Естен кетпес жазға арналған 7 идея: демалысты керемет және пайдалы өткізудің жолы

Жазды босқа өткізбеудің жолы: естен кетпес демалыс үшін 7 идея

Таныс сценарий: «үй – жұмыс – үй», міне, тамыз да жақындап қалды, ал жаз бір күндей зымырап өте шықты. Маусымның соңында жылу мен күнді жіберіп алғандай сезімде болмау үшін кестеңізге азғантай драйв қосқаныңыз жөн. Лайқос көңіл сергітуге, жаңа эмоцияларға ие болу мен алдағы айларды жарқын оқиғаларға толтыруға көмектесетін белсенділіктер топтамасын құрастырды.

Боулдерингті байқап көріңіз

Егер қапырық спортзал енді қуаныш сыйламайтын болса, скалодромға орын ауыстырып көріңіз. Боулдеринг – бұл сақтандырусыз (дегенмен жұмсақ төсеніштері бар) аласа трассалар бойынша құзға шығу. Бұл жай ғана спорт емес, бұл дене мен ми үшін нағыз басқатырғыш: осы жерде күшіңізден бөлек, әрбір қадамыңызды алдын ала ойластыру керек. Айырықша нәрсені байқап көргісі келетін жаңадан бастаушыларға арналған тамаша нұсқа.

SUP-борд немесе каяк үстіне тұрыңыз

Егер, тіпті, өміріңізде бір де бір рет қолыңызға ескек ұстап көрмесеңіз де, су айдынымен серуендеу нағыз эмоциялар қуатын сыйлайтыны рас. SUP-серфинг немесе каякинг – бұл үйреншікті қаланы немесе оның айналасын мүлдем басқа бір бұрыштан көру мүмкіндігі. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: тып-тыныш су, әдемі пейзаж – және жұмыс чаттарымен ешқандай байланыстың жоқтығы. Қаланың қарбаласынан қашып кетудің керемет тәсілі деп осыны айт.

Аспаздық шеберлік сабағын меңгеріңіз

Әдеттегі мейрамханаға баруды пайдалы шытырман оқиғаға алмастырыңыз. Ролдарды айналдыруды, нағыз италиялық пастаны араластыруды немесе күрделі азиялық десертті дайындауды үйреніп алыңыз. Бұл дағдыларыңызды жетілдірудің, көңіл көтеру мен ұзаққа дейін есте қалатын өзіңіз үшін нағыз дәмді мерекені ұйымдастырудың тамаша әдісі.

Парапланмен ұшып көріңіз

Әлемді ұшар биіктен көргіңіз келе ме? Нұсқаушымен бірге ұшу – бұл қауіпсіз, дегенмен адам сенгісіз драйвқа толы ермек іс. Аспанда бірнеше минут қалықтау нағыз еркіндік сезімін сыйлайды, әрі бұл жылдың ең бір жарқын шытырман оқиғасы ретінде есте қалатыны шүбәсіз.

Ақтаудағы «марсиандық» пейзаждарды зерттеңіз

Егер Қазақстан бойынша саяхат жасау жоспарыңызға кірсе, міндетті түрде Каспий жағалауына барғаныңыз абзал. Маңғыстаудың үңгірлері мен жартасты жағасы қиял-ғажайып фильмге арналған декорациялар іспетті көрінеді. Теңіз ауасы, табиғаттың ерекше ландшафты мен ауқымы – бұл кеңседе өткізген кәдуілгі жұмыс күндерінен кейін көңіл сергітудің ең жақсы амалы.

Шатырда түнеңіз

Жаз маусымында бір рет болса да, қонақ үйінен тыс жерде өзіңізге цифрлық детоксты ұйымдастырып көріңіз. Алау, бұтақтардың сатыры, қала шамдарынан қашық орналасқан жымыңдаған жұлдызға толы аспан мен табиғат аясындағы таңертеңгі кофе – бұл шаршағандықтан шынайы емдейтін нәрсе. Шатырыңыз жоқ па? Оны жалға ала тұрыңыз немесе глэмпинг көмегіне жүгініңіз, бұл табиғаттың жайлылықпен кездесетін жері.

Достарыңызды квизге шақырыңыз

Жұмыс аптасынан кейінгі кешті диванда ғана өткізуге болады деу қате. Компанияны жинап, зияткерлік квизге аттаныңыз. Бұл қызықты, күлкілі, нағыз командалық жұмыс пен ақыл-ой үшін тамаша жаттығу. Егер, тіпті, командаңыз жеңіске жетпесе де, позитив қуаты мен ортақ әдемі суреттердің болатынына кепілдік беріледі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.