Үрейлі шабуылдарға қалай төтеп беруге болады - Лайқос

Үрейлі шабуылдар: өз бетімен төтеп беру және басқаға көмек берудің жолы

10 сұрақ

Үрейлі шабуылдар – бұл...

Үрейлі шабуылдың симптомдары келесілерді қамтуы мүмкін:

Әдетте үрейлі шабуыл қанша созылады:

Үрейлі шабуыл кезінде адам былай деп ойлауы мүмкін:

Үрейлі шабуылдар пайда болатын жағдайлар:

Үрейлі шабуылдар – бұл:

Үрейлі шабуыл пайда болғанда не көмектеседі?

Үрейлі шабуылдарды емдеуге бола ма?

Үрейлі шабуылдар көбінесе кімдерде болады?

Егер досыңызда үрейлі шабуыл басталса, ең дұрысы:

Үрейлі шабуылдар өмірді бұзады және адамды кез келген жерде және кез келген уақытта қуып жетуі мүмкін. Лайқос сізді немесе жақын адамыңызды үрейлі шабуыл шалса, не істеу керектігін анықтады.

Үрейлі шабуыл дегеніміз не

Үрейлі шабуыл – қорқыныштың күрт, дегенмен қысқа мерзімді серпілісі. Ол кенет пайда болады да, бір-екі минуттың ішінде өзінің шарықтау шыңына жетіп, содан кейін шұғыл басылады. Орта есеппен алғанда 5 минуттан бастап 20 минутқа дейін созылады, алайда бұл әлдеқайда ұзағырақ болатындай сезіледі. Уақыт созылып, денеңіз тырысып тұрады, ал ойларыңыз шатасады.

Оны күйзеліс пен мазасыз ауытқулардан қалай ажыратып тануға болады? Күйзеліс – бұл оқиғаға жауап ретінде болатын реакция. Емтихан алдында қобалжыдыңыз, тапсырып болдыңыз да – бағанағы сезім өтті де кетті. Мазасыз ауытқулар – бұл, тіпті, айқын себептерсіз үрейдің кетпейтін тұрақты жағдайы. Ол біресе үдейе түседі, біресе кейін қайтады, дегенмен босаңсуға жол бермей, әрі тыныш өмір сүруге кедергі келтіріп, әрдайым адамның жанында қалады.

Үрейлі шабуылдың белгілері

Жалпы үрейлі шабуылдың болып жатқанын қалай түсінуге болады? Ешқандай себепсіз, кенет қорқыныш сезімі пайда болады, нағыз апат басталатындай секілді, бір жаққа қашып кеткіңіз, жасырынып қалғыңыз келеді. Айналадағы заттардың барлығы да шынайылыққа ұласпайтын сияқты көрінеді, әрі зейінді шоғырландыру мүмкін еместей болады. Жүрегіңіз дүрс-дүрс соғады, кеудеңіз қысылып, жайсыздық сезіледі, адамның қызуы көтеріледі немесе қалтырап бастайды, әрі тыныс алуы қиындайды.

Не нәрсе үрейлі шабуылды тудыруы мүмкін

Жақында күйзелісті жағдайды бастан өткерген адам алғаш рет үрейлі шабуылға ұшырауы әбден ықтимал. Қауіп тобына мазасыз мінезге ие жандар мен сезімталдығы жоғары адамдар жатады. Кейде басты себеп биологияға байланысты болуы мүмкін: гормоналды өзгерістер, гипокликемия, қалқанша безіне қатысты мәселелер. Сонымен бірге үрейлі шабуылдар тұқым арқылы берілуі ықтимал.

Жалпы алғанда үрейлі шабуылдар ұйқы қанбаған кезде және қатты шаршағанда пайда болады, сондай-ақ үрей ұстамасын алкоголь, кофеин, стимуляторлар, адамдардың көптігі немесе жабық кеңістік те қоздыруы бек мүмкін.

Үрейлі шабуылдар: өз бетімен төтеп беру және басқаға көмек берудің жолы

Үрейлі шабуылдар: өз бетімен төтеп беру және басқаға көмек берудің жолы

Үрейлі шабуылдар: өз бетімен төтеп беру және басқаға көмек берудің жолы

Дәрігерге қашан барған абзал

Жиі және тұрақты түрде қайталанатын үрейлі шабуылдар өмір сүруге кедергі келтіреді, сіз жаңадан болатын үрей ұстамаларынан қорқып жүрсіз және осыған дейін шабуылға тап болған орындардан қашқалақтай бастайсыз. Егер өз-өзіңізге көмектесу қолыңыздан келмей жатса, ал симптомдар барған сайын күшейе берсе, психотерапевтке баратын уақыт келді.

Қорытынды

Үрейлі шабуыл – бұл жайсыздық сезімін беретінімен, қауіпті емес. Ол әрдайым аяқталады, әрі осы жайтқа төтеп беруге болады. Біреулер өздерін өз бетімен тыныштандырады, басқалар үшін көмекке терапия келеді. Егер үрей ұстамалары қайта-қайта болып жатса, сонымен бірге өмір сүруге кедергі етсе, ешнәрсені күтпеңіз, маманның көмегіне жүгініңіз. Менталды денсаулығыңыздың қамын ойлап, жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз. Кейде қарапайым ғана «Мен сенімен біргемін» сөзі ең маңызды сөзге айналуы мүмкін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.