
Гайморит: мұрын біту бақылаудан шыққанда не істеу керек
Бас ауруы, мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, әлсіздік жай ғана тұмаудың белгілері емес, кеңінен таралған әрі жағымсыз лор-аурулардың бірі – гаймориттің бар екендігін білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тестірудің қажеті бар ма, әрі сіз енді мұрынға арналған тамшыларды ұдайы қабылдауға мәжбүр боласыз ба? Бұл туралы дәрігер-оториноларинголог Еркебұлан Әбдірахманов әңгімелейді.
Гайморит дегеніміз не
Гайморит – бұл жоғарғы жақтың қасында орналасқан мұрынның екі жағындағы гаймор қойнауының қабынуы. Халық арасында гайморит деп ұзаққа созылған кез келген мұрын бітуді айтады, дегенмен шын мәнісінде бұл олай емес. Егер тек қана мұрын қуысы қабынса, бұл дегеніміз ренит, ал егер оған қоса қабыну үдерісі гаймор қойнауларын да қамтитын болса, онда бұл – риносинусит. Ал гайморит – соңғысының жеке, бірақ кеңінен таралған жағдайларының бірі. Көбіне-көп ол ЖРВИ-ден кейін дамиды, алайда оның себебі тіске, яғни, тістің тамыры арқылы түскен инфекцияға байланысты болуы әбден мүмкін. Гаймор қойнаулары миға өте жақын орналасқандықтан, ұзаққа созылған қабыну үдерісі күрделі асқынуларды тудыруы ықтимал – мысалы, менингит немесе абсцестер. Сондықтан ауруды асқындырып алмай, емдеуді кешіктірмей бастаған абзал.
Гаймориттің түрлері
- Жедел – кенет пайда болады, негізінен ЖРВИ мен тұмаудан кейін болады, 4 аптаға дейін созылады.
- Созылмалы – 12 аптадан артық созылады, әрбір ыңғайлы жағдайда асқынуы ықтимал.
- Іріңді, талаураған, аллергиялық – түрлері, оның әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, алайда негізгі түйткілі біреу: шырыштың ағып шығуы бұзылған, қабыну бар.
Неліктен гайморит пайда болады
- Вирустар – басты себепшілері. Суық тию – соншалықты зиянсыз нәрсе емес.
- Аллергия қабынуды қоздырады, шырышты қабықты сезімтал етеді. Түрлі өсімдіктер гүлденген кезде мұрынға арналған әртүрлі сүзгілерді байқап көруге болады. Олар тосқауыл ретінде жұмыс істейді: тозаң, шаң және басқа да аллергендердің бөлшектерін ұстап қалады да, олардың тыныс алу жолдарына түсіп кетуіне жол бермейді.
- Құрылымдық мәселелер – мұрын қалқасының қисаюы, кеуілжір көлемінің ұлғаюы.
- Стоматологиялық түйткілдер – тіс ұлпасының қабынуы гаймор қойнауына атып тесуі мүмкін.
- Мұрынның табиғи түрде тазалануының бұзылуы – шырышты қабаттың кірпікшелері шырышты сыртқа қарай шығаруды тоқтатқан жағдайда ол тұрып қалады да, осы тұста қабыну үдерісі басталады.
Темекі тарту, алкоголь және күйзеліс
Ластанған ауа, созылмалы күйзеліс, ұйқысыз түндер мен дұрыс тамақтанбау иммунитетті қосымша әлсіздендіре түседі де, осылайша гаймориттің даму қаупі лезде артады. Кофе ішуді қысқартып, ұйқы тәртібін ретке келтіріп, әрі күн тәртібіне бірқалыпты физикалық жүктемені қосып көріңіз. Спорт иммунитетті нығайту мен шамадан тыс шаршағандықты жеңілдете алады. Кішкентай өзгерістер – денсаулығыңызға деген қомақты үлес болуы бек мүмкін. Әсіресе, мұрын мен оның жанындағы қойнауларының шырышты қабаты секілді маңызды қорғаныс жүйесі туралы сөз қозғалған кезде.
Темекі шегу, тіпті, пассивті темекі тартудың өзі шырышты қабаттың табиғи қорғаныс механизмдерін әлсіретеді. Вирустар мен бактерияларды ұстап қалудың орнына мұрын нағыз «ашық қақпаға» айналады. Бұл тұста хиттерлерге ауысу турасында ойланып көргеніңіз жөн. Олар темекіні қыздырады, дегенмен жақпайды. Жану үдерісі жоқ – яғни, шырышты қабықты тітіркендіретін және оның қорғанысын бұзатын темекі түтіні мен канцерогендер жоқ.
