
Кофені пайдалы етудің жолы: балама сүт және қанттың орнына стевияны қолдану
Кейбір адамдар таңертеңгі бір шыныаяқ эспрессосыз ұйқысынан ояна алмайды, ал басқалар өз таңын жайлы кофеханадағы капучиносыз елестете алмайды. Бұл әдет қаншалықты пайдалы және сіз өзгерте алатын нәрсе бар ма? Лайқос анықтайды.
Заманауи зерттеулер көрсетіп отырғандай, тамақтанудағы артық қант пен лактоза салмақ, қандағы глюкозаның деңгейі және, тіпті, терінің күйіне байланысты түйткілдерге әкелуі мүмкін. Сондықтан адамдардың көбі балама сүт пен стевия сияқты табиғи тәттілендіргіштерді таңдайды.
Балама сүт дегеніміз не және ол несімен пайдалы
Балама сүт – бұл сиыр сүтін алмастыратын өсімдік негізіндегі сусындар. Олардың танымал болуының бірнеше себебі бар:
- Ағзаның лактозаны қабылдамауы – әлемдегі адамдардың шамамен 70% лактозаны нашар сіңіреді.
- Өсімдік сүті оңай қорытылады және құрамында қаныққан майларлың мөлшері аз.
- Ол дәрумендер мен антиоксиданттарға бай, әсіресе, жаңғақ пен соядан жасалған нұсқалары.
- Калориялығы төмен, соның ішінде бадам және соя сүттерін атауға болады.
Балама сүттің қандай түрлері бар?
Әрбір өсімдік сүттің өзіндік дәмі, құрамы және ағзаға әсері бар:
- Бадам сүтінің калориялығы төмен, Е дәруменіне бай, бірақ дүкеннен сатып алынған нұсқаларында қосымша қанттар болуы мүмкін.
- Кокос сүті кофеге кілегейлі дәм береді және құрамында пайдалы майлар бар, дегенмен басқа сүттерге қарағанда калориялығы жоғары.
- Сұлы сүті – талшықтың көзі және латте жасау үшін жарамды, алайда құрамында көмірсулар көп болуы мүмкін.
- Соя сүті – ақуызға бай, жақсы көбіктенеді, бірақ сезімталдығы жоғары адамдарда аллергияны тудыруы мүмкін.
- Күріш сүті – гипоаллергенді нұсқа, дегенмен құрамында қант көп кездеседі.
Кофеге қай сүтті қату қолайлы
- Эспрессо үшін – бадам немесе соя сүті, өйткені олар кофенің дәмін бұзбайды.
- Латте үшін – кремге ұқсас келетін құрылымға байланысты сұлы немесе кокос сүті.
- Капучино үшін – соя сүті, себебі ол жақсы көпіршектенеді.
Балама сүттің қандай жанама әсерлері бар?
- Бадам сүті жаңғаққа деген сезімталдығы жоғары адамдарда аллергияны тудыруы мүмкін.
- Сұлы сүтінде көмірсулар көп, бұл қант диабетімен ауыратындар үшін маңызды.
- Кокос сүтінің калориялығы басқаларға қарағанда жоғары болып келеді.
Стевия дегеніміз не және ол қантқа қарағанда несімен жақсы?
Стевия – бұл дәл осылай аталатын өсімдіктен алынған табиғи тәттілендіргіш. Қантпен салыстырғанда ол:
- Қандағы қант деңгейіне әсер етпейді – қант диабетімен ауыратындар мен көмірсулардың тұтынылуын бақылайтын адамдарға жарамды.
- Қанттан 200-300 есе тәтті – тәтті дәм беру үшін аз мөлшерінің өзі жеткілікті.
- Сусындардың калориялығын азайтады – денебітімін ерекше қадағалайтындарға өте қолайлы.
- Тісжегіні тудырмайды.
- Салмақты бақылауға көмектеседі, өйткені құрамында бос калориялар жоқ.
- Инсулиннің күрт секірістеріне жол бермейді, бұл оны зат алмасуы бұзылған адамдар үшін пайдалы етеді.
Стевияны қалай дұрыс қолдануға болады?
- Тым көп қоспаңыз – стевияның өзіндік дәмі бар, ол ащы болып көрінуі мүмкін.
- Жасанды қоспаларсыз табиғи сығындыларды таңдаңыз.
- Сұйық немесе таблетка түріндегі стевияны қолданған дұрыс, себебі ұнтақталған нұсқасында толтырғыштар болуы мүмкін.
Қорытынды
Балама сүт пен стевия – кофені пайдалырақ, ағзаға жеңілірек және дәмді етудің тамаша тәсілі. Кофеге арналған әдеттегі қоспаларды анағұрлым пайдалы баламалармен ауыстырып көріңіз – бәлкім, сіз ешқашан кәдімгі қант пен сүтке қайта оралмайтын шығарсыз.