ЗЖГС дегеніміз не әрі қиындықтарына беріспеудің жолы
9 сұрақ
1. ЗЖГС аббревиатурасы нені білдіреді?
2. Ересектердегі ЗЖГС белгісіне не жатпайды?
3. ЗЖГС диагнозы қалай анықталады?
4. ЗЖГС қиындықтарына беріспеуге не көмектеседі?
5. Ересек адамдарда ЗЖГС қаншалықты жиі кездеседі?
6. Төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы ЗЖГС бақылау стратегиясына жатпайды?
7. ЗЖГС кімде жиі кезедеді?
8. Осылардың қайсысы – ЗЖГС туралы дақпырт?
9. ЗЖГС синдромы бар адамдарға немен айналысқан пайдалы?
Зейін жеткіліксіздігі және жоғары белсенділік өмірді айтарлықтай қиындатуы бек мүмкін, әсіресе, ересек шақта. Адамға өз әрекеттері мен эмоцияларын бақылауда ұстау қиынға соғуы ықтимал. Егер сіз осыған тап болсаңыз, бәлкім, бұл ЗЖГС, яғни, зейін жеткіліксіздігі мен гипербелсенділік синдромы шығар. Лайқос ЗЖГС қайдан пайда болатынын, оны айырып тану мен синдромға байланысты қиындықтарға беріспеудің жолын анықтады.
ЗЖГС белгілері
- Зейінсіздік: зейін қою қиынға соғады, адам көп нәрсені ұмытып қалады, заттарын жиі жоғалтып отырады, өз істерін құрылымдай алмайды.
- Гипербелсенділік: тынышсыздық, үнемі қимылдау, жағдайларға қарамастан, бір орында отыра алмау.
- Албырттық: ойластырылмаған шешімдерді қабылдау, адам әңгімелесушінің сөзін бөліп жібереді, ол үшін өз кезегін күтіп отыру қиынға соғады.
ЗЖГС себептері
- Генетикалық факторлар. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, ЗЖГС тұқым қуалайды. Ата-анасы осы синдромға шалдыққан балалар бұған ұқсас түйткілдерге жиі ұшырайды.
- Қоршаған ортаның әсері. Жүктілік кезінде ананың күйзеліске тап болуы, мерзімінен бұрын босануы, токсиндер немесе инфекциялардың әсері, мидың жарақаттануы ЗЖГС даму қаупін арттыруы мүмкін.
- Гормондар рөлі. Тепе-теңдіктің бұзылуы, мәселен, дофамин, бұл зейін қою мен мінез-құлықты бақылауда ұстауға ықпал етеді.
Сізде ЗЖГС бар екенін қалай түсінуге болады
Бала кездегі ерте белгілер
- Ашу қысу сәттерінің жиі болуы немесе тіл алмау.
- Үнемі қимыл-қозғалыста болу, тіпті, ыңғайсыз жағдайда да.
- Зейін қоюды талап ететін тапсырмаларға ұзақ уақыт көңіл тоқтату қиындығы.
Ересектердің түйткілдері
- Ұйымдастыру және мерзімдерді сақтауға байланысты қиындықтар.
- Жұмыс орындарын жиі ауыстырып отыру.
- Шешімдерді қабылдаудың тиянақсыздығы және есте сақтау қабілетінің түйткілдері.
ЗЖГС анықтаудың жолы
Дәрігерлер ЗЖГС диагнозын адамды біршама бақылағаннан кейін, ата-анасы, мұғалімдері, әріптестерімен сөйлесіп болған соң, сонымен бірге тестілер мен сауалнаманы жүргізгеннен кейін ғана қояды.
Диагнозды өз бетімен қою мүмкін емес, өйткені белгілер басқа бұзылуға шалдыққанды көрсетуі әбден мүмкін – жоғары мазасыздық, депрессия, оқыту үшін зерде бұзылыстары. Маман басқа себептерді жоққа шығаруға және қолайлы емдеу жоспарын таңдауға көмектесе алады.
ЗЖГС қалай емделеді
Дәрі-дәрмектер
Әдетте дәрігерлер зейін қоюды жақсарту мен артық белсенділікті төмендетуге көмектесетін дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Дәрілер жеке-жеке таңдалады, әрі оларды маманның қатаң бақылауында ғана қабылдауға болады.
Психотерапия және коучинг
Когнитивті мінез-құлық терапиясы (КМТ) тайм-менеджмент, жинақылық дағдыларын дамытуға, әрі эмоцияларды жақсырақ басқаруға септігін тигізеді. Коучинг мақсат қою мен оларға қол жеткізуге көңіл тоқтатуға көмектеседі.
ЗЖГС синдромы бар адамды қалай қолдауға болады
- Шыдамдылық танытыңыз, айыптаудан аулақ болыңыз.
- Жоспарлауға көмектесе отырып, нұсқауларды нақты, айқын, қысқаша және көрнекі етіп тұжырымдаңыз.
Психологиялық қолдау және дұрыс жағдай жасау
Адамның жинақы болуына септесетін және алаңдатпа факторларын мүмкіндігінше жоққа шығаратын жағдайды жасаңыз. Мысалы, тыныш жұмыс орны немесе кестені қолдану күнді реттеуге көмектесе алады.
Қорытынды
ЗЖГС – бұл үкім емес, бұл кешенді тәсілді қажет ететін ерекшелік. Уақытында жасалған диагностика мен емделу өмір сапасын анағұрлым жақсартуға мүмкіндік туғызады. ЗЖГС синдромы бар адам үшін өз әлеуетін ашу мен өмірдің сын-қатерлеріне төтеп беруге жағдай жасау тек қоғам мен жақын адамдар тарапынан көрсетілетін қолдаудың арқасында ғана мүмкін болмақ.