
Біз ой еңбегіне қанша калория жұмсаймыз және мидың дұрыс демалуының жолы қандай
Ақыл-ой жұмысы көбінесе қарапайым болып көрінеді: компьютердің алдында отырасың, қимыл-қозғалыс жоқ дерлік, қаптар мен жәшіктерді тасымайсың. Ал кешке қарай – сұмдық шаршағандық сезімі. Бұл қалай және неліктен болып жатады, ми энергияны шығындайды ма, әрі қалыпқа келудің қандай тәсілдері бар, Лайқос анықтап берді.
Ақыл-ой еңбегіне не жатады
Зейінді шоғырландыру, талдау жасау мен шешім қабыдауды талап ететін нәрселердің барлығы да ақыл-ой еңбегіне жатқызылады: кеңседегі жұмыс, білім алу, оқу, жоспарлау, мәтіндер және сандармен жұмыс істеу. Дене, тіпті, тыныш қалпында қала берсе де, ми бұл кезде үздіксіз жұмыс істейді.
Ақыл-ой жұмысы барысында қанша калория жұмсаймыз
Ми – ағзадағы ең көп энергияны жұмсайтын мүшелердің бірі. Орта есеппен алғанда ол, тіпті, тыныш күйінде де, ағзаның жалпы энергиясының шамамен 20% шығындайды екен. Ақыл-ойдың белсенді жұмысы барысында энергияның шығыны кішкене ұлғаяды.
Орта есеппен байсалды зияткерлік қызмет сағатына шамамен 70-100 ккал жұмсайды, ал жоғары зейін қою кезінде – 110-130 ккал дейін жетеді, яғни, асықпай серуендегенде болатын шығын секілді. Демек, ақыл-ой жұмысы калорияларды жағудың тәсілі болып есептелмегенімен, бұл адам ағзасына айтарлықтай салмақ түсіретіні рас.
Неге ақыл-ой еңбегінен кейін шаршағандық пайда болады
Баспен жұмыс істегеннен кейін болатын шаршағандық сезімі бұлшықеттен гөрі жүйке жүйесімен көбірек байланысты. Ми глюкозаны, нейромедиаторларды шығындайды және үнемі көңіл бөліп отыруды қажет етеді. Егер зейін қою қажеттілігі ұзақ уақытқа созылса, біз зейінді шоғырландыру қабілетін жоғалтамыз, әрі осы тұста ашушаңдық пен энергияны жылдам қалпына келтіруге деген ұмтылыс пайда болады – негізінен тамақтың арқасында.
Ақыл-ой еңбегінен дұрыс демалудың жолы
Ми үшін ең жақсы демалыс – бұл ешнәрсе істемеу емес, бұл белсенділікті алмастыру. Күні бойы қысқа үзілістер жасау, жеңіл қимыл-қозғалыс (мәселен, еріншектерге арналған жаттығулар), серуендер мен созылып-керілу жаттығулары қан айналымын жақсартуға және зейін қоюды қалпына келтіруге көмектеседі.
Бұл тұста міндеттерді алмастырып отыру, таза ауаға шығу мен үзілістер кезінде экран алдындағы уақытты шектеудің пайдасы орасан зор. Ұйқы жүйке жүйесін қалпына келтірудің басты әдісі болып қала бермек – дәл осы ұйқы кезінде ми «қайта жүктеледі» және алған ақпаратты өңдейді.
Қалыпқа келуге не көмектеседі
Думскроллинг, рилстер-тиктоктар мен түрлі міндеттерді орындау арасындағы «демалуға» деген талпыныстар шамадан тыс жүктемені тек күшейте түседі. Шаршауды тек қана кофе және жүрек жалғаумен өтеудің қажеті жоқ – бұл небәрі қысқа мерзімді әсер береді.
Қорытынды
Ақыл-ой еңбегі шынымен энергияны талап етеді және шаршағандықты туғызуда физикалық еңбектен кем түспейді. Калориялар шығыны айтарлықтай жоғары болмағанымен, ми жұмыс істеу қабілетін сақтау үшін тұрақты түрде демалуы керек. Бұл жердегі негізгі көмекшілер – ұйқы, белсенділік пен таза ауа.