Никотиннің пайдасы: денсаулыққа әсері мен терапевтік мүмкіндіктері

Никотин адамға қалай әсер етеді

Никотин баршамыз үшін, негізінен темекі тартуға қатысы бар болғандықтан, денсаулыққа зиян келтіреді деген түсінікпен тығыз байланысты. Бұл нейротоксин болып келеді, ал оны жиі тұтыну ми жұмысының бұзылуына, зейін қою, есте сақтау және ойлау қабілеттерінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Ол қан қысымының жоғарылауына апарады, инсульт пен инфаркт қаупін арттырады, асқазан-ішек жолының жұмысын бұзады, сондай-ақ теріге де теріс әсерін келіреді.

Ғалымдар осы уды емдік мақсатта қолдану амалдарын іздеу үстінде, алайда шыны керек, оның өте шектеулі мөлшері қарастырылып отыр. Лайқос никотиннің несімен пайдалы екенін, оның қандай қауіптері мен шектеулері барын және оны медицинада қалай қолдануға болатынын анықтап алды.

Қауіптер мен шектеулер

Ең алдымен никотиннің қолданысы ерекше сақтықты ұстануды қажет ететінін, сондай-ақ тек қана дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс екендігін есіңізден шығармаңыз. Негізгі қауіптер мыналар:

  1. Тәуелділік. Никотин, тіпті, таза түрінде де әдеттенуді тудырады, сондықтан оның терапевтік қолданысы тек қана дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
  2. Жүрекке түсетін салмақ. Никотин қан қысымын жоғарылатады, жүрек соғуын жылдамдатады, ал бұл өз кезегінде жүрек ауруларына шалдыққан ададмар үшін қауіпті болып келеді.
  3. Тыныс алуға беретін әсері. Темекі түтінінің құрамындағыдай токсиндердің жоқтығына қарамастан, таза никотин тыныс алу жолдарын тітіркендіре алады, бұл да зақым келтіруі бек мүмкін.
  4. Жүкті әйелдер және балалар үшін қауіптілік. Никотин ұрықтың дамуына және балалардың миына зиянды әсер етуі ықтимал.
  5. Зерттелмеген ұзақ мерзімді салдары. Никотиннің қысқа мерзімді әсерлері зерттелгенімен, оны қауіптенбей-ақ қолдана беру үшін адам ағзасына деген ұзақ мерзімді салдары туралы мәліметтер жеткіліксіз болып отыр.

Ағзаға келетін зиянды төмендетудің жолы

Егер сіз темекі тартып жүрсеңіз және никотиннен біржолата бас тарту секілді маңызды қадамға әзірге дайын болмасаңыз, оны алудың зияны анағұрлым төменірек тәсілдерін қарастырғаныңыз абзал. Хиттерлер, жану үдерісіне жол бермей, никотинді тұтынуға мүмкіндік береді: темекінің ұшында – 7 мыңнан астам химиялық қосылыстар кездеседі, соның ішінде канцерогендер де бар. Хиттерлер болса, керісінше, іс жүзінде олардың иісі жоқ деп айтуға болады және мүлдем түтін шығармайды, жану үдерісі болмағандықтан, мұндағы темекі тек 350 °C аспайтын температураға дейін ғана қыздырылады. Бұл темекі тартудың зиянын айтарлықтай төмендетуге жағдай туғызады, дегенмен сіз хиттерлер түзетін аэрозольден никотин алуды жалғастыра бересіз. Алайда ең жақсы шешім – темекі шегуден біржолата бас тарту екенін қаперіңізден шығармаңыз.

Никотиннің ағзаға деген әсері қандай

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, никотин адам ағзасы үшін бірнеше жағымды әсер бере алады.

  1. Когнитивті қызметтерді қолдау. Зерттеулер көрсеткендей, таза никотин есте сақтау қабілеті мен зейін қоюды жақсарта алады, Альцгеймер секілді ми ауруларының даму қаупін төмендетуі мүмкін.
  2. Мазасыздықты төмендету және көңіл-күйді жақсарту. Кейбір зерттеулер никотиннің мазасыздық күй мен күйзеліс кезінде көмек ретінде қолданылуы мүмкін екенін көрсетті.
  3. Тәбетті қадағалап отыру және дене салмағын сақтау. Никотин тәбетті басады. Ол қан құрамындағы қанттың деңгейін арттырады, осылайша жеңіл-желпі тамақтануға арналған үзілістердің санын азайтуға және тоқтық сезімін ұзақ уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік береді.
  4. Моторика мен зейін қою қабілетін жақсартады. Никотин нейрондардың жақсырақ әрекеттесуіне көмектеседі, әрі бұл қимыл-қозғалыс үйлесімі мен сыртқы ортадағы қоздырғыштарға деген реакцияны жақсартуға септігін тигізеді. Сондықтан адамдардың көбі никотиннің шағын дозалары оларға зейін қоюды арттыра түсетінін атап көрсетеді.
  5. Есте сақтау қабілетін нығайту. Зерттеулер көрсеткендей, белгілі бір мөлшерлердегі никотинді егде жастағы адамдардың есте сақтауға байланысты түйткілдерін емдеу кезінде қолдануға болады.

Бұл тұста мына бір аса маңызды жайтты атап өткен жөн: мұнда таза никотиннің медициналық қолданысы туралы сөз қозғалуда, демек бұл тек қана дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі тиіс!

Қорытынды

Ұзақ уақыт бойы нағыз у деп есептелген никотин, егер оны қатаң медициналық бақылаумен қолданса, адам денсаулығы үшін пайдалы қасиеттерге ие болуы да әбден мүмкін. Алайда никотинге байланысты қауіптер, сонымен бірге оны медицина саласында қауіпсіз пайдалану мақсатында көбірек зерттеулердің жүргізілу қажеттігі туралы есте ұстаған абзал.

Осылайша никотинге әлдеқайда теңгерімді көзқараспен қарау керек, ал оның ықтимал медициналық артықшылықтары қосымша зерттеулерді қажет етеді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]