Жомарт жұмадағы жеңілдіктерді сауатты пайдалану бойынша кеңестер

Жеңілдіктер жұмасы: жаппай сатылымға қалай дайындалу керек және маркетингтік тұзаққа түспеудің жолы

Жеңілдіктер жұмасы нағыз марафонға ұқсас болып келеді, әрі мұнда мыңдаған адамдар тура «Аштық ойындарындағыдай» үздік бағаларды қуудан жарысқа қатысып жүреді. Естеріңізде болсын: жарқын баннерлер мен қызығарлықтай ұсыныстардың артында белгілі бір тәуекелдердің жасырынып тұрғаны хақ. Лайқос жобасы жаппай сатылымдарды дұрыс пайдалану мен қажетсіз сатып алудан қалай аулақ болу керектігі туралы құпияларымен бөліседі.

Жеңілдіктер жұмасы дегеніміз не?

1950-ші жылдары АҚШ-тағы дүкендер Алғыс айту күнінен кейінгі келесі күні сатып алушыларды тарту мақсатында жеңілдіктерді ұсынған болатын. «Жеңілдіктер жұмасы» атауы Филадельфия полицейлерінің арқасында пайда болған, олар сол күні көшелердегі үлкен қозғалыс пен қарбаласты ерекше атап көрсеткен. Уақыт өте келе Жомарт жұма нағыз жаһандық құбылысқа айналады.

Жаппай сатылымдардың артықшылықтары және кемшіліктері

Оң тұстары:

  • Үнемдеу.
  • Арнайы науқандар мен бонустар, яғни, тұрақты сатып алушыларға арналған кэшбек және арнайы ұсыныстар.

Теріс тұстары:

  • Қажетсіз заттарды сатып алу. Шын мәнісінде айтарлықтай агрессивті маркетингтің ықпалынан кәдімгі уақытта қызықтырмайтын заттарды сатып алу оп-оңай. Мұндай әдіс-тәсіл қалаулы тауарсыз қалып қою, әрі жеңілдікті пайдаланып қалмау қорқынышын тудырады да, импульсивті сатып алуға мәжбүрлейді.
  • Маркетингтік қысым. Миымыз жеңілдіктер туралы ақпаратқа толы, тіпті, қандай да бір нәрсені сатып алуды жоспарламаған адамдардың өздері күдіктене және мазасыздана бастауы мүмкін – бәлкім, бұл зат маған шынымен де керек шығар?
  • Дүкендердің ішінде адамдардың көптеп жиналуы мен сығылыс. Жеңілдіктер жұмасында аутлеттер мен ірі сауда орталықтарында адамдар көптеп жиналады. Бұл ұзын кезектер, дүкендер ішіндегі сығылыс және, тіпті, жарақат алу қаупі бар жағдайларға әкеліп соқтырады.
  • Жеңілдіктерге байланысты алдау жағдайлары. Кей кездері дүкендер Жомарт жұманың алдында бағаларды жасанды түрде көтереді де, осылайша үлкен жеңілдіктердің иллюзиясын қалыптастырады. Сондықтан тауар анағұрлым арзан тұрады екен деп ойлап, бағасынан артық төлеу қаупі бар.

Жеңілдіктерді дұрыс пайдаланудың 10 ережесі

  1. Қажетті тауарлардың тізімін жасап қойыңыз, осылайша сіз керексіз сатып алуға жол бермейсіз.
  2. Бюджетті алдын ала анықтап алыңыз, әрі одан аспауға тырысқаныңыз жөн.
  3. Жеңілдіктерден болатын шынайы пайданы түсіну үшін бағаларды Жомарт жұмадан бұрын біліп алыңыз.
  4. Сатушылардың сенімділігін тексеріңіз.
  5. Әртүрлі платформалардағы бағаларды салыстырып көріңіз. Анағұрлым тиімдісін таңдаңыз.
  6. Тауарлар жайындағы пікірлер мен олардың рейтингі. Сапа туралы алдын ала біліп алғаныңыз абзал.
  7. Жеңілдіктердің шынайы пайдасын бағалаңыз. Егер тауар сізге қажет болмаса, демек мұндағы жеңілдіктің де пайдасы жоқ.
  8. Қайтару шарттары мен кепілдік беру мәселесін зерттеңіз.
  9. Шектеулі ұсыныстарды сатып алуға асықпаңыз. Мұндай жеңілдіктер асығыстық сезімін тудырады, алайда сатып алуды мұқият ойланғаннан кейін ғана жасаған дұрыс.
  10. Кэшбек пен науқандарды пайдаланыңыз.

Жаппай сатылымдарда жасалатын қателіктер

Көбіне-көп жаппай сатылымдарда адамдар «қажет болып қалар» деген оймен көбірек тауарларды сатып алу еркіне жол береді. Мұндай жағдайдан сақ болуға келесі кеңестер көмектесе алады:

  • Импульсивті сатып алу. Жеңілдіктер жұмасына дейін сізді қызықтырмаған тауарларды сатып алмаңыз.
  • Қайтару шарттарын елемеу. Кей кездері жаппай сатылымдарға ілігетін тауарлар қайтаруға жатпайды, сондықтан бұл туралы алдын ала біліп алғаныңыз дұрыс.
  • Қажеттіліктен емес, жеңілдігі бар болуы себебінен сатып алу. Егер тауарға деген жеңілдік, тіпті, 70% болса да, ол бәрібір сізге керек емес болуы мүмкін.

Қарапайым ережелерді ұстана отырып, сонымен бірге кеңінен таралған қателіктерге жол бермесеңіз, онда сіз бюджеттен аспай-ақ, әрі импульске берілмей, қалаған нәрселеріңізге қол жеткізе аласыз. Баршаңызға саналы сатып алуды жүзеге асыруды тілейміз.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 5]