
Темекі vs. хиттерлер: иіс газдарында айырмашылық бар ма?
Қытай ғалымдары кәдімгі темекі мен хиттерлерге арналған стиктерден бөлінетін аэрозольді салыстырып көрді. Ал Лайқос егжей-тегжейін анықтады.
Иіс газы дегеніміз не және ол несімен зиянды
Тұншықтырғыш газ, не болмаса көміртек монооксиді (СО), әртүрлі заттектердің жануы барысында бөлінеді, соның ішіне темекінің жануы да кіреді. Дәстүрлі темекі және хиттерлер темекіні тұтынудың екі түрлі тәсілі болып келеді, алайда екеуі де осы газдың түзілуіне ықпал ете алады.
Дәрігер-пульмонолог және торакалды хирург Бекдәулет Әкімниязованың айтуынша: «Тұншықтырғыз газ – бұл нағыз у, әрі ол ең алдымен қанды, сонымен бірге жүйке жүйесін, тыныс алу жүйесін, өкпе, бұлшықет тіні және жүректі зақымдайды. Өзінің уыттылығы тұрғысынан ол көгертетін қышқылға жақын келеді» (редакция ескертпесі: көгертетін қышқылды деммен жұтқан жағдайда бұл тұншығу, сал ауруы, жүректің тоқтауына әкеліп соқтыруы ықтимал).
Сарапшының пайымдауынша, тұншықтырғыш газдың басты қаупі оның өкпе арқылы қан жасушаларына жылдам еніп кетуінде жатыр, осылайша ол мұндағы оттегінің орнын басады. СО денсаулық үшін қауіпті, себебі ол қандағы гемоглобинмен байланысып, оттегінің ағза мүшелері мен тіндеріне жеткізілуіне кедергі келтіреді. Қан құрамындағы оттегі мөлшерінің төмендеуі салдарынан тұншығу басталады.
Ғалымдар нені анықтады
Қытай ғалымдары Ұлттық жаратылыстану ғылымдары қоры мен Хэбэй провинциясындағы Ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен хиттерлердің негізгі аэрозольдері мен кәдімгі темекінің химиялық компоненттерін жүйелі түрде салыстырып отырған. Олар хиттерлер мен кәдімгі темекіден ұшпа органикалық қосылыстардың (ҰОҚ), көміртек монооксидінің (СО), никотин және шайырдың сынамаларын алған. Сондай-ақ денсаулыққа деген қауіп-қатерді де бағалаған. Нәтижелер көрсеткендей, қарапайым темекінің түтінімен салыстырғанда хиттерлердің аэрозольдерінде СО көрсеткіші 95,9%-ға төменірек болған.
Хиттерлер немесе темекі: иіс газы қайсысында азырақ?
Дәстүрлі темекі мен хиттерлерден бөлініп шығатын тұншықтырғыш газдың деңгейлерін салыстырып қарағанда, әлбетте, айтарлықтай дәрежедегі шығарындылар темекі тарту кезінде пайда болатыны анық. Темекінің жоғары температурадағы жану үдерісі иіс газының аса көп мөлшерде бөлінуімен бірге жүреді, сондай-ақ оны деммен бірге шылымқұмар ғана жұтпайды, өйткені ол қоршаған ауаға таралып кетіп, пассивті темекі тартушыларға да қауіп төндіреді. Бұл үдеріс өте уытты және денсаулыққа едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.
Шылымға қарағанда хиттерлерде жану үдерісі қолданылмайды, олар темекіні бақыланатын жылыту негізінде жұмыс істейді. Бұл тұншықтырғыш газ деңгейінің анағұрлым төмендей түсуіне апарады. Алайда оның минималды мөлшерлері органикалық қосылыстардың толық ыдырамауының нәтижесінде бөлінуі мүмкін болғанымен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл деңгейлер темекі тартумен салыстырғанда әлдеқайда төменірек болып отыр. Дегенмен ең жақсы шешім темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек.