Төстартқышты дұрыс таңдаймыз: омырау денсаулығы, пайдалы кеңестер мен тесттер

Мінсіз төстартқышты қалай таңдау керек: қиналудан шаршағандарға арналған нұсқаулық

8 сұрақ

Төстартқыштың өлшеміндегі «D» нені білдіреді?

Бюстгальтердің дұрыс таңдалғанын қалай түсінуге болады?

Қандай төстартқыштар омырауды жақсырақ ұстап тұрады?

Қандай мата бюстгальтер үшін ең жайлы болып саналады?

Жапсарсыз төстартқыш несімен жақсы?

Бюстгальтер қолтық аймағын қысып тұрса, не істеу керек?

Үлкен омырауға қандай төстартқыштар жарамды?

Бюстгальтерді қаншалықты жиі ауыстырған дұрыс?

Егер сіз төстартқыш – бұл іш киім дүкеніндегі әшейін әдемі зат қана деп ойласаңыз, онда… сіздікі жөн. Дегенмен, мұнда басқа да жайттар бар! Бұрыс бюстгальтер арқаның ауруы, жайсыздық және, тіпті, күні бойына бұзылған көңіл-күйдің себебіне айналуы бек мүмкін. Ал жақсы нұсқасы сізді кәдімгідей «қолдап» тұрады, жақсы жақтарыңызды көрсетеді және жайлылықтың нағыз ханшайымына айналдырады. Лайқосқа бұл мәселенің басын ашуға онколог-маммолог Анастасия Стригунова көмектеседі.

Төстартқыштың бұрыс таңдалғанын қалай түсінуге болады

Бюстгальтер тар болып, қажап, не болмаса қызыл іздерді қалдыра ма? Аспабауы төмен түсіп кете берсе, ал тостағаншалар «төрт омырау» бардай әсер тудыра ма? Күні бойы оны шешуді армандап, әрі терең дем алғыңыз келе ме? Егер сіз ойша, кем дегенде, бір рет бас изеген болсаңыз, демек төстартқышыңыз шұғыл түрде алмастыруды қажет етеді!

Төстартқышты таңдаудағы қателіктер мен олардың салдары

Бұрыс өлшем

  • Тым кішкентай – омырау сыртқа шығып тұрады, аспабауы теріге батып қызартады, тыныс алудың өзі қиын.
  • Тым үлкен – омырауды ұстап тұрмайды, пішін жоғалады, ал төстартқыш өзімен-өзі «өмір сүреді». Нәтижесі – арқаңыз аурады, лимфа ағыны бұзылады, тері тонусы төмендейді.

Жарамсыз материалды таңдау

Ауаны мүлдем өткізбейтін полиэстер ме? Тостағаншалардың ішінде моншадан да ыстық па? Нәтижесі – терінің тітіркенуі, тербөртпе, аллергия және… барлық іш киімдерді қоқысқа лақтырғың-ақ келеді.

Ыңғайсыз немесе бұрыс стильдер

Спортзал үшін шілтерлі бюстгальтер, ұйқы үшін пуш-ап немесе үлкен төсті ұстап тұрмайтын топ – бұл идеялар, жұмсақтап айтқанда, күмәнді екені сөзсіз. Нәтижесі – жайсыздық сезімі, арқа мен сүт бездерінің ауруы, орынсыз «сырғып кету» мен бекер жұмсалған ақша.

Дұрыс төстартқышты қалай таңдаймыз

Мінсіз төстартқышты қалай таңдау керек: қиналудан шаршағандарға арналған нұсқаулық

Маңызды: бұрыс өлшемді таңдаған кезде арқа мен иық белдеуінің бұлшықетіне артық салмақ түсуі мүмкін, ал бұл мойын-алқым аумағының бұлшықетіндегі түйілу мен ауырсынуға әкеліп соқтырады. Теріні аспабаумен шамадан тыс және ұзақ уақыт қысу оның ойылуына апарады. Аспабаудың тұрақты түрде қысып тұруы, оған қоса омырау өлшемі үлкен болса, бұлшықет деформацияға ұшырайды және иық аймағында ойықтар пайда болады. Егер тостағанша кішілеу болса, дегенмен көлемі мінсіз жанасып тұрса, ұқсас өлшемдерді байқап көріңіз (мәселен, 80C және 75D – бұл бірдей өлшемдер деуге болады).

