
Жалқау спорт: тесла-формер қалай жұмыс істейді
Зал – баршаға бірдей жарамды бола бермейді. Осыған уақыт тапшылығы, күш-қуаттың және, тіпті, ынтаның да жоқтығы себеп болуы мүмкін. Сондықтан барған сайын классикалық жаттығулардың орнын ақылды технологиялар басып келеді. Ең танымал түрлерінің бірі – Тесла-формер. Бұл аппарат электрмагниттік импульстердің көмегімен бұлшықетті залдағы сағаттық жаттығуды өткізгендей жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Алайда сіз жай ғана кушеткада жата бересіз. Лайқос Тесла-формердің қалай жұмыс істейтіні мен кімге жарамды екенін анықтады.
Тесла-формер денеге не береді
Процедура барысында не болып жатады
– Бір сеанстың ішінде бұлшықет 50 мың ретке дейін жиырылады.
– Залдың өзінде үдеріске қосылуы қиын келетін, тіпті, терең бұлшықет те жұмыс істейді.
– Буын мен жүрекке ешқандай салмақ түспейді – тек қана бұлшықет стимуляциясы.
Немен жұмыс істеуге болады
– пресс
– бөксе
– санның ішкі және сыртқы беттері
– арқа мен қол (кейбір режимдерде)
Сеанс қалай өтеді:
– 30 минуттай созылады
– аптасына 2-3 рет өтуге болады
– бір курсы – 6-10 процедурадан тұрады
Әсері:
– бұлшықет тонусының көтерілуі
– көлемдердің визуалды азаюы
– метаболизмнің жылдамдауы арқасында майдың жағылуы
– лифтинг әсер
– босану және жарақаттардан кейін қалпына келу
«Жалқау спортының» оң және теріс жақтары
Оң жақтары:
– Қайта киіну, терлеу мен қиналудың керегі жоқ.
– Залға баруға уақыты жоқ адамдарға қолайлы.
– Қалпына келу кезеңінде тиімді, мысалы — босану, ота жасату, жарақат алудан кейін.
– Басқа процедуралармен біріктіруге болады (мәселен, прессотерапиямен бірге).
– Буындар мен омыртқаға салмақ түсірмейді.
Теріс жақтары:
– Қарсы көрсетілімдері бар: жүктілік, эпилепсия, жүрекширатқыш, онкология.
– Белсенділік немесе тамақтану жағынан қолдау болмаса, әсері уақытша ғана.
– Кардиожүктемені алмастырмайды және төзімділікке әсер етпейді.
– Қымбат болуы мүмкін – бір курсы залға бірнеше айға арналған абонементтің бағасындай тұрады.
Қорытынды
Тесла-формер артық күйзеліссіз денебітімін сақтауды қалайтындарға, босанудан кейін қалпына келу немесе күш салмай бұлшықетке жүктеме бергісі келетіндерге жарамды.
Байқап көруге тұрарлық нәрсе, әсіресе, классикалық жаттығуларға уақыт немесе ынта болмаған жағдайда. Дегенмен мынаны қаперіңізден шығармаңыз: ең жақсы нәтижені технологиялар, белсенділік пен тамақтану үйлесімі бере алады. Демек Тесла-формер – спорттың орнын баса алмайды, бұл оның ыңғайлы қосымшасы ғана.