
10 сатылы тері күтімі – зиянды ма, әлде пайдалы ма?
8 сұрақ
Белсенді заттектерді тым көп мөлшерде қиыстырсаңыз, не болады?
SPF құралын тек қана жазда қолдануға бола ма?
Бүкіл 10 қадам бойынша жасалатын бір күтім қанша уақытқа созылады?
Кейбір кезеңдерді өткізуге бола ма?
Қандай кезеңдер негізгі және міндетті болып саналады?
Неліктен дерматолог маманымен кеңескеніңіз маңызды?
Құралдың теріге жарамды екенін түсіну үшін қанша уақыт керек?
Күтімнің сізге жарамсыз екендігін білдіретін алғашқы белгі не болуы мүмкін?
Бір кездері теріге бар болғаны – иісмай мен краннан аққан азғантай су ғана керек еді. Бүгінде 10 сатылы корей күтімі – бұл нағыз ғұрыпқа айналған нәрсе. Алайда бұл шынымен де алғаш көрінгендей пайдалы ма? Әлде бұл теріге қамқорлық жасау бетпердесін жамылған жай ғана маркетинг пе? Лайқос бәрін егжей-тегжейлі анықтады.
Жалпы бұл 10 қадам қайдан алынған
Бұл пәлсапа Оңтүстік Кореяда адамның сыртқы келбетіне деген ұқыпты қарау мәдениетінің нәтижесі ретінде пайда болған.
Теріге күтім жасаудың 10 сатысына не кіреді:
- Гидрофильді май немесе мицеллярлы су – теріні құрғатып жібермей, макияж, терінің майы мен кірленуді жұмсақ түрде ерітеді.
- Тазартатын көпіршік немесе гель – майдың, тер мен шаңның қалдықтарын алып тастап, теріні уылжыған, балғын ете түседі.
- Пилинг немесе қабыршақтау – аптасына 2-3 рет. Өлі жасушаларды қабыршақтайды, терінің реңкін тегістейді және келесі құралдардың сіңіп кетуін жақсартады.
- Тонер (тоник) – жуынудан кейін pH деңгейін қалпына келтіреді, ылғалдандырады әрі теріңізді күтімге дайындайды.
- Эссенция – жаңару үдерістерін іске қосатын және сарысудың әсерін күшейте түсетін жеңіл ылғалдандыратын құрал.
- Сарысу немесе ампула – белсенді компоненттері бар концентрацияланған өнім: әжімдерге, пигменттік дақтарға, акне мен т.б. қарсы қолданылады.
- Жапырақты маска немесе матадан жасалған маска – қосымша нәрлендіру мен ылғалдандыру. Аптасына 2-3 рет пайдаланылады.
- Көз айналасындағы теріге арналған иісмай – ылғалдандыру, ісінуді басу және әжімдердің алдын алуға көмектеседі.
- Ылғалдандыратын иісмай – бүкіл күтімді нығайтады, ылғалды ұстап тұрады, теріні жұмсартады.
- Күндіз SPF / түнде маска – таңертеңгі уақытта УК-сәулелерден қорғау немесе түнде теріні қалпына келтіру мен нәрлендіру.
Пайдасы неде?
10 сатылы күтім терінің қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге көмектеседі әрі күтім дұрыс жасалған жағдайда оның күйін жақсартады, яғни, теріні ылғалдандырады, реңкін тегістейді, жұмсарта түседі. Ал жора өзіңізге қамқорлық танытуға арналған уақытқа айналады.
Ал енді – күтпеген кедегілері
- Белсенді заттектердің шамадан тыс көп болуы.
Қышқылдар + ретинол + С дәрумені қосылған сарысу ма? Мұндай микс терінің түршігуін, қабыршақтануы мен қорғаныс тосқауылының бұзылуын тудыруы ықтимал.
- Әркімнің осыған уақыты бола бермейді.
Ләззат алудың орнына мазасыздық пайда болады: «Ал мен бүгін №7 қадамды өткізіп алғанмын…»
- Маркетинг тұзағы.
Әрбір қадам – бұл бөлек өнім. Демек бұл ондаған құты, жұмсалған ақша мен барлығы жұмыс істеуі тиіс деген үміт. Ал шын мәнісінде көбірек – жақсырақ дегенді мүлдем білдірмеуі мүмкін.
- Жеке әдіс-тәсілдерді талап етеді.
Күтімнің бір түрі баршаға бірдей қолайлы бола бермейді. Терінің дербес ерекшеліктерін ескеріп отырған маңызды.
Дерматологтар не дейді?
Мамандардың көбі мына бір пікірмен келіседі: құралдардың санs емес, олардың сапасы мен үйлесімділігі ғана басты нәрсе болып саналады. Күтімді 3-5 кезеңге дейін қысқартып, дәл сол, ал кейде, тіпті, бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Ең бастысы, қисынды сақтау: тазарту, ылғалдандыру, қорғау. Қалғандары маусымның қажеттіліктеріне қарай жасалуы тиіс.
Сонымен: зиянды ма, әлде пайдалы ма?
Егер сіз бұдан ләззатқа бөленіп жүрсеңіз, теріңіз «қарсылық» танытпаса, ал құралдар сауатты түрде таңдалған болса, осы райыңыздан қайтпаңыз. Ал егерде теріңіз қызарып, қабыршақтана бастаса, маманның кеңесіне жүгініп, күтімнің дербес кестесін алғаныңыз абазал.
Қорытынды
Нағыз күтім – бұл теріңізді білу, оның ырғағына деген құрмет пен біршама сүйіспеншілікті көрсету. Ал қадам саны үш, бес немесе он болуы да мүмкін, бастысы, олардың теріңізге жарамды болғаны жөн.