
Френдаймақ дегеніміз не: шырмауда екеніңізді түсіну мен одан шығудың жолы
6 сұрақ
Сізге ұнайтын адам өзінің басқаларға деген сезімі туралы жиі айтады. Бұл дегеніміз:
Сіз жүздесуге баруды ұсындыңыз, ал сізге мынадай жауап қайтырылды: «Сен маған бауыр сияқтысың». Демек:
Сіз үнемі жанынан табыласыз, қол ұшын созасыз, қолдап жүресіз, алайда достықтан артық қатынастарыңыз дамымайды. Бұл:
Сіз жазбай немесе хабарласпай кетсеңіз, адам:
Сіз «Сен маған ұнайсың» деп айттыңыз, ал жауап ретінде мынаны естисіз: «Сен – өте жақсы адамсың». Бұл дегеніміз:
Ғашық екендігіңізге қарамастан, дос болуды ұсынып отыр. Сіз:
Френдаймақ – бұл күрделі жағдай: бір адам романтикалық сезімдерді бастан кешіп жатқанда, екіншісі оны тек дос ретінде қабылдайды. Бұл өзін-өзі бағалаудың қарыштап төмендеуіне, жайсыздық пен жүректің жаралануына апарар тікелей жол. Лайқос сіздің достық аймағында ұсталып тұрғаныңызды қалай түсінуге болатынын, әрі бұл аймақтан дұрыс шығудың амалы бар ма екендігін айтып береді.
Френдаймақта екеніңізді қалай түсінуге болады
Сіз сүйікті адамыңызға бола көп нәрсеге дайынсыз: көмек беру, тыңдау, қолдау көрсету. Алайда жауап ретінде – тек жолдастық сезімнен арқадан қағып, маңдайдан сипап қою ғана бар. Сізге жаңадан ұнатып қалған адамы туралы әңгімелеуі мүмкін, ғашықтық сезімге байланысты кеңес беруіңізді сұрауы және былай деп айтылуы да ықтимал: «Сен – керемет жансың, бірақ…» Бұл нағыз айқын белгілер: сіз френдаймаққа түстіңіз.
Көбінесе нәзік «достық» тепе-теңдігін бұзып алмау үшін сезіміңіз жайында айтудың өзінен тұла бойыңызға біртүрлі қорқыныш ұялайды. Дегенмен уақыт өте келе жан ауруыңыз жинақталып, мына бір жайтқа анық тап болатыныңыз шүбәсіз: сізді елемеу, әрі жанында ұстаған ыңғайлы.
Достық аймақтан дұрыс шығудың қызға арналған жолы
Френдаймаққа түскен қыздардың көбі «махаббатқа лайық болу» үшін белгілі бір қадамдарды жасай бастайды – қамқорлық танытады, бар көңілін бөледі, қолдау көрсетеді. Алайда осылайша тек ыңғайлы құрбының рөлін ғана күшейте түседі.
Достық аймақтан шығу үшін мінез-құлықты дұрыс өзгерткен абзал. Сіз жай ғана жақсы адам емес, қызықты, сексуалды, өзіне сенімді әйел екеніңізді көрсетіңіз. Үйреншікті сценарийді алмастырып көріңіз: жеңіл беріле қоймайтыныңызды танытып, біршама жұмбақтықты қосыңыз. Эмоциялық фон да өзгеруі тиіс – жұбататын емес, сырлы жанға айналыңыз.
Егер жігіт өзгерістерге қарамастан, әрі қарай елемей жүре берсе, сезіміңіз туралы ашық айтыңыз – бұл ең дұрыс шешім болмақ. Әрі бұл қатынастарды жалғастырудың мәні бар ма, әлде кететін уақыт келді ме екендігін бірден түсінуге мүмкіндік береді.
Френдаймақтан дұрыс шығудың жігітке арналған жолы
Ер адамға әрдайым жанынан табылатын, дегенмен ешқашан серіктес ретінде қарастырылмайтын ең жақсы дос рөлінен аулақ болған маңызды. Шақыра салса, келе қоятын жігіт немесе әркез құтқара алатын адам болуға асықпаңыз.
Өзіңізді құрметтей біліңіз. Сіз – мейірімді жігіт қана емес, сонымен бірге өзіндік қалаулары, мақсаттары, шекаралары бар ересек ер адам екеніңізді білдіріңіз.
Достық аймағынан дұрыс шығудың амалы – сезіміңіз жайында ашықтан-ашық айтудан қорқуды тоқтату. Өзіңізге сенімді болыңыз, жалықтырмаңыз, дегенмен анық жеткізіңіз. Егер, тіпті, «жоқ» деген жауапты естісеңіз де, сіз қадіріңізді кетірмей, өзіңізді жаңа қарым-қатынастарға босатасыз.
Қорытынды
Френдаймақта екеніңізді түсіну – алғашқы қадам. Ал одан дұрыс шыға білу – келесі қадам. Кейде бұл қарым-қатынастардың дамуына жол ашатын мүмкіндікке айналады, ал кей кездері ішкі еркіндікке жол беруге септігін тигізеді. Даралығыңызды сақтаудан қорықпаңыз, бойыңыздан нағыз құндылықты көрмейтін адамға жабысып алмаңыз. Өйткені махаббат – бұл өзара қарым-қатынастар турасында.