Алматыдан бір сағаттық жердегі демалыс
Көптен күткен жаздың нағыз қызған кезі, әрі Алматының әрбір тұрғыны алдағы демалыс күндерін қалай өткізетіні туралы ойланады – алайда Алакөлге барар жол 17 сағат уақытты алса, түркиялық дауалы жерлер тым қымбат болып көрінеді. Лайқос SPA әуесқойларынан бастап құмарпаз балықшыларға дейін, яғни, баршаға ұнайтын қаладан бір-ақ сағаттық жердегі жаңа қызықты демалыс орындарының тізімін жинады.
SanRemo Resort&Spa
Маусым айында ашылған 35 мың шаршы метр алаңды алып отырған кешен тоғыз аквапарк-бассейн, SPA-аймақтағы температурасын реттеуге болатын екі бассейн, екі хаммам, алты сауна және «Еріншек өзен» аттракционын қамтып отыр. Балаларды алуан түрлі төбешіктер күтсе, олардың ата-аналары SPA-бағдарламаларынан ләззатқа бөлене алады.
Аквапаркте күндіз белсенді өткізілген уақыттан кейін еуропалық, паназиаттық немесе жапондық асханаларды ұсынатын екі мейрамханалардың бірін таңдауға болады. Су үстіндегі үш барда, яки, бассейн аймағынан кетпей-ақ, шөліңізді қандырып, әрі жүрек жалғай аласыз.
Мекенжайы: Құлжа тас жолы, 106, Aport Mall East
Бағасы: ересектер: 9 990 теңге/күні бойы, 8 190 теңге/4 сағат
Балалар: 14 990 теңге/күні бойы, 12 690 теңге/4 сағат; 3 жасқа дейін – тегін
Октябрьское 3 көлі
Демалысты табиғат аясында өткізгенді және балық аулауды жақсы көретіндер үшін Октябрьское 3 көлі көңілдерінен шығуы тиіс. Әсем тау мен ағаштардың ортасында орналасқан бұл көл балық аулау үшін керемет жағдайды ғана емес, сондай-ақ жайлы демалысқа арналған көптеген опцияларды ұсынады. Бұл жерде шатыр құру, алау жағу және таза ауада дәмді тағамдарды әзірлеу мүмкіндігі бар. Бұдан гөрі жайлырақ жағдайда демалуды ұнататындарға самалжайды жалға алу ұсынылады.
Мекенжайы: Алматы обласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылынан кейін
Бағасы: 4000 теңге/ көлік + 1000 теңге/қармақ
GAIA Almaty
Мамыр айында GAIA демалыс кешені ашылған болатын – бұл жайлылықтан ләззат алуды қалайтын және әлеуметтік желілер үшін керемет фотосуреттерге түскісі келетіндерге арналған мінсіз орын. Кешеннің кіреберісінде терраса орналасқан, мұнда шығыс асханасының тағамдары ұсынылады: мезе, палау, мангал мен тандырда әзірленетін тағамдар.
GAIA орталығында ұзындығы 25 метрді құрайтын бассейн бар. Жатақ үстінде демалуға болатын ыңғайлы аймақтар да қарастырылған. Әрі маңында сусындары мен тіскебасарлары сатылатын бар жұмыс істейді.
Бұл демалыс аймағы салтанатты іс-шараларды өткізу үшін керемет орын болып келеді. 140 адамды сыйдыра алатын үлкен зал және әдемі алма бағы үйлену тойлар, корпоративті кештер, камералық фестивальдерді өткізуге арналған қызықты жер болары шүбәсіз.
Мекенжайы: Луганский көш., 54а/4
Бағасы: бассейн – дс.-бс. 15 мың теңге, сб.-жс. 20 мың теңге
банкет залы – адам басына 35 мың теңгеден бастап
«Я тут» демалыс аймағы
Алматыдан 40 шақырым жерде орналасқан отбасылық демалыс аймағы – бұл тыныштық, табиғат және жайлылықтың оңтайлы үйлесімі. Мұнда қонақтарға теледидар, Wi-Fi, үстел ойындары, кітаптар мен мангалдары бар стильді скандинавиялық үйшіктер ұсынылады. Демалыс күндері таза ауада бас аспазшы әзірлейтін кәуап пен палаудан дәм тату мүмкіндігі бар.
Демалыс аймағында тамаша бассейн, балаларға арналған ойын алаңы, батут, гамак, теннис үстелі және аэрохоккей бар. Жыл он екі ай тюбинг-төбешігі жұмыс істейді.
Мекенжайы: Талғар ауданы, Рысқұлов ауылы, Бокин көш., 3/1
Бағасы: Төрт қонаққа арналған үй: жс.-бс. – 60 мың теңге, жм.-сб. – 70 мың теңге. Алты адамға арналған үй: жс.-бс. – 80 мың теңге, жм.-сб. – 90 мың теңге
Тюбинг – 3000 тг/сағ.
Монша кешені 5 сағатқа әрі 8 адамға – 150 мың теңге
«Горный Холам» кафесі
Егер сіз таза ауада отбасыңызбен бірге естен кетпес уақытты өткізуді қаласаңыз, Алма-Арасан шатқалына жақын орналасқан «Горный Холам» кафесіне міндетті түрде баруыңыз керек. Ол қаладан 20 минуттық жерде табиғаттың әдемі көрінісі мен таза ауаны сыйлайды. Кафеде таза ауадағы сәкілер мен самалжайлар бар, ал мәзірде – жергілікті асхананың тағамдары ұсынылған: дәмді кәуаптар мен хичиндарды тау шайымен бірге ішкен бір ғанибет.
Мекенжайы: Алма-Арасан көш., 14
Бағасы: орташа чек – бір адамға 5500 теңге