Лубрикантты қалай таңдаймыз: түрлері, ерекшеліктері және дәрігердің кеңестері - Лайқос

«Неғұрлым ылғалды болса, соғұрлым жақсырақ»: жыныстық қатынас үшін қандай лубрикант қажет

Жыныстық қатынастың негізгі ережесі: неғұрлым ылғалды болса, соғұрлым жақсырақ. Секстің сапасын жақсартуда майлағыш өте үлкен рөлді атқарады. Дәрігер-уролог, андролог Бибігүл Исмағұлова қандай лубриканттарды таңдаған дұрыс, олардың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін әңгімелеп берді.

Қоздырылған жай-күй кезінде ерлерде де, әйелдерде де табиғи майлауыш бөлінеді, бұл жыныстық қатынасты анағұрлым жайлы және жағымды ете түседі. Алайда әртүрлі адамдарда табиғи майлауыштың мөлшері де әртүрлі болып келеді. Бұл жас шамасына, етеккір кезеңінің күніне, стрестік жағдайларға, сонымен бірге адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Кейде оның жеткіліксіз мөлшерде бөлінетін кездері болады. Есте сақтауды қажет ететін маңызды жайт: қосымша майлағышқа деген қажеттілік сіздің жұбыңызға деген үлкен құмарлықтың жоқтығын немесе зауқыңыздың болмауын білдірмейді. Осы тұста лубриканттар көмекке келеді.

Лубриканттар – бұл не және не үшін керек?

Лубриканттар – бұл жыныстық қатынасқа түсер алдында немесе оның барысында жыныс мүшелеріне жағылатын жасанды майлағыш. Ол тері мен шырышты қабықты ылғалдандырады, сондай-ақ сырғуды жақсартады.

Майлағышты таңдау – бұл жұптың жеке шешімі болып келеді. Мен тек қана олардың түрлері туралы және әрқайсысының қандай артықшылықтары бар екендігі жайлы айтып беремін. Бүгінде нарықта лубриканттардың үш түрі кездеседі.

Май негізіндегі лубриканттар: пайда болған ең алғашқылары. Әрі әлем бойынша ең бірінші майлағыш вазелин болып саналады. Қазіргі заманда бұл лубриканттар өте сирек қолданылады, өйткені олар латекстен жасалған мүшеқаптармен сәйкес келмейді (оларды ерітіп жібереді). Негізінен оларды аналды жыныстық қатынас кезінде пайдаланады.

Су негізіндегі лубриканттар: ең жеңіл түрі, аллергияны тудырмайды деуге болады. Олар кез келген жыныстық қатынас түріне жарамдылығымен жақсы. Ал негізгі кемшілігі олардың жылдам құрғап кетуінде жатыр – жыныстық қатынас кезінде оны қосып тұруға тура келеді, сол себептен шығыны үлкен болады.

Силикон негізіндегі лубриканттар: заманауи әлемде – бұл ең көп қолданылатын майлағыш. Гиппоаллергенді, мүшеқаптардың кез келген түрімен үйлесімді және жыныстық қатынастардың барлық түрлеріне жарамды. Теріге баяу сіңірілуін және жеңіл сырғуды қамтамасыз етеді. Уқалау үшін жиі қолданылады.

Лубриканттарды әсеріне қарай түр-түрге бөлуге болады:

қоздыратын (ынталандыратын): интимдік аймақтардағы қан айналымын күшейте түседі. Әйелге сезміталдықты жақсартуға, жынстық қатынасты анағұрлым қанық етуге көмектеседі, ал ерлерге эрекцияны жақсартуға септігін тигізеді.

спермицидтік (ұрықтануға қарсы) әсері бар лубриканттар: жүктілік әзірге жоспарына кірмейтіндер үшін өзекті. Басты ерекшелігі: лубрикант жыныстық қатынастан кейін 2-3 сағат бойы қынаптың ішінде қалуы тиіс.

тыныштандыратын немесе емдейтін әсері бар лубриканттар: тітіркену сезімін алып тастайды және кішкентай жарақаттардың жазылуына септігін тигізе алады.

жыныстық қатынасты созуға арналған лубриканттар: жыныс мүшесінің сезімталдығын төмендетеді.

Шылым шегу эрекцияның бұзылуына әкеп соқтыра ма?
Андролог дәрігер Бибігүл Ысмағұлова әңгімелейді Қазақстанда белсенді темекі тартатын 10 ер адамның 8-і эрекцияға байланысты…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-mozhno-dokuritsya-do-narusheniya-erekcii/

Лубрикантты қалай таңдау керек және қандай ұсыныстарға құлақ асқан жөн

Аллергиясы бар адамдарға су негізіндегі лубриканттарды таңдаған абзал. Сонымен бірге міндетті түрде құрамында бояғыштар, хош иісті қоспалар мен эфирлік майлардың жоқ екендігін ескерген маңызды. Егде жастағы адамдарға құрамында парабендері жоқ лубриканттарды таңдауға ұсыныс берер едім.

Қынап кандидозына шалдыққан әйелдерге құрамында глицерині жоқ майлағыштарды қолданған абзал.

Майлауыш ретінде өсімдік майларын, вазелинді, маргаринді, балаларға арналған иісмайларды пайдалануға мүлдем болмайды. Олардың барлығы да қынаптың шырышты қабатының нашарлауын, сонымен қатар ерлерде де, сол секілді әйелдерде де инфекциялардың дамуын тудырады.

Балалы болуды жоспарлап жүрген жұптарға лубриканттардың шәует жасушаларын «зақымдай» алатынын ескерген маңызды. Жалқаулыққа салынбай, ұрықтылыққа арналған лубриканттарды іздегеніңіз жөн.

Уролог маманы ретінде мына жайтты сенімді түрде айта аламын: қымбатты арулар, циститке жол бермеу үшін лубриканттарды пайдаланғаныңыз дұрыс. Гинеколог әріптестер де жасы үлкен әйелдерге, етеккір үзілісі басталған және қынаптың ішінде құрғақтық сезімі болған кезде – ал бұл енді тұрақты түрде болатын жай-күй, майлағыштарды қолдануға кеңес береді. Жыныс мүшелерінің құрғақтығынан ер адамдар да зардап шегеді: бұл жыныс мүшесінің терісінде кішкентай жарықтардың пайда болуына әкеліп соқтырады, ал кейде оларға инфекция да қосылады, әрі қабыну үдерісі пайда болады.

Мен қазіргі заманның өзіндік ережелер мен үрдістерге еріксіз көндіретінін қайталаудан жалықпаймын. Жыныстық қатынас – бұл жұптағы екі адамның да жауапкершілігі екені сөзсіз. Олардың әрқайсысы өз серіктесінің ерекшеліктерін ескеруі керек, сонда жыныстық қатынас міндет емес, нағыз рахатқа айналады. Зайыптық борыш пен денсаулық үшін жыныстық қатынасқа түсу секілді түсініктерді ұмытыңыз. Жұптың жақындығы тек қана ерікті және ләззат үшін болуы тиіс.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]