Алкоголь, әсіресе, шамадан тыс көп мөлшерлерде тұтынылған жағдайда, тамырларды кеңейтеді және шырышты қабаттың ісінуін күшейте түседі – нәтижесінде мұрын жанындағы қойнаулар қабынуға оңай ұшырайды. Одан бас тарта алмайсыз ба? Онда, ең болмағанда, алкогольдің мөлшерін азайтыңыз – мәселен, айына бір-екі демалыстағы кештермен шектеліңіз немесе сусындардың градусын бірте-бірте төмендетіңіз.
Маңызды: біз мынаны бір жайтты жақсы түсінеміз: көптеген әдеттер біздің күнделікті өмірімізге мықтап еніп алады да, олардан құтылу оңайға соқпайтыны рас. Дегенмен келесіні қаперімізден шығармағанымыз маңызды: денсаулықты сақтаудың ең сенімді жолы – бұл жаман әдеттерден біржолата бас тарту болып қала бермек.
Гайморитті қалай тануға болады
- Мұрын, ұрт, маңдай аймағындағы ауырлық сезімі мен ауырсыну.
- Басты төмен еңкейткенде ауырсынуды сезіну.
- Мұрыннан бөліністердің ұдайы ағуы, негізінен қою және жағымсыз иісті бөліністер.
- Иіс сезу қабілентінің нашарлауы.
- Мұрынның бітеліп қалуы, маңқалық.
Маңызды: кейде ауырсыну мүлдем сезілмейді, ал қабыну үдерісі кәдімгідей жүріп жатады. Сондықтан басты маркер – бұл, әсіресе, дене қызуының көтерілуімен бірге жүретін созылмалы белгілер болып саналады.
Гайморитті қалай емдейді
- Вирустық гайморит кезінде көбіне-көп антибиотиктер тағайындалмайды. Ең бастысы, мұрынға тыныс алуды жеңілдетуге көмектесу: тамырларды тарылтатын тамшыларды қысқа курс бойынша қолдану, мұрынды тұзды ерітіндімен шайып тұру және ағзаға қалыпқа келу үшін уақыт беру.
- Егер бактериялық инфекция қосылса (мәселен, жоғары температура, қатты ауырсыну, іріңді бөліністер), онда дәрігер антибиотиктерді тағайындайды. Дегенмен оларды бірінші «жасыл маңқаның» пайда болысымен бірге қолдануға асықпаңыз: емдеу шаралары барынша негізделген болуы тиіс.
- Халық арасында кеңінен таралған тәсілдер, соның ішінде тұзды сумен шаю секілді әдіс керемет қосымша ретінде жүре алады, алайда шырышты қабатты зақымдап алмау мақсатында тым артық кетпегеніңіз маңызды.
- Ингаляциялар мен жылыту – мұны тек қана дәрігер тағайындаған жағдайда жасаған абзал. Кей кездері бұл жағдаятты, тіпті, нашарлатып та жіберуі әбден мүмкін.
- Мұрын жанындағы қойнауларды инемен тесу қорқынышты естілгенімен, шын мәнісінде бұл, қуыс толықтай іріңмен бітеліп қалса, қысым мен іріңді алып тастаудың жылдам әрі тиімді тәсілі.
Гаймориттің дамуына жол бермеудің әдістері
- Ауызбен емес, мұрынмен тыныс алыңыз.
- Бөлмелерді желдетіп және ылғалдандырып отырыңыз.
- Суық тию мен қатты қызып кетуден аулақ болыңыз.
- Тұмауды аяғына дейін емдеңіз.
- Тісіңізді күтіңіз.
- Иммунитетті нығайтыңыз: толыққанды ұйқы, физикалық белсенділік, теңдестірілген тамақтану.
Қорытынды
Гайморит – бұл шыдауға тұрарлық немесе өз бетімен жіберуге болатын жағдай емес. Уақытында жасалған диагностика мен аздап тәртіп таныту жағымсыз белгілерді жеңуге ғана емес, сонымен бірге шын мәнісінде еркін тыныс алуға көмектеседі. Ағзаңыз белгі беріп бастаса, дәрігердің көмегіне жүгінуді кейінге қалдырмағаныңыз жөн.