра салып, жартылай марафонды жүгіріп өту қиын емес, ал темекі тартатын достарым мен жылдам жүрсем, кей кездері ентіпкенің салдарынан тұншығып бастайды да, артымнан ілесе алмай қалады.

Түтінсіз Қазақстан: тыйым салынған вейптерді немен ауыстыруға болады
Темекі шегу мен жаман әдеттерден бас тарту трендтердің артынан ілесудің жай ғана талпыныстары емес, бұл…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/bezdymnyi-kazahstan-ili-chem-zamenit-zapreshennye-veipy/

Осы тұста есіме бір күлкілі жаңалық түсіп отыр: Қытайда бір ер адам аузынан темекісін тастамай, марафонның толық қашықтығын (42 км және 195 метр) жүгіріп өткен. ҚХР-да ережелердің қандай екендігін білмеймін, алайда Қазақстанда жүгіру жарыстарына қатысқан кезде алкогольді тұтыну және шылым шегуге тыйым салынған. Ережені бұзғаны үшін қатысушы жарыстан шеттетіледі.

Үшінші адам, бұл тұста маған нәзік жанның пікірін білу қызықты болды. Менің бұрынғы әріптесім және құрбым Елена – IT және телеком саласының сарапшысы, өзі бимен айналысады. Егер әлеуметтік желілердегі парақшасына қарасаңыз, оның, тіпті, жаман әдеттері бар деп те ойламайсың.

«Спорт – би, жаттығу залы және жалпы алғанда демалыстың белсенді түрлері – бұл менің өмірімнің стилі, бар бос уақытымды спортқа жақын келетін істерге арнауды ұнатамын. Сонымен бірге мен «өтілі» өте жоғары шылымқұмармын, яғни, 18 жастан бастап темекі тартамын. Бірнеше рет бас тартуғы ұмтылдым, тіпті, бұл сұрақ бойынша психотерапевтпен де жұмыс істеп көрдім, алайда бәрі бекер болған. Мен үшін шылым шегу – сол мезетте стресті жеңілдету мен мазасыздықты басудың тәсілі, – дейді ол. – Темекі тарту спорттық көрсеткіштерге әсер ете ме? Иә, марафонды жүгіріп өте аламын. Дегенмен маған мүлдем басқа себептерге байланысты жүгіруге болмайды. Темекіні тастаймын ба? Меніңше, иә, бірақ шыны керек, бұл менің спортпен шұғылдануыма кедергі етпейді: мәселен, жаттығудың алдында бір сағат бұрын темекі тартуды доғарамын, табиғат аясына жасалатын жорықтарда да шылым шекпеймін. Тек жұмыс кезінде болмаса».

Жаман әдет және спортпен айналысуды біріктірудегі Ленаның әдісі маған ұнайды. Ол осы екеуін бөліп, жаттығар алдында темекі тартпауға тырысады. Меніңше, бұл дұрыс көзқарас.

Сауалнамаға қатысқан соңғы адам Қуат Камали, өтілі менен жоғары болып келетін кроссфит-атлет, әуесқой желаяқ. Сондай-ақ ол 20 жылдан астам уақыт бойы темекі тартып келеді.

Қуат жаман әдеті мен спортпен шұғылдануы жайында былай дейді.

«Мен темекі шегуді студенттік шақта, 2002 жылы бастағанмын, алайда бұл әдетке онша әуестенген жоқпын. Негізінен компания үшін және спирттік ішімдіктерді тұтынған кезде темекі тартатынмын. Содан бері осылай қалыптасып қалған: алкогольді ішкен кезде ғана шылым шегемін. 22 жыл болып қалған екен. Айта кетсем, жұмыс күндері темекі тартуға мүлдем қызықпаймын, керісінше, темекінің иісі мен дәмі жиіркенішті болып көрінеді, алайда кішкене ішіп алсам, бірден темекі шегуге тартып тұрады. Бұл әдетке айналған іс. Дегенмен бұл әлдеқайда жақсы шығар, жұмыс күндері темекі тарту үзілістеріне уақытымды кетірмеймін, кешкісін спортпен айналысамын, сондықтан бұл жерде шылым шегу артық нәрсе. Біржолата бас тартудың да мәні жоқ деп ойлаймын: себебі темекіні сирек тартамын, сондықтан бұл менің өміріме кедергі етпейді және қатты шығынға ұшыратпайды: бір қорабы 2-3 аптаға дейін жетеді. Жүгіру және кроссфитпен жұмыс күндері, яғни, темекі тартпаған кезде шұғылданамын. Егер жұмыс аптасының соңында жақсылап қыдырып, ішімдік ішіп, темекі тартсам, онда келесі күні спортпен мүлде айналыспаймын, өйткені бұл ағза үшін зиянды».

Өздеріңіз көріп отырғандай, менің сұрақтарыма жауап берген адамдардың барлығы да темекі тарту түріндегі жаман әдетке ие, дегенмен олар бұл әуестіктің денсаулыққа және спортпен шұғылдану барысындағы хал-жағдайына деген әсерін түсініп отыр, сол себептен біреуін екіншісімен біріктірмеуге тырысады. Кеңестерді беру және медальдарды тапсыру менің құзіретім емес, дегенмен әлеуметтік желілерде белгілі бір күндер немесе, тіпті, жылдар бойы темекі тартпайтыны мен алкогольді тұтынбайтындары туралы статустарын жариялайтын адамдар – менің жеке жігерлендірушілерім. Нақ осындай адамдардан үлгі алып, көпшілікке насихаттау керек.

Қорытындылай келе, әрі бағана авторы есебінде мынадай кеңес бергім келеді: денсаулығыңызға болатын зиянды төмендетуге ұмтылыңыз, өйткені бұл қолымыздағы ең құнды нәрсе. Ал спортпен айналысасыз ба, әлде жоқ па – бұл әр адамның жеке таңдауы, алайда мен біздің салауатты және спорттық ұлт болғанымызды қолдаймын.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]