Ұйқы апноэсі: дем тоқтаудың белгілері, қауіптері мен емдеу тәсілдері

Ұйқы апноэсі: неліктен түнде демнің тоқтауы біз ойлағаннан да қауіптірек

«Сегіз сағат бойы ұйықтаймын, бірақ шаршап тұрамын» – таныс жағдай ма? Адамдардың көбі мұны созылмалы шаршағандыққа жатқызады, алайда оның себебі әлдеқайда күрделірек болуы әбден мүмкін. Миллиондаған адамдар ұйқы апноэсімен өмір сүріп келеді және, тіпті, бұл жайында білмей де жүреді. Бұл әшейін қатты қорылдау ғана емес, сондай-ақ жүрекке, қан тамырларына және, тіпті, көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздігіңізге үлкен қауіп төндіретін жай-күй. Лайқос неліктен ағзаның белгілерін ескерген маңызды екендігін айтып береді.

Ұйқы апноэсі деген не?

Ұйқы апноэсі – бұл демнің бұзылуы, әрі бұл жағдайда түнгі демалыс кезінде дем алу мен шығарудың қысқа мерзімді тоқтап қалуы орын алады. Бұл бірнеше секундтан бастап бір минутқа дейін созылуы және түн ішінде ондаған немесе, тіпті, жүздеген рет қайталануы бек мүмкін. Көбіне-көп осындай жағдайға ер адамдар, әсіресе, 40 жастан асқан кезде тап болып жатады, алайда бұл жай-күй әйелдер арасында да, тіпті, балалар арасында да дамуы ықтимал.

Үзіліс кезінде қандағы оттегі деңгейі төмендейді. Ми мұны өмірге деген қауіп ретінде қабылдайды да, шұғыл ояну дабылын береді. Адам дем жұту мақсатында «қосылады» да, тыныс алу қалпына келтіріледі. Негізінен мұндай микрооянулар байқаусыз өтеді, дегенмен осы тұста ұйқының сапасы айтарлықтай зардап шегеді: ағза жай ғана толыққанды қалпына келуге үлгермейді.

Неліктен апноэ пайда болады?

Көбінесе обструктивті ұйқы апноэсі кездеседі. Терең босаңсыған кезде жұтқыншақтың бұлшықеттері өз тонусын жоғалтады, әрі тыныс алу жолдары ішінара немесе толықтай жабылады. Негізгі қауіп факторларына жататындар:

  • Артық салмақ пен семіздік.
  • Жас шамасының 40-тан асуы.
  • Темекі тарту мен ішімдікке салыну.
  • Анатомиялық ерекшеліктер (жақтың, жұтқыншақ немесе мойынның құрылымы).
  • Тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары.

Ескеруді қажет ететін белгілер

Қатты қорылдау – апноэнің ең негізгі, дегенмен жалғыз белгісі емес. Егер сіз, тіпті, қорылдамасаңыз да, келесі жайттарды байқасаңыз, сақ болғаныңыз дұрыс:

  • Жақын адамдардың тыныс алуыңыздың тоқтайтыны жайлы айтуы.
  • Ауа жетпейтіндей сезімде кенет ояну.
  • Таңертең бастың ауырсынуы мен ауыздағы құрғақтық.
  • Күндіз үнемі ұйқышылдықты, зейін қоюдың азайғаны мен есте сақтауға байланысты түйткілдерді сезіну.
  • Көңіл‑күйдің ауытқуы мен ашушаңдық.

Кей кездері адамдар жылдар бойы жоғары қысымнан немесе мазасыздықтан емделіп жүреді де, мәселенің түйіні түнгі тыныс алу сапасында жасырынғанын білмейді.

Ауру несімен қауіпті?

Мұндағы басты дұшпан – оттегінің созылмалы жетіспеушілігі мен үнемі күйзеліс. Демнің әрбір тоқтауы жүректі қауырт тәртіпте жұмыс істеуге мәжбүрлейді екен. Уақыт өте келе бұл жүрек-қан тамырлары жүйесін тоздырады.