Стильді таңдау бойынша ұсынымдар

Мінсіз төстартқышты қалай таңдау керек: қиналудан шаршағандарға арналған нұсқаулық

Мінсіз төстартқышты қалай таңдау керек: қиналудан шаршағандарға арналған нұсқаулық

Қандай маталар оңтайлы

  • Табиғи мақта – ауа өткізеді, теріні тітіркендірмейді және оның қорғаныш қызметін бұзбайды. Теріні қышытпайды және қабыну үдерістерін тудырмайды.
  • Микрофибра – жақсы созылады және жылдам кебеді.
  • Эластан – иілгіштікті береді.

Қатқыл синтетикалық маталардан аулақ болыңыз – олар теріні тітіркендіруі мүмкін және теріге «тыныс алуға» кедергі келтіреді. Бюстгальтер ыңғайлы, жайлы, денеге мықтап жанасуы, әрі сүт бездерін қыспауы тиіс.

Аспабауы кең үлгілерін алған абзал, өйткені бұл сүт бездерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Осы жайт, әсіресе, омырауы үлкен нәзік жандыларға маңызды.

Әртүрлі төстерге бюстгальтерді қалай таңдаймыз

Мінсіз төстартқышты қалай таңдау керек: қиналудан шаршағандарға арналған нұсқаулық

Белсенді өмір салтына арналған төстарқышты таңдау

  • Спортпен шұғылданасыз ба? Онда сізге мндетті түрде дұрыс спорттық бюстгальтер қажет.
  • Жеңіл спорт (йога, пилатес) – жұмсақ, «сүйегі» жоқ.
  • Орташа жүктеме (жүгіру, фитнес) – кең резеңкесі бар және жақсы ұстап тұратын төстартқыш.
  • Жоғары жүктеме (секіру, кроссфит) – омырауға ретсіз қозғалуға мүмкіндік бермейтін компрессиялық үлгілер.

Спортпен айналысу үшін міндетті түрде мақтадан тігілген төстартқышты таңдаған абзал, өйткені жоғары тер шығу кезінде маталардың ауа өткізуі, әрі ылғалды сіңіруі аса маңызды болып келеді. Бюстгальтер жайлы, көкірек қуысын қыспауы және дем алуға кедергі етпеуі, сондай-ақ теріні қажамауы мен тітіркендірмеуі тиіс.

Ұзақ уақыт қызмет етуі үшін төстартқышты күтіп киіңіз

  • Қолмен жуыңыз – егер ерінсеңіз, онда ең болмағанда жууға арналған қапты пайдаланыңыз.
  • Суық суды қолданыңыз – ыстық су иілгіштігіне кері әсер етеді.
  • Қатты сықпаңыз – бұл тостағаншаларды деформацияға ұшыратады.
  • Көлденеңінен кептіріңіз: аспабауына іліп қою – нашар идея.
  • Ұқыпты сақтаңыз: тартпаға жұмарлап тастамаңыз, бюстгальтерлерді жинағанда тостағаншаны тостағаншаға қаттап салыңыз.

Дерек: егер ұқыпты ұстасаңыз, жақсы бюстгальтер 2 жылға дейін қызмет етуі мүмкін.

Қорытынды

Төстартқышты таңдау – бұл әшейін сатып алу емес, бұл жайлылық пен денсаулықтың қамын ойлау. Бұл тұста омырау да, дене мүсіні де, күні бойғы ыңғайлылық та, және тіпті өзін-өзі бағалау да осыған байланысты. Енді, біліммен қаруланған кезде, мінсіз төстартқышты іздейтін кез келді!

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.