Дене мүсінін қалай дұрыстауға болады: арқаны жазу мен бүкіреюден құтылудың қарапайым тәсілдері - Лайқос

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Елестетіп қана көріңізші: адамдардың 80% арқаның ауырсынуы мен дене мүсініне байланысты түйткілдерден зардап шегеді! Бүкіштік дене сымбатын ғана бұзбайды, сонымен бірге денсаулыққа да айтарлықтай зиян келтіреді: тыныс алуды қиындатады, бас ауруы мен тұрақты түрде болатын шаршағандық сезімін тудырады. Өзіңізді әлдеқайда жақсырақ сезінуді және батылырақ көрінуді қалайсыз ба? Онда еңсеңізді қалай ұстап жүргеніңізге назар аударатын уақыт келді.

Дене мүсіні бұзылуының себептері

Жалпы дене мүсінінің нашарлауына көптеген факторлар септігін тигізеді, әрі олардың дені адамның өмір салты мен күнделікті әдеттеріне байланысты болып келеді.

  1. Аз қозғалысты өмір салты. Компьютер алдында ұзақ уақыт бойы отыру немесе көп отырып қызмет істеу арқа мен мойын бұлшықеттерін әлсіретіп, омыртқаның қисаюына әкеліп соқтырады. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, күллі әлем бойынша адамдардың 60% бастап 85% дейін аз қозғалысты өмір салтын ұстанады екен. Физикалық белсенділіктің жетіспеушілігі жаһандық ауқымдағы өлім-жітімге соқтыратын маңыздылығы жағынан төртінші фактор болып саналады.
  2. Жұмыс кезіндегі бұрыс дене күйі. Монитордың төмен орналасуы, ыңғайсыз орындық және құрысқан дене қалпындағы жұмыс та мүсіннің қисаюына апаратын себепке айналуы мүмкін.
  3. Кор бұлшықеттерінің әлсіздігі. Іш пен арқа бұлшықеттері омыртқаны ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. Әлсіз келген бұлшықеттер дененің дұрыс қалпын сақтай алмайды.
  4. Ауыр арқа қоржындар мен сөмкелер. Салмақты заттарды бір иыққа салып жүру немесе арқа қоржындағы салмақты дұрыс таратып үлестірмеу омыртқадағы қисаюды тудыруы ықтимал. Сымбатты дене мүсінінің негізі балалық шақта қалыптасады. Алайда мектеп қабырғасында-ақ оқушылар қалыпты салмақтан, тіпті, екі есе асатын портфельді арқалайтын кезде ол қайдан пайда болсын?
  5. Стресс және эмоционалдық алаңдаушылық. Психологиялық күй физикалық хал-жағдайға тікелей байланысты. Адамдар көбінесе жабырқаңқы көңіл-күй немесе мазасыз күйге ұшыраған кезде бүкірейіп жүреді.

Дене мүсінін түзетудің жолы: жаттығулар кешені

Мүсінді түзету – бұл тұрақты түрде күш салу мен өзін-өзі бақылауды талап ететін үдеріс. Мына жаттығулар арқа бұлшықеттерін нығайтуға, иілгіштікті жақсарту мен омыртқаны түзетуге көмектесетін жаттығулар.

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Дене мүсінін түзетудің жолы: құрысқан мүсіннен сымбатты еңсеге дейін

Профилактика және арқаны тік ұстау бойынша кеңестер

Дене мүсінін жақсы қалыпта сақтау үшін жаттығуларды тұрақты түрде орындау ғана емес, сонымен бірге күнделікті әдеттеріңізді қадағалап отырған маңызды.

  1. Дене қалпын бақылап жүріңіз. Қалай отырғаныңызды немесе қалай тұрып тұрғаныңызды қадағалап жүруді үйреніңіз, әрі қажет болған жағдайда дене күйін түзетіңіз. Жауырынның түйісіп, ал иықтың түсіп тұрғанын бақылаңыз! Өзіңізді патшадай ұстаңыз.
  2. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырыңыз. Еңкею немесе мойынды тартудың қажеті туындамайтындай етіп, орындық пен монитор биіктігін реттеңіз.
  3. Тұрақты түрде үзіліс жасаңыз. Егер сіз көп уақытты отыру қалпында өткізсеңіз, әрбір 30-60 минут сайын тұрыңыз, әрі сергітетін және қан айналымын жақсартатын жаттығуларды орындаңыз. Таймерді қойсаңыз да болады.
  4. Ортопедиялық аксессуарларды қолдану. Отыруға арналған жастықтар, ортопедиялық ұлтарақтар және дене мүсінін түзеткіштер дененің дұрыс қалпын сақтауға көмектеседі. Дегенмен түзететін корсеттерге ғана сенудің керегі жоқ. Өйткені арқаңыздың бұлшықеттері бұл тапсырманы өздігінен орындауды үйренуі тиіс.
  5. Салмақты қадағалау. Артық салмақ омыртқаға қосымша жүктемені түсіреді, әрі бұл дене мүсінін нашарлатуы мүмкін. Дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділіктің көмегімен салауатты салмақты сақтағаныңыз абзал.

Тік тұрсыз ба? Демек, сіз анағұрлым биік, сымбатты, сенімді көрінесіз. Егер бүгін сіз, тіпті, ішіңізден өзіңізге онша сенімді болмасаңыз да, арқаңыз мұны танытпайтыны хақ. Иықтарыңызды тіктеп, тәж тағып жүргендей, еңсеңізді көтеріп жүретін кез келді – өйткені патшаларға бүкірейіп жүру жараспайды!

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]