Апноэ жоғары қан қысымының, жүрек соғуы ырғақсыздығының, жүректің ишемиялық ауруының, инфаркттың, инсульт пен екінші типті қант диабетінің қаупін арттыра түседі. Бұдан бөлек түнгі «үзілістердің» салдарынан болатын ұйқының тұрақты түрде қанбауы күндізгі ұйқышылдықты қауіпті етеді – әсіресе, сіз өндірісте жұмыс істесеңіз, не болмаса көлікті тізгіндеп жүрсеңіз.

Апноэні диагностикалау мен емдеу

Денсаулықты нығайтуға қарай жасалатын алғашқы қадам – бұл сомнолог маманына қаралу. Диагностикалаудың алтын стандарты – полисомнография. Бұл тыныс алуды, жүректің ырғағы мен оттегінің деңгейін белгілейтін ұйқыны зерттеу әдісі. Кейде дәрігер үй жағдайында мониторинг жасаудың анағұрлым қарапайым жүйесін ұсына алады.

Кейбір ақылды сағаттар, білезіктер мен сақиналар ұйқы кезінде қан құрамындағы оттегінің деңгейі мен тамыр соғуының өзгерістерін қадағалай алады. Мұндай құрылғылар диагнозды қоймайды, дегенмен тыныс алудың ықтимал бұзылыстарына назар аударта алады және маманның көмегіне жүгінудің себебіне айналуы әбден мүмкін.

Апноэден құтылуға бола ма? Иә, мұндағы әдіс-тәсіл жағдайдың күрделілігіне байланысты болып келеді. Айқын көріністер болғанда ең тиімді әдіс СИПАП-терапия (CPAP) болып есептеледі. Арнайы аппарат ауаны кішігірім қысыммен бетперде арқылы беріп тұрады, әрі тыныс алу жолдарына «жабылуға» жол бермейді. Көптеген емделушілер осы аппаратты қолданудың алғашқы апталарында-ақ қуаттың артқанын байқайды.

Апноэ қаупін азайтудың жолы қандай?

Ол үшін дененің қалыпты массасын сақтап отыру, тұрақты түрде физикалық белсенділікпен айналысу, бір қырынан жатып ұйықтау, алкоголь тұтынуды шектеу, тыныс алу жолдарының ауруларын уақытында емдеу, темекі тартудан бас тарту ұсынылады.

Темекі түтіні тыныс алу жолдарының шырышты қабығының созылмалы қабынуы мен ісінуін тудырады. Нәтижесінде арнасы тарылады да, ауа әлдеқайда нашар өтеді. Сонымен бірге шылымқұмарлардың апноэсі темекі тартпайтын адамдарға қарағанда анағұрлым жиірек кездеседі және әдетте айтарлықтай ауыр өтіп жатады.

Алкоголь болса, бұлшықетті, соның ішінде жұтқыншақтың бұлшықеттерін де босаңсытады. Ұйықтаған кезде бұл олардың шамадан тыс босаңсуына және тыныс алу жолдарының «опырылуына» апарады. Бұдан басқа бұл мидағы тыныс алу орталығының жұмысын нашарлатып жіберіп, осылайша оның оттегінің жетіспеушілігіне деген сезімталдығын азайтады.

Бұл ретте ең жақсы нұсқа – бұл ішімдік пен темекі шегуден біржолата бас тарту. Егер сіз әзірге бұл қадамға дайын болмасаңыз, онда инновациялық баламаларды, хиттерлерді қарастыруға болады. Олар жану үдерісі мен құрамында 70 астам канцероген, сондай-ақ шайыр және тұншықтырғыш газ бар темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді. Ішімдіктің орнына құрамында алкоголі жоқ сусындарды (шарап, сыра) байқап көруге болады. Олар үйреншікті дәм мен тұтыну рәсімінің өзін сақтауға мүмкіндік береді, алайда құрамында ұйқының сапасын нашарлататын, жұтқыншақ бұлшықеттерінің босаңсуын күшейтетін және түнгі уақытта тыныс алу бұзылыстарының қаупін арттыра алатын этанол жоқ.

Қорытынды

Егер жақын адамдарыңыз тыныс алғаныңызда үзілістерді байқаса, ал сіз әрбір таң сайын шаршағандықты сезінсеңіз, дәрігерге баруды кейінге қалдырмағаныңыз абзал. Заманауи медицина өзіңізге толыққанды демалысты қайтару мен жүрегіңізді ұзақ жылдарға қорғап қалу үшін жағдайды жылдам бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.