
Табиғаттағы демалыстың 10 қаупі және олардан аулақ болудың жолы
Табиғат аясындағы демалыс – қалпыңызға келудің тамаша тәсілі, дегенмен ықтимал қауіптер туралы ұмытпаған абзал. Уақытыңызды ешбір түйткілсіз өткізу үшін Лайқос сіздерге арнап қала сыртындағы қауіпсіз демалыс бойынша жадынаманы әзірлеп қойды.
1. Жәндіктердің шағуы
Масалар, соналар, кенелер көңіл-күйді бұзып қана қоймай, сондай-ақ боррелиоз, энцефалит және басқа да ауруларды жұқтыруы мүмкін. Жәндіктерді үркітетін репеллентті алдын ала жағып алыңыз, теріні ұзын жең және шалбармен жапқаныңыз абзал, үсті-басыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Егер сіз кенені тапсаңыз, бірден жақын маңдағы медициналық пунктке барыңыз – ол жерде кенені дұрыс шығарып алады және профилактикалық емдеуді тағайындап береді.
2. Өрт жағдайлары
Табиғи өрттердің басым бөлігі отты абайсыз пайдалану мен тасталған темекі тұқылдарының салдарынан болады. Қазақстанда табиғи аймақтарда алау жағу қатаң түрде шектелген — ережелерді табиғатқа барудың алдында нақтылап алыңыз. Егер алау жағуға рұқсат берілсе, оны тек қана арнайы белгіленген жерлерде жағыңыз және кетер алдында мұқият сөндіріңіз. Табиғат аясында темекі тарту – бөлек бір қауіп түрі. Демалыс кезінде темекі тартуды қысқартуға тырысыңыз немесе балама нұсқаларды таңдаңыз, мәселен, хиттерлерді қарастырыңыз: олар темекіні жақпай қыздырады, әрі бұл өрттің пайда болу қаупін төмендетеді және ағзаға болатын зиянды да 95% дейін азайтады. Мұндай тәсіл табиғатты да, денсаулығыңызды да сақтайды. Дегенмен бұл жерде де мына бір жайтты қаперден шығармаған дұрыс: стиктер мен басқа да қалдықтарды өзіңізбен бірге ала кеткеніңіз жөн. Қоршаған орта – қоқыс тастайтын жер емес, және тіпті кішігірім қоқыстың өзі – бұл жануарлар, өсімдіктер және болашақ туристерге де зиянын тигізеді.
3. Улану
Жеуге жарамды және улы өсімдіктерді, әсіресе, сіз бұл саланың маманы болмаған жағдайда шатастырып алу оп-оңай. Тіпті, бір ғана таныс емес саңырауқұлақтың өзі ауыр улануды тудыруы ықтимал. Егер сенімді болмасаңыз, оданша жұлмағаныңыз абзал. Оның орнына өзіңізбен бірге тексерілген азық-түлікті ала келгеніңіз дұрыс.
4. Сусыздану
Табиғат аясында, әсіресе, аптап ыстық пен жүктеме кезінде су жайында ұмытып кету оңай. Сусыздану сіз ойлағаннан әлдеқайда жылдам пайда болады және оның белгілері де жасырын болуы әбден мүмкін: әлсіздік, бас айналу, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы, өнімділіктің төмендеуі және, тіпті, естен тану жағдайлары. Шөлдеп тұрмасаңыз да, суды тұрақты түрде ішіңіз.
5. Аллергия
Өсімдіктердің тозаңы, жәндіктердің шағуы, шөптермен жанасу аллергияның себебіне айналуы бек мүмкін, ол тіпті бұрын мазаламаған жағдайда да. Өзіңізбен бірге антигистаминдерді алып жүріңіз және демалыс орнында не нәрсе реакцияны тудыра алатынын алдын ала тексеріңіз.
6. Шомылу
Сыртынан қарағанда мөлдір әрі таза болып көрінген көл немесе өзенде де бактериялар, балдырлар, екпінді ағыс немесе қауіпті түп болуы бек мүмкін. Судағы жазатайым оқиғалар – сирек кездесетін жайт емес. Тек қана тексерілген орындарда шомылыңыз, алысқа жүзіп кетпеңіз және таныс емес су қоймаларына сүңгімеңіз.
7. Салқын тию
Жаз мезгілінде, әсіресе, таулы жерлерде немесе судың жағасындағы аймақтарда күн райы құбылмалы болуы ықтимал. Салқын тию иммунитетті төмендетеді және тұмау немесе гипотермияны тудыра алады. Әрдайым жылы киім алып жүріңіз. Түнде шатырдың ішінде тоңып қалғаннан гөрі алдын ала дайындалғаныңыз абзал.
8. Байланыстың жоқтығы
Кейбір табиғи аймақтарда ұялы байланыс болмайды. Жоғалу немесе жолдан адасып қалу, әсіресе, қолыңызда карта, компас немесе жалпы тәжірибеңіз болмаған жағдайда – нағыз қауіп. Бағдарды алдын ала зерттеңіз, офлайн-карталарды жүктеп алыңыз және жақын адамдарыңызға қайда бара жатқаныңыз бен қашан оралуды жоспарлап отырғаныңызды хабарлаңыз.
9. Күнге күю мен ыстық өту
Тіпті, күн бұлтты болғанның өзінде ультракүлгін сәулелер теріге әсер етуді жалғастыра береді. Қорғаныс болмаса, күйік алу, ыстық өту немесе сусыздануға ұшырау оп-оңай. Сонымен бірге сан рет күйік алу терінің қатерлі ісігінің даму қаупін арттырады. Бас киім киіп жүріңіз, құрамында SPF бар құралдарды қолданыңыз және көлеңкелі жерлерде үзіліс жасаңыз.
10. Күрделі бағдарлар
Таулар мен соқпақтар шабыт сыйлайтыны рас, дегенмен олар нағыз сынаққа айналуы мүмкін: жолдың тік өрлеуі, тайғақ тастар, сіңірдің тартылуы мен дүрбелеңге салыну – өз күшіңізді асыра бағалаудың нәтижесі. Бағдарға парасаттылықпен қараңыз, қарапайымнан бастаңыз, су, карта, дәрі қобдишасы, жылы киімді алыңыз және жақындарыңызға жоспарыңыз туралы хабарлаңыз. Егер сіз жаңадан бастап келе жатқан саяхатшы болсаңыз, жол көрсетуші немесе нұсқаушының көмегіне жүгінгеніңіз абзал.
Қорытынды
Табиғат аясындағы демалыс – бұл тек көңіл көтерудің амалы ғана емес, сондай-ақ бұл жауапкершілікті білдіреді. Демалыс күндеріңіз жағымды және төтенше жағдайсыз өтсін.