Темекінің баламалары: хиттерлер, шайналатын темекі және зиянды төмендетудің басқа да тәсілдері - Лайқос

Темекіден арылуға бел бусаңыз, хиттерлерге ауысу тұрарлық нәрсе ме?

Ерте ме, кеш пе әрбір шылымқұмар өзі және айналадағылар үшін темекінің денсаулыққа тигізетін зиянын қалай төмендетуге болатыны туралы ойлана бастайды. Мұндағы ең жақсы тәсіл – темекіден біржолата бас тарту болып келеді, дегенмен осындай кенет қадамдарға барлығы бірдей дайын бола бермейді.

Зияны анағұрлым төменірек баламаларды іздейтіндер үшін әртүрлі нұсқалар бар:

  • Темекіні қыздыру жүйелері, не болмаса хиттерлер. Бұл темекі стиктерін қыздыратын құрылғылар. Мұндағы зиянды заттектердің мөлшері құрылғылардың түтін шығармауының арқасында айтарлықтай төмендей түседі: денсаулыққа негізгі залалды жанатын темекіден шығатын дәл осы уытты түтін келтіреді. Хиттерлер дәстүрлі темекімен салыстырғанда 95% азырақ зиян тигізеді, әрі никотиннен біржолата бас тартуға дайын емес адамдар үшін қолайлы нұсқа болып келеді.
  • Шайналатын темекі – сығымдалған немесе оралған ширақ түріндегі кептірілген темекі жапырақтары. Никотин ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы сіңіріледі.
  • Никотиндік сағыз – шайналатын темекіге қарағанда заманауи әрі әлдеқайда ыңғайлы балама нұсқа.
  • Никотиндік жабыстырғыштар – никотинді тері арқылы жеткізеді.

Қорытынды жасайық

Темекінің көптеген балама нұсқалары баршылық, әрі олар уытты әрі көзді ашытатын түтінді шығармайды, ауаның сапасын бүлдірмейді, айналадағы адамдар үшін анағұрлым жайлы және қауіпсіз. Нені таңдасаңыз да, мына бір жайтты есте сақтаған маңызды: темекінің түтін шығармайтын балама нұсқалары шылым шегуден болатын зиянды төмендетуі мүмкін, алайда сізді ауруларға шалдығу тәуекелінен құтқара алмайтыны хақ. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 2 Average: 3]