
Салауатты өмір салтының айқын емес артықшылықтары
Сіз салауатты өмір салты (СӨС) дегеніміз не екендігі жайлы ойланып көрдіңіз бе? Әбден мүмкін. Бірақ көпшілігіміз бұл ұғымның мәнін тереңірек зерттеуге бармағанымыз хақ. Көп жағдайда СӨС зиянды әдеттерден бас тарту, спортпен айналысу және дұрыс тамақтану деп қабылданады. Алайда бұл мұзтаудың тек су бетіндегі бөлігі ғана. Шын мәнінде салауатты өмір салты – жеке гигиена, иммунитетті нығайту, сонымен қатар күнделікті өміріміздің психологиялық, әлеуметтік және эмоциялық қырларын да қамтиды.
СӨС-ті әдетке айналдыру оңай емес, сондықтан адамдардың көбі бір заманауи әншінің әнінде айтылғандай, «өмірден ләззат алуды» жөн көреді. Алайда денсаулықты сақтауға бағытталған өмір салтының айқын емес артықшылықтары қандай және ол үшін не істеу керектігін бірге анықтайық.
Жеке тәжірибе: денсаулыққа апарар күрделі жол
Менің 40 жастамын, әрі мен әлі, кем дегенде, тағы да осыншама жыл өмір сүргім келеді. Шынымды айтсам, мен СӨС 100% ұстанбаймын. Мен жүгіремін, жаттығамын, ұйқы мен салмағымды бақылап жүремін, дегенмен кейде өзіме фастфуд, энергетикалық сусындар немесе аздап алкоголь ішуге рұқсат етемін. Мұндай өмір салтын салауатты деп тануға бола ма? Бәлкім, бұл әркім өзі таңдайтын тепе-теңдікке байланысты шығар.
Денсаулықтың негізгі факторларының бірі – біздің эмоциялық күйіміз. Күйзеліс, қоғамның қысымы бізге көпшілік алдында жыла немесе қуаныштан билеуге мүмкіндік бермейді. Бірақ менің ойымша, мұнда тұрған ұятты ешнәрсе жоқ. Эмоцияларды дамыту, оларды дұрыс жеткізу және басқара білу – ішкі үйлесімділіктің маңызды бөлігі.
Жақында мені терең ойға батырған бір сұрақты естіп қалдым: «Сіз бақыттысыз ба?» Менің жауабым: «Иә, бірақ әрдайым емес». Мен мәреге жетіп, мойныма мәреші медалі тағылғанда, қиын жаттығудан кейін жеке рекордымды жаңартқанымда немесе ауыр күннің соңында жүгіріп, серігіп алған кезде бақытты сезінемін. Тіпті, қарапайым жүгірудің өзі көңіл-күйімді жақсартады.
СӨС–тің айқын емес артықшылықтары
Достарымнан жеке өздері үшін салауатты өмір салтының айқын емес артықшылықтарын атауды сұрадым. Берген жауаптары мынадай:
- Тәртіп пен күн тәртібі. Уақытын дұрыс жоспарлай білетін адамның күні жеке кестесіне сәйкес өтеді. Көптеген өмірлік қырларында үйлесімділік орнайды, пайдалы әдеттер қалыптасады – мысалы, түскі уақытта ұйықтау немесе кешкі уақытта серуендеу.
- Энергияның көптігі және сапалы ұйқы. Таңғы немесе күндізгі жаттығулар күш-қуат береді, ал кешкі уақытта спортпен айналысу ұйқы сапасын жақсартады. Дене әрдайым тонуста болады.
- Шыдамдылықтың артуы. Адамға жаңа міндеттер мен қиындықтарды жеңу әлдеқайда жеңіл бола түседі.
- Қаржы үнемдеу. Фастфуд, темекі және алкогольден бас тарту арқылы айтарлықтай ақшаны үнемдеуге болады.
- Тамақтанудың алуан түрлілігі. Дұрыс тағамдар – бұл алуан түрлілік. Оларды дайындау аса қиын емес, әрі бұл ағзаға жеңіл сіңеді.
- Араласатын ортаның кеңеюі. Ортақ қызығушылықтар бойынша жаңа таныстықтар, жаттығу бойынша серіктестер мен өмір салты бойынша жаңа достар пайда болады.
- Өзгелер үшін үлгі болу. Салауатты өмір салтын ұстанатын адам өзі байқамастан, айналадағы адамдарға, әсіресе, балаларға жақсы үлгіге айналады.
