Қазақстандағы шипажайлар: денсаулыққа пайдасы бар ең жақсы демалыс

Қазақстандағы шипажайлар: сауықтыру және қалпына келтіру

Қазақстанда шипажайларда демалу үрдісі өзінің тиімділігі мен бір уақытта денсаулықты жақсарту және табиғат көріністерінен ләззатқа бөлену мүмкіншілігі арқасында, тіпті, жас буынның арасында да кеңінен таралып отыр. Лайқос жобасы сіздер үшін күшіңізді қалпына келтіруге көмектесетін және аурулардан кейін ағзаңызға қамқорлық танытуға болатын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі шипажайлардың тізімін жасады.

Шипажайдағы демалыс денсаулыққа қалай әсер етеді

Жалпы алғанда шипажайдағы демалыс кешенді тәсілдерді біріктіреді: демалыс, емдеу және аурулардың алдын алу.

Бұл қалай көмектеседі:

  • Иммунитетті нығайтады.
  • Аурулардан кейін ағзаның функцияларын қалпына келтіреді.
  • Жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің қызметін, тыныс алу мен ас қорыту мүшелерінің, тірек-қимыл аппаратының жұмысын жақсартады.
  • Күйзеліс пен шаршағандыққа қарсы күресуге мүмкіндік бере отырып, өмір сапасын жақсартады.

Қазақстандағы танымал шипажайлар

Almaty Resort

Мекенжайы: Әлмерек көш., 1/1, Алматы.

Процедуралар:

  • Прессотерапия (аспаппен уқалау)
  • Су терапиясы (молекулалық сутекпен ингаляция жасау)
  • Фангопарафин (балшық, саз және балдырдың қоспасы қанайналымын жақсартады)
  • Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)
  • Ішкі және сыртқы қолдануға арналған минералды су
  • Инемен емдеу
  • Амплипульстерапия
  • Магнитпен емдеу (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту және жүйке жүйелерінің ауруларына шалдыққан кезде)
  • Тұз шахтасы

«Көктем» шипажайы

Мекенжайы: Асқартау ықш.ауд., Көктем көш., 1, Алматы.

Процедуралар:

  • Тамырішілік қанды лазерлік суәлелендіру (зат алмасу үдерісі мен қанның регенерациясын жақсартады)
  • Соққылы-толқынды емдеу
  • Ішкі және сыртқы қолдануға арналған минералды су
  • Тұз терапиясы (ЛОР-мүшелерінің созылмалы аурулары мен аллергияларға шалдыққанда)
  • Уқалау, ЕДШ
  • Гирудотерапия (сүлік)
  • Косметологиялық қызметтер
  • Вакуум терапиясы

Terrassa Park

Мекенжайы: Бурабай ауылы, Набережная көш., 18а, Ақмола облысы.

Процедуралар:

  • Уқалау, ЕДШ
  • Электр терапиясы (иммунитетті көтереді, түйілу мен стресті төмендетеді)
  • Термотерапия
  • Механотерапия
  • СПА

Манкент

Мекенжайы: Байтерек ауылы, Шәймерденов көш., 77, Сайрам ауд., Түркістан облысы.

Процедуралар:

  • Уқалау, ЕДШ
  • Тұз шахтасы
  • Шипалы балшықпен емдеу
  • Физиотерапия
  • Натуротерапия
  • Ингаляциялар

«Сарыағаш»

Қазақстандағы шипажайлар тарихы кеңестік кезеңнен бастау алады, ол кезде республиканың аумағында сауықтыру мақсатында минералды су мен шипалы балшық белсенді түрде қолданыла басталғаны мәлім. Алғашқы шипажайлардың бірі – «Сарыағаш» болып келеді, оның негізі XX ғасырдың ортасында қаланған еді.

Мекенжайы: Сарыағаш ауд., Көктерек ауылы, Келес көш., 38, Түркістан облысы.

Процедуралар:

  • Термотерапия
  • Натуротерапия
  • Шипалы балшықпен емдеу
  • Ішкі және сыртқы қолдануға арналған минералды су
  • Фангопарафин
  • Уқалау, ЕДШ

Nurbergen Health Resort

Мекенжайы: «Ақжайык» шипажайы, 2, Теректі ауд., Батыс Қазақстан облысы.

Процедуралар:

  • Тамырішілік қанды лазерлік суәлелендіру
  • Физиотерапия
  • Шарко себезгісі
  • Сумен емдеу
  • Шөппен емдеу және балшық жапсырмалары
  • От терапиясы (қанайналымын жақсартады және бұлшықетті босаңсытады)

Қорытынды

Бұл демалыс пен денсаулыққа қамқорлық танытуды біріктірудің бірегей мүмкіндігі. Қазақстан шипажайлары минералды су, таза ауа, қазіргі заманғы медициналық қызметтер, косметологиялық процедуралар мен ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Бұдан артық не керек десеңізші? Өзіңізге деген күтімді кейінге қалдырмаңыз және аурулардың алдын алу ағзаңызды қалпына келтіруден гөрі әлдеқайда жеңілірек екенін қаперіңізден шығармаңыз.

Как вы оцените статью?
[Total: 1 Average: 1]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.