Цифрлық детокс: шынайы демалысты ұйымдастырудың жолы
Таңертең ұйқыдан ояндың да, басталды: Твиттер, Инстаграм, Фейсбук, Телеграм… Барлығын тексермейінше – тыныштық жоқ: ешнәрсені жіберіп алмадым, енді әлем бақылауымда. Шыны керек, бұдан кейін өзіңді бір вагондардың жүгін түсіргендей сезінесің, тек бұл ақпаратқа толы вагондар. Осылайша, әлі төсегіңнен тұрмай жатып, эмоцияларға, соның ішінде бөгде адамдардың эмоцияларын жинап алғансың.
Бұлайша демалу мүмкін емес! Бір демалысты аламыз да, өзімізге эксперимент ретінде цифрлық детоксты ұйымдастырамыз. Біз бұл тәсілді сынап көрдік – сіздерге де байқап көруге кеңес береміз.
Цифрлық детокс не үшін қажет
- Стресcті азайту. Шексіз хабарламалар мен бақылауға келмейтін ақпарат ағыны адамға жағымсыз сыйлық сыйлайды – бұл мазасыздық пен шамадан тыс жүктеме сезімі. Егер осының бәрінен көңілді басқа нәрсеге аударсақ, ең әуелі мазасыздық күшейе түседі. Дегенмен содан кейін – ауыр ойлардан айығып кетесіз.
- Ұйқы сапасын жақсарту. Осыған дейін жазғанымыздай: экрандардың көк жарығы мелатониннің өндірісіне нашар әсер етеді де, осылайша ұйқы сапасы бұзылады. Ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын телефондарды, планшеттерді, ноутбуктарды алып қойғаныңыз абзал, оларды кітап немесе серуенге ауыстырғаныңыз жөн.
- Зейін қоюды арттыру. Алаңдататын факторларға толы бұл әлемде бір тапсырмаға көңіл тоқтату қиынға соғатыны сөзсіз. Цифрлық детокс зейінді қалпына келтіру мен өнімділікті жақсартуға көмектеседі. Сапалы демалыс күндер сізге тыныш әрі өнімді дүйсенбіні беретіні хақ.
- Қарым-қатынастарды жақсарту. Кейбір жұптарда мынадай келісім болады: бірге өткізетін уақыт аралығында гаджеттерді алып қою керек. Бұл өте керемет шешім: достарыңыз және жарыңыз арасындағы қатынастар көз алдыңызда жақсара түседі.
Цифрлық детокс: пайдасы
– Эмоционалдық тұрғыдан қайта қалыпқа келу. Егер сыртқы дауыстардан – жаңалықтар, хабарламаларды оқудан бас тартсаңыз, онда өзіңізге, жеке сезімдеріңіз бен ойларыңызға тиімдірек, яғни, алаңсыз назар аудара аласыз.
– Жасампаздықты дамыту. Гаджеттерсіз қиялыңыз қайта жұмыс істеп бастайды, айналадағы әлем жаңа идеялар мен шабыт сыйлайды.
– Денсаулыққа қамқорлық таныту. Смартфондар мен басқа құрылғыларды тұрақты түрде қолдану көздің шаршауына, мойын мен арқаңыздағы ауырсынуларға әкеліп соқтырады. Гаджеттерден бас тарту осы белгілерді төмендетуге, әрі хал-жағдайыңызды жақсартуға көмектеседі.
Цифрлық детоксқа қалай дайындалу керек
- Мақсатыңызды анықтаңыз. Цифрлық детоксты неліктен өткізгіңіз келетінін шешіңіз: стресті азайту үшін, ұйқыны жақсарту немесе өнімділікті арттыру үшін.
- Ережелерді орнатыңыз. Қандай құрылғыларды және қанша уақытқа өшіріп қоятыныңызды алдын ала ойластырыңыз. Мәселен, демалыс күндеріне смартфон, планшет және компьютерден бас тартуға әбден болады.
- Ескертулерді қойыңыз. Гаджеттерден бас тарту ниетіңіз туралы ұмытып қалмау үшін ескертпелерді жазыңыз немесе таймерлерді орнатыңыз.
- Айналадағы адамдарға хабарлаңыз. Өзіңіздің цифрлық детокста екеніңізді достарыңыз бен жақындарыңызға ексертіп қойыңыз, сонда олар сіздің хабарламаларға неге жауап бермей отырғаныңызды түсініп, сіз үшін уайымдамайтын болады.
Гаджеттерсіз не істеуге болады
- Табиғат аясында серуендеу. Таза ауаға шығыңыз, саябақ, орман немесе судың жанында қыдырып қайтыңыз. Табиғат тыныштандырады, бойыңызды еркін ұстауға көмектеседі.
- Кітап оқу. Көптен бері оқығыңыз келген кітапті қолыңызға алыңыз. Қағаз кітапты. Хабарламалары шығып тұрмайтын әрі ғаламтор желісіне шығу мүмкіндігінсіз. Бұл уақытты пайдалы өткізу мен әдебиет әлеміне шомудың керемет мүмкіндігі.
- Физикалық белсенділік. Спорт, йогамен айналысыңыз немесе керілу жаттығуларын жасаңыз. Бұл босаңсуға септігін тигізеді және көңіл-күйді жақсарта түседі.
- Медитация және релаксация. Жанға жайлы музыка, өзіңізге ғана арналған уақыт. Медитация кезінде, тіпті, ұйықтап та алуға болады –ал кейін жайлы оянуға да болады.
- Жақын адамдарыңызбен бірге уақыт өткізу. Күніңізді отбасыңыз немесе достарыңызбен бірге өткізіңіз, дәмді тағам дайындап, үстел ойындарын ойнаңыз.
- Шығармашылық. Сурет салыңыз, тоқып бастаңыз, кесте тігіңіз, өсімдіктерді қайта отырғызып шығыңыз.
Қорытынды
Цифрлық детокс — бұл тек гаджеттерден бас тарту ғана емес, сонымен бірге тынышталудың, босаңсудың, ойға шому және күш-қуатыңызды қалпына келтірудің тамаша мүмкіндігі. Демалыс күндері хабарламалар мен жаңалықтарды оқудан бірте-бірте бас тартып көріңіз, кішігірім қадамдардан бастасаңыз болады, сонда сіз өзіңіздің цифрлық әлем мен жеке өміріңізге деген қатынасыңыздың қалайша өзгергенін байқайсыз.