- Жалпы денсаулықтың жақсаруы. Зиянды әдеттерден бас тартқан кезде ағза біртіндеп тазарады және жаңарады.
Әдеттер және денсаулық
Сүйікті асыңыздағы калория мөлшерін есептеп, не болмаса десерттің құрамындағы қант деңгейіне назар аударып көрдіңіз бе? Дұрыс тамақтану – ағзаны созылмалы аурулардан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын, қант диабетін, семіздік пен онкологиялық дерттердің даму қаупін азайтады. Фастфуд, артық қант тұтыну және зиянды тағамдардан бас тарту – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы.
Темекі шегу мен алкогольден бас тарту – салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларының бірі. Өкінішке қарай, зиянды әдеттер көптеген адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған, менің де өмірімде белгілі бір дәрежеде бар. Темекі шекпесем де, ара-тұра алкоголь ішемін. Сондықтан өзім үшін қабылдаған бір шешім бар: егер қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстансам, бұл ұзақ мерзімді денсаулығым үшін үлкен артықшылық береді. Ал егер зиянды әдеттерден мүлдем бас тартсам, қартаю үдерісі баяулап, өмірімнің сапасы әлдеқайда жақсара түседі.
Көптеген достарым темекіні тастауға бел буып жүр. Біреулер денсаулығына алаңдаса, басқалары темекі түтінінің иісін ұнатпайды немесе әр шылымнан кейінгі ауырлық сезімінен шаршаған. Кейбіреулері хиттерлерге (қызатын темекі өнімдері) ауысып, темекіні азайтуға тырысады, және бұл олардың шегу жиілігін төмендетуге көмектеседі.
Жақында бір зерттеуге көзім түсті: хиттерлерден бөлінетін аэрозоль құрамында темекі түтініне қарағанда 95% аз зиянды заттар бар. Бұл денсаулыққа қамқорлық жасаудың алғашқы қадамы болар, бірақ менің ойымша, ең жақсы шешім – темекіні мүлдем қойып, өкпе мен ағзаны қажетсіз жүктемеден босату. Оның үстіне, қаламыздағы ауа сапасы онсыз да мінсіз емес.
Психикалық денсаулық: бақытты болудың жолы
Психикалық денсаулықты нығайту үшін мен сөйлескен мамандар келесі кеңестерді ұсынды:
Әр адам – бірегей, сондықтан бұл қадамдарды өз қажеттіліктерге бейімдеу керек.
Денсаулық ұсақ-түйек нәрселерден басталады
Мен қан қысымымды жүйелі түрде бақылап отырамын, әсіресе, күн райы құбылмалы болғанда, өйткені метеотәуелділігім бар. Әрбір жарты жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, тұрақты түрде дәрумендерді қабылдаймын. Сондай-ақ ұйқымның ұзақтығы 8 сағаттан кем болмауын қадағалап, ұйқының биоырғақтарын сақтау мен салмағымды бақылауға тырысамын.
Салауатты өмір салты – бұл тек физикалық белсенділік қана емес, сонымен қатар ұсақ-түйек нәрселерге мән беру:
– Хал-жағдайыңызды бақылаңыз. Қан қысымы, салмағыңыз бен ұйқы сапасын тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.
– Қант, фастфуд және газдалған сусындарды тұтынуды азайтыңыз.
– Жаяу жүріңіз. Күніне кемінде 8 мың қадам жасаңыз – бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады, иммунитетті нығайтуға көмектеседі.
Ғылыми зерттеулер мен ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес, ересек адам күн сайын 8 мың қадам жасауы қажет. Бұл көрсеткіш семіздік қаупін төмендетеді, ұйқының сапасын жақсартады, әрі иммундық жүйені күшейтеді. Егер жаттығуға бару мүмкіндігі болмаса, көбірек жаяу жүріңіз, лифттің орнына баспалдақпен көтерілуді таңдаңыз, көлігіңізді үйдің жанында қалдырыңыз.
Тонометр, фитнес-білезік және еден үстілік таразы денсаулықты қадағалап отыруға көмектеседі.
Қорытынды
СӨС – бұл тек физикалық қана емес, сонымен қатар эмоциялық, әлеуметтік және психологиялық денсаулық дегенді білдіреді. Бүгіннен бастап пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы сіз ұзақ әрі сапалы өмірдің негізін қалайсыз. Есіңізде болсын: салауатты өмір сүру – бұл бақытты өмір сүру!