Жөндеусіз жөндеу: интерьерді өз қолыңызбен жаңарту мен үнемдеудің жолы

Жөндеусіз-ақ интерьерді жаңартудың жолы: шабыт сыйлайтын идеялар

Интерьеріңізді жаңғыртуды қалайсыз, алайда жөндеу жайындағы ойлардың өздерінен де қорқып отырсыз ба? Жақсы жаңалығымыз бар: мұны жаһандық шығындар мен күрделі үдерістерге жүгінбей-ақ жасауға болады! Азғантай жасампаздық, бірнеше қарапайым шешім — міне, сіздің үйіңіз жайнап-жарқырап кетті. Лайқос өз бетінше және барынша аз шығынмен интерьерді жаңартудың жолын айтып береді.

Жөндеусіз жөндеудің артықшылықтары

  1. Уақыт пен ақшаны үнемдеу

Жұмысшылар бригадасын шақыру немесе кезекті демалысыңызды ауқымды өзгерістерге жұмсаудың керегі жоқ. Қарапайым өзгерістерді бір-екі демалыстың ішінде-ақ енгізуге әбден болады.

  1. Жасапмаздық қасиетті таныту мүмкіндігі

Сіз тоқыма, әшекей бұйымдары және жиһазбен эксперимент өткізе отырып, өзіңіз дизайнер бола аласыз.

  1. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу

Интерьерді жөндеу жұмыстарынсыз жаңарту – бұл ескі заттарды қайта өңдеу, қалдықтарды барынша азайту және анағұрлым саналы тұтыну дегенді білдіреді.

Интерьерді жаңартуға арналған идеялар

Жөндеусіз-ақ интерьерді жаңартудың жолы: шабыт сыйлайтын идеялар

Фото: pexels

  1. Тоқыма: перделер, жастықтар немесе төсек-орын жабдықтарын жаңа жарқын нұсқаларына ауыстырыңыз.
  2. Жиһазды бояу: ескі үстел немесе комодқа жағылған бояудың жаңа қабаты немесе декоративті үлдір жиһазды айтарлықтай түрлендіре түседі.
  3. Жарық: стильді шамдар, гирляндаларды қосыңыз немесе плафондарды алмастырыңыз.
  4. Декор: айналар, суреттер, фотосуреттерге арналған жиектемелерді немесе, тіпті, қолдан жасалған бұйымдарыңызды қолданыңыз.
  5. Өсімдіктер: бұл кез келген кеңістікті гүлдендіре түседі және жайлы атмосфераны туғызады. Эксперимент жасаудан және өсімдіктерді қосудан қорықпаңыз. Сонымен бірге, егер сіз жарқын тоқыма бұйымдарын қоюға шешім қабылдай алмасаңыз, өсімдіктер интерьердегі керемет басымдыққа айналары сөзсіз.
  6. Жиһаздың орнын ауыстырып қою: кейде заттардың үйреншікті орналасуын жай ғана өзгерте салу да жеткілікті болмақ.
  7. Екпін берілетін қабырға: түсқағаздар, сәндік панельдер, ашық түсті бояуларды таңдау, декоративті сылақ немесе, тіпті, фотосуреттер топтамасы бөлменің өзіндік ерекшелігіне айнала алады.

Неден бастаған дұрыс

Жөндеусіз-ақ интерьерді жаңартудың жолы: шабыт сыйлайтын идеялар

Фото: Pexels

  1. Өзгерістердің мақсатын белгілеңіз

Жарқындықты қосқыңыз келе ме, жайлы атмосфераны жасауды қалайсыз ба, әлде кеңістікті анағұрлым функционалды етуді көздеп отырсыз ба?

  1. Интернеттен көмекке келетін суреттерді іздеңіз

Өзіңіз қалайтын нәтиженің визуалды көрінісі – интерьердің сәтті жаңаруының кепілі. Интернет арқылы бөлмеңіздің қандай болғанын қалайтыныңызды бейнелейтін мысалдарды тауып алыңыз. Бұл дәл сіз үшін қолайлы болатын ықтимал шешімдерді әлдеқайда жақсырақ түсінуге көмектеседі.

  1. Жиһаздың орнын ауыстырудан бастаңыз

Ауыр шкафтар мен тоңазытқыштарды қозғаудан бұрын, ең алдымен, оларды барынша оңтайлы орналастырудың жолын ойластырып алыңыз. Бөлменің жоспарын жоғарыдан түсірілгендей етіп қағаз бетіне түсіріңіз және сызба бойынша жиһаздың орнын өзгертіп қоюды көріңіз – бұл артық физикалық күш жұмсау мен орналастырудағы қателіктерден аулақ болуға септеседі. Жоспар дайын болған кезде шынайы өзгерістерге көшіңіз.

  1. Бюджетті жоспарлап қойыңыз

Интерьердің жаңартылуы қымбат бағалы жобаға айналмауы үшін қанша қаражат жұмсауға дайын екеніңізді алдын ала белгілеп қойған маңызды. Бюджетті негізгі санаттарға бөліңіз: жиһаз, сәндік бұйымдар, жарық, тоқыма. Қандай заттарды өз қолыңызбен жаңғырта алатыныңызды, сондай-ақ қайсыларына ақша жаратуға тура келетінін бағалаңыз.

Осының барлығына күш қайда…

Егер сізде үйіңізге арналған сәндік бұйымдарды таңдап отыруға уақыт тапшы болса, немесе ынтаңыз болмаса, бұл тұста сізге хоумстейджерлер – стильді интерьер жасау ісінің кәсіпқойлары көмекке келеді. Олар кеңістікті бағалап, арнайы тұжырымдаманы әзірлеп, жиһаз, тоқыма және аксессуарларды таңдап береді, сонымен бірге үйіңіздің жақсы жақтарына ерекше көңіл аударуға көмектесе алады.

Қорытынды

Эксперименттерден қорқудың керегі жоқ – жарқын акценттерді қосыңыз, ескі жиһазды жаңартыңыз, қабырғаларды безендіріңіз! Есіңізде болсын: ұсақ-түйек нәрселердің арқасында нағыз жайлылыққа қол жеткізіледі, әрі кеңістігіңіз ауқымды өзгертулерге жүгінбестен, бірегей болуы әбден мүмкін. Шабыттаныңыз және әрекет етіңіз!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.