Арықтауға арналған қандай би түрлері үйдегі фитнесті алмастыра алады

Би фитнестің орнын қалай баса алады

Зал жалықтырып жіберуі әбден мүмкін. Би – оның орнын баса алатын тамаша нұсқа: бұл қарқынды физикалық жүктеме. Лайқос неден бастау керектігі мен биді тастап кетпеудің жолын айтып береді.

Неліктен би тиімді

Би – бұл калорияларды жағудың тәсілі ғана емес, сондай-ақ бұл толыққанды кардиожаттығу болып саналады. Ол төзімділікті арттырады, жүрек денсаулығын нығайтады, зат алмасу үдерісін жылдамдатады. Билеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар үйлестіру, иілгіштікті дамытады және дене мүсінін жақсартады. Сонымен бірге бимен айналысу ми үшін де жақсы жүктеме: байламдарды есте сақтау, ырғақты ұстау, денені қадағалауыңыз керек – осының барлығы да зейін қоюды жақсартады және күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Тағы бір бөлек артықшылығы – үдеріс барысында шаршағандықты сезінбейсіз.

Форматты қалай таңдаймыз: үйде, залда немесе бейнесабақтар бойынша билеу

Форматтар көп – әрі бұл керемет жаңалық. Студияда билеуге болады, онлайн-бағдарламаны алу немесе жай ғана YouTube арнасындағы бейнежазбаны қоса салу мүмкіндігі бар. Мінсіз нұсқаны іздемей-ақ қойыңыз, бастауға оңай болатын нұсқасын ала бергеніңіз абзал.

Үйдегі жаттығулар – егер оңаша қалуды, әрі жайлы ырғақты қаласаңыз, бұл жақсы таңдау. Ешқайда барудың қажеті жоқ, қателесу қорқынышты емес, үйдегі киіммен әрі сүйкті музыкаңызды қосып, билей берсеңіз болады.

Егер сіз үшін атмосфера маңызды болса, онда студиядағы жаттығуларды байқап көргеніңіз дұрыс: ол жерде топтың энергиясы сезіледі, жаттықтырушының қолдауы мен қосымша мотивация бар.

Онлайн-курстар – нағыз ымыра болып отыр. Белгілі бір құрылым да, кері байланыс та, өз ырғағыңызда әрі кез келген жерден билеу мүмкіндігі бар.

Стильге келер болсақ, мұнда бәрі де адамның жеке қалауларына байланысты. Жарқындықты қаласаңыз, латина билері қолайлы. Белсенділік қажет болса, зумба немесе хип-хопты байқап көріңіз. Музыканың сүйемелдеуімен аэробикамен айналысу – жаңадан бастағандар үшін тамаша бастама. Денеңіз «міне, бұл – менікі» дегенінше әртүрлі билерді сынап көргеніңіз жөн.

Әрбір сұранысқа арналған би түрлері:

  • Хип-хоп – егер жылдам, жігермен қозғалғанды қаласаңыз
  • Латина (сальса, бачата, меренге) – егер ырғақ, пластика мен қылымсушылық керек болса
  • Зумба – егер белсенді кардиожүктеме мен көңілді музыка қажет болса
  • Музыканың сүйемелдеуіндегі аэробика – егер қарапайым құрылым мен түсінікті қадамдарды қаласаңыз
  • High heels – егер өзіңізді сенімді, батыл және әдемі сезінгіңіз келсе
  • Стрип-пластика – егер жұмсақтық, нәзіктік пен мәнерлілік тартып тұрса
  • Pole dance (пилон) – егер бір уақытта күш, иілгіштік пен кербездікті қаласаңыз
  • Заманауи би (контемп, джаз-фанк) – егер өз болмысыңызды таныту мен еркіндік маңызды болса
  • Халық билері – егер мәдениет жақын болса, ритмика ұнаса, әрі тамырлармен байланысты сезінгіңіз келсе
  • Ирландиялық степ / кавказдық / балкандық / славяндық – егер драйв, нақты ырғақ және мықты аяқтың болғанын қаласаңыз
  • Үнді / шығыс / африкалық – егер экзотика, бай пластика мен әуенділік тартып тұрса
  • 80 ж.ж. билері / ретро-микстер – егер жеңілдік, көңіл-күй мен ностальгияны қаласаңыз
  • Slow dance / музыка сүйемелдеуіндегі созылу – егер ақырын қимылдау мен өз ырғағыңызда болғыңыз келсе

Қорытынды

Би – бұл қалаулы пішіндегі денеңізді қайтарудың тәсілі. Қозғалыс күш-қуатқа толтырады, музыка көңілсіздіктен шығарады, ал жүйелілік тұрақты нәтижені береді. Әрі кез келген жерде – жаттықтырушымен бірге арнайы залда немесе бейнежазбалардың көмегімен ас үйіңізде билесеңіз болады. Мұны сырт көз үшін емес, өзіңіз үшін жасаған маңызды. Қысым көрсетуден емес, қақморлық танытудан бастаған кезде денеңіз де, өміріңіз де бірте-бірте ырғаққа бейімделеді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.