
Қазақстандағы ең ерекше және қызықты кәсіптер: тарологтан бастап ұшақ жуушыға дейін
«Мамандық» сөзін естіген кезде ойымызға бірден дәрігерлер, мұғалімдер және инженерлер келеді. Алайда бұл әлем біз ойлағаннан әлдеқайда кең. Қазақстанда, мәселен, бәрін көрдік деп санайтын жандарды да таңғалдыратын жұмыс орындарды табуға болады. Вubble tea сусындарын дегустациялауды қалайсыз ба? Әлде кәсіпқой стример болғыңыз келе ме? Лайқос жобасы бірегей мамандарды кім іздейтінін, олардың не істейтіні мен осы жұмыс үшін қанша төлейтінін анықтады.
1. Кавист – шарап сарапшысы
- Жалақысы: 400-600 мың теңге
- Не істеу керек? Клиенттерге шарап таңдауға көмектесу, сұрыптардан, сондай-ақ өндіруші елдерден хабардар болу, сусынның тарихын әңгімелеу және шарап дүкенінің ассортиментін белсенді жылжыту.
- Кімдерді іздейді? Танин және терруардың не екенін білетін шарап әуесқойлары. Жұмыс тәжірибесі 1-3 жыл, әрі сертификаттар мен дипломдар болуы тиіс, клиенттермен тілдесу икемділігі.
- Бұл несімен керемет? Елестетіп көріңізші, сіздің жұмысыңыз — шараптың дәмін тату және ол туралы әңгімелеу! Алайда рөлге отыра алмайтыныңыз хақ.
2. Bubble tea дегустаторы – тәтті құмарлардың арманы
3. Бустер – виртуалды жеңістер әлеміне жол көрсетуші
- Жалақысы: $500-700 қолға беріледі
- Не істеу керек? Ойыншыларға ойындардағы жаңа белестерге жетуге, олардың дәрежелері мен дағдыларын жақсартуға көмектесу. Клиенттерді өз машықтарын жетідіруге үйрету.
- Кімдерді іздейді? Ойындардағы дәрежесі жоғары әрі ағылшын тілін меңгерген тәжірибелі ойыншы.
- Бұл несімен керемет? Сіз сүйікті ойыныңызды ойнай отырып, бұл арқылы ақша таба аласыз. Оған қоса қашықтан жұмыс істеу, апта сайынғы жалақы және жұмыс кестесін таңдау мүмкіндігі.
4. Зоокөмекші – жануарлар досы
5. Стример – интернет жұлдызы
- Жалақысы: сұхбат барысында келісіледі
- Не істеу керек? TikTok желісінде тікелей эфирлерді жүргізу, ассортимент туралы әңгімелеу және тікелей эфирде сатылымдарды жүзеге асыру.
- Кімдерді іздейді? Сатушы дағдыларына ие және қазақ әрі орыс тілдерін жетік меңгерген харизмалық адамдар.
- Бұл несімен керемет? Жұмыстың гибридті форматы және TikTok желісінің жұлдызына айналу мүмкіндігі.
6. Ұшақ жуушы
7. Ойындар сценарийшісі
- Жалақысы: сұхбат барысында келісіледі
- Не істеу керек? Ойындарға арналған хикаялар мен сценарийлерді ойдан шығару, қызықты және есте қаларлық кейіпкерлерді ойлап табу, дизайн-құжаттар мен техникалық тапсырмаларды қалыптастыру, тармақталған сюжеттер мен дарақ тәрізді диалогтармен жұмыс істеу.
- Кімдерді іздейді? Еліктіріп әкететін көп сериялы сюжеттер мен шынайы, есте қалатын кейіпкерлерді ойдан шығара алатын сценарийші.
- Бұл несімен керемет? Қашықтан жұмыс істеу форматы, мансап бойынша жоғарылау мүмкіндігі, тиянақталған жалақы.
8. Таролог – карталар әлеміне жол көрсетуші
9. Жасырын сатып алушы – тыңшы іспетті
- Жалақысы: сұхбат барысында келісіледі
- Не істеу керек? Дүкендер, мейрамханалар және басқа да орындардағы қызмет көрсетудің деңгейін жасырын тексеру.
- Кімдерді іздейді? Диктофоны бар және қарапайым сатып алушы сияқтану икемділігіне ие зейінді және жауапты адамдар.
- Бұл несімен керемет? Толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылу, еркін жұмыс кестесі, бұл күніңізді өз бетімен жоспарлауға мүмкіндік береді.
10. Мұражай қорғаушысы – тарих сақшысы
Ерекше кәсіптер ақшаны ғана емес, сондай-ақ әсерлі эмоцияларды сыйлайды. Егер жұмысыңыз іш пыстырарлық болып көрінсе, әрдайым кавист немесе ұшақ жуушы кәсібін байқап көруге болатынын ұмытпаңыз. Өйткені бұл әлем таңғажайып мүмкіндіктерге тола, ең бастысы – оларды пайдаланудан қорықпау керек!
